Спирттер

Байқоңыр  қаласы   №6 М.Әуезов  атындағы орта  мектебінің  химия пәнінің мұғалімі Бақтілеуова Гулдана Арынғазиевна Сабақтың тақырыбы   «Спирттер»  Сабақтың типі          аралас сабақ  Сабақтың түрі          дәстүрлі Сабақтың  білімдік мақсаты Оқушыларға спирттер туралы, олардың алынуы, физика және химиялық қасиеттері мен қолданылуы туралы түсінік беру. Сутектік байланыс туралы айту. Жаңа түсініктерге тоқталып, олардың мәндері түсіндіру, функционалдық топтар, атомдылық,  алканолдар, ферменттер, алкаголь, алкоголизм, оның зардабы туралы  ескерту. Сабақтың дамытушылық мақсаты оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту, оқушылардың өзіндік жұмысқа үйрету, ізденімпаздыққа, белсенділікке, жұмысқа жауапкершілігін арттырып, оқушылардың ойлау және еске сақтау қабілетін дамыту. Сабақтың тәрбиелік мақсаты экологиялық, экономикалық тәрбие беру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспарындағы « Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» бөлімімен таныстырып, спиртті заттардың қандай зиян келтіретіні туралы, әсері жөнінде түсінік қалыптастыру, болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан спиртті ішімдіктерден өздерін аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СпирттерБайқоңыр қаласы

6 М.Әуезов атындағы орта мектебінің

химия пәнінің мұғалімі

Бақтілеуова Гулдана Арынғазиевна


Сабақтың тақырыбы §47 «Спирттер»

Сабақтың типі аралас сабақ

Сабақтың түрі дәстүрлі

Сабақтың білімдік мақсаты Оқушыларға спирттер туралы, олардың алынуы, физика және химиялық қасиеттері мен қолданылуы туралы түсінік беру. Сутектік байланыс туралы айту. Жаңа түсініктерге тоқталып, олардың мәндері түсіндіру, функционалдық топтар, атомдылық, алканолдар, ферменттер, алкаголь, алкоголизм, оның зардабы туралы ескерту.

Сабақтың дамытушылық мақсаты оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымдық қабілеттерін дамыту, оқушылардың өзіндік жұмысқа үйрету, ізденімпаздыққа, белсенділікке, жұмысқа жауапкершілігін арттырып, оқушылардың ойлау және еске сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты экологиялық, экономикалық тәрбие беру.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспарындағы « Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» бөлімімен таныстырып, спиртті заттардың қандай зиян келтіретіні туралы, әсері жөнінