Химиялық байланыс және оның түрлері

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Химия пәнінің мұғалімі : Нартаева Гүлнұр Өмірзаққызы

Сабақтың тақырыбы : Химиялық байланыстың түрлері

Сабақтың мақсаты : Химиялық байланыспен танысу, коваленттік және иондық байланыстар ұғымдарын түсіну

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушыларға байланыс, коваленттік және иондық байланыс туралы ұғындыру;

2. Химиялық байланыс бойынша формула және есептеулер құрастыру дағдыларын дамыту;

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, еркін сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : өзіндік ойын(жауаптары беріледі), үшіншісі артық, миға шабуыл

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті тақта, химиялық элементтердің периодтық жүйесі, электрондық оқулық, бағалау парақшасы

Пән аралық байланыс : математика,физика

Күтілетін нәтиже : Химиялық байланыстар ковалентті, иондық, сутектік және металдық болатынын меңгерді және оларды бір-бірінен айыра алады

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Пайдаланылған модульдер

Ұйымдастыру

Саналу арқылы топтасу

Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

Бір-екіге саналу арқылы екі топқа бөлінеді.

Білу

1.Өзіндік ойын

№5 жаттығу орындау

Электронды оқулықтан қысқаша мағлұмат көрсету. Оқушыларға тапсырманы қағаз жүзінде таратып береді

Топ бойынша тапсырманы орындайды

ОЖӘ

Түсіну

Болжау әдісі

Оқушыларға қосылыстардың аттары беріледі, олардың формулаларын жазып, химиялық байланысын анықтап, дәлелдеме келтіруін сұрайды

Оқушылар мысалға қарап тапсырмаларды орындайды

ОЖӘ

АКТ

Қолдану

«Үшіншісі артық» әдісі

Оқушыларға үш қосылыс беріледі, соның ішінде бірдей химиялық байланысқандарын анықтап, үшінші артығын табу тапсырады

Төрт топ өздеріне берілген қосылыстардың арасынан артығын анықтайды

ОЖӘ

ЖЕСО

Сыни тұрғыдан ойлау

Талдау

Оқушыларға тапсырманы түсіндіре отырып,қағаздарды таратып береді

Берілген сұрақтарға топ бойынша жауап береді, келесі топ тексереді

АКТ

ЖЕСО

Жинақтау

Синквейн әдісі

Химиялық байланыстың бір түрін береді

Әр топ өздеріне түскен химиялық байланыс түрі бойынша түрлі қосылыстар құрады

ОЖӘ

Бағалау

Бағалау шкаласы: топ бойынша және жеке оқушыға

Кестені таратып береді

Кестені толтырады

ОЖӘ

Сыни тұрғыдан ойлау

Қорытынды

Үйге:Химиялық байланыстың түрлері

Тақырыптың соңындағы 7,11- тапсырмаларды орындау


© 2010-2022