Открыйтый урок по химии

"Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Металдар туралы түсінік беру. Олардың жалпы ортақ физикалық қасиеттерімен таныстыру, металдардың химиялық байланыстары туралы білімдерін жүйелеп тереңдету. Дамытушылық: Оқушыларды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып металдардың қасиеттерін салғастыра білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды үнемшілдікке, ұйымшылдыққа, батылдылыққа тәрбиелеу. Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Оқулық, жұмыс дәптері, Activ studio Professional бағдарламасы,. Көрнекілі...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектеп



Открыйтый урок по химии


Сабақтың тақырыбы: Металдық байланыс.

Сыныбы: 10 «Ә»

Өткізген: Мұхтарова Мақпал химия пәнінің мұғалімі




Қызылорда қаласы, 2013-2014 оқу жылы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Металдар туралы түсінік беру. Олардың жалпы ортақ физикалық қасиеттерімен таныстыру, металдардың химиялық байланыстары туралы білімдерін жүйелеп тереңдету.

Дамытушылық: Оқушыларды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып металдардың қасиеттерін салғастыра білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды үнемшілдікке, ұйымшылдыққа, батылдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке және топтық жұмыс

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Оқулық, жұмыс дәптері, Activ studio Professional бағдарламасы,.

Көрнекілік: интерактивтік тақта, слайдтар, плакат, суреттер, таратпа парақтары.

Пән аралық байланыс: математика, физика, қазақ тілі, география, тарих, экономика.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырман тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сергіту сәті.

  5. Практикалық кезең

  6. Сабақты қортындылау

  7. Оқушыларды бағалау

  8. Үйге тапсырма беру

  9. Сабақтың рефлексиясы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу және оқушыларды түгендеп, күнді тақтаға жазып қою

  2. Үй тапсырмасын пысықтау.

  3. Сыныпта жағымды ахуал туғызу, оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

Сабақ сайыс түрінде өтеді. Ол үшін топ 3 шағын топтарға бөлінеді. Топтардың аттары: 1-ші топ: Алтын 2-ші топ: Күміс 3-ші топ: Мыс

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын үй тапсырмасы тексеріліп, жаңа сабақтың тақырыбы анықталады. Жаңа сабақтың тақырыбы жасырылған сөзжұмбақ тақтада ілінулі тұрады. Тақырыпты табу үшін топтардан оқушылар шығып сөзжұмбақты шешеді. Тақырып анықталғаннан кейін оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.

Открыйтый урок по химии

Открыйтый урок по химии

ІІІ. Мұғалім металдар туралы қысқаша түсініктеме береді:

Металдар адамзат қоғамына ерте кезден бері белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруіне, қолдануына байланысты тарихта бүтіндей металдар дәуірлерінің аты қалды . Мысалы: мыс дәуірі, қола дәуірі.

Тас ғасырында алғашқы табылған металдар алтын және мыс болатын. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метеориттің сынығы арқылы танысты. Қазақстан аумағында да ерте кезде металдардан жасалынған көптеген бұйымдар табылды. Мысалы: Тайқазан (Түркістанда), «Алтын адам» (Есік қаласында).

Қазіргі адамзат қоғамының дамуы үшін металдардың маңызы орасан зор. Бүгінгі күні металдарды қолданбайтын өндіріс саласы жоқ. Оларды құрылыста, автомобиль жасауда, ұшақтарда, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданады.

Ал енді металдардың периодтық жүйедегі орналасуына келетін болсақ қазіргі белгілі болған 109 элементтің 87-сі металдар. Олар периодтық жүйенің барлық топтарында орналасқан. Мысалы: бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе, сызықтың астыңғы сол жағында орналасқан элементтердің барлығы металдар. Металдардың жалпы барлығына бірдей ортақ келесі физикалық қасиеттері бар:

  1. электр тоғын өткізгіштігі

  2. жылу өткізгіштігі

  3. металдық жылтырлығы

  4. иілгіштігі

  5. тапталғыштығы

  6. мөлдір еместігі

Осы жалпыға ортақ қасиеттерімен бірге олардың әрқайсысының өзіне тән қасиеттері де бар:

  1. балқу температурасы

  2. тығыздығы

  3. салыстырмалы атомдық салмағы

  4. түсі

  5. қаттылығы

  6. валенттілігі

Металдар табиғатта кеңіне таралған. Табиғатта таралуы бойынша :

  1. алюминий - 7,5%

  2. темір - 4,2 %

  3. кальций - 3,2%

  4. натрий - 2,4%

  5. калий - 2,3%

ІV. Сергіту сәті.

V. Практикалық кезең .

2 - тапсырма. Топтық жұмыс. Үш топты үш түрлі мамандарға бөледі.

І топ. Экономистер.

Химия + Экономика.

Металдар және оларды өңдеу еліміздің экономикасына қандай әсерін тигізеді?

Қойылған сұраққа жауап беруді топтағы оқушылар бірігіп шешеді.

Берілген уақыт біткен соң топтан бір оқушы шығып жауап береді. Сұраққа

дұрыс толық жауап берсе 5 ұпай, толық жауап бермесе, төмен ұпай беріледі.

ІІ топ. Қазақ тілі мамандары.

Химия + Қазақ тілі.

Топқа бір металл беріліп, олар осы берілген металл туралы шағын әңгіме жазады. Әңгімені топтағы оқушылар бірігіп ақылдаса отырып жазады. Берілген уақыт біткен соң әңгімені топтан бір оқушы шығып оқып береді. Сұраққа дұрыс толық жауап берген топқа 5 ұпай, толық жауап бермесе, төмен ұпай беріледі.

Топқа берілетін металдар келесідей:

Никель, қорғасын, алтын, күміс

ІІІ топ. Географтар.

Химия + География.

Қазақстанның қай облыстарында қандай металл өндіретін зауыттарды білесіңдер? Топтағы оқушылар бірігіп, интернеттен сұраққа жауап іздеп, ақылдаса келе жауап береді. Сұраққа дұрыс толық жауап берген топқа 5 ұпай, толық жауап бермесе, төмен ұпай беріледі.

3 - тапсырма. Практикалық жұмыс. Топтарға берілген реакция теңдеулерін аяқтау.

І топ

Открыйтый урок по химииMg + H2SO4

Открыйтый урок по химииAl + HCl

Открыйтый урок по химииNaCl + AgNO3

ІІ топ

Открыйтый урок по химииAg + HNO3

Открыйтый урок по химииZn + H2SO4

Открыйтый урок по химииHCl + AgNO3

ІІІ топ

Открыйтый урок по химииFe + CuSO4

Открыйтый урок по химииLi + H2SO4

Открыйтый урок по химии BaCl2 + AgNO3

4 - тапсырма. Есептер шығару.

І топ.

Массасы 50 г кальций карбонаты мен тұз қышқылы әрекеттескенде неше литр (қ.ж) көміртек (ІV) оксиді бөлінеді?

ІІ топ.

Мөлшері 0,2 моль тұз қышқылы кальций карбонатымен әрекеттескенде неше грамм кальций хлориді түзіледі?

ІІІ топ.

Көлемі 5,6 л (қ.ж) көмірқышқыл газы кальций гидроксидімен әрекеттескенде неше моль кальций карбонаты түзіледі?

VІ. Сабақты қортындылау.

Металдық байланыс дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру арқылы анықтама беріледі. Жауапты топтағы оқушылар бірігіп ақылдаса отырып жазбаша түрде береді. Берілген уақыт біткен соң анықтаманы топтан бір-бір оқушы шығып оқып береді. Сұраққа дұрыс толық жауап берген топқа 5 ұпай, қалғандарына одан төмен ұпай беріледі.

VІІ. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды бағалау үшін алған барлық ұпайлары саналады. Оқушылардың берген жауаптарын бағалау қызыл, жасыл, сары түсті карточкалар арқылы жүріледі. Қызыл карточка - 5 ұпай, жасыл - 4 ұпай, сары - 3 ұпай.

VІІІ. Үй тапсырмасы.

Күнделікті өмірде қолданатын ас тұзының құрамында қандай металл бар

екендігін анықтап, ас тұзының химиялық формуласын жазып келіңдер.

ХІІ. Сабақтың рефлексиясы.

-Сонымен оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қалайша?

-Сабақта нені түсінбедіңдер?

- Осы алған білімдерің өмірде қажет па?

-Қажет болса не себепті?



Открыйтый урок по химии












Открыйтый урок по химии













Открыйтый урок по химии













Открыйтый урок по химии













Открыйтый урок по химии















Открыйтый урок по химии

© 2010-2022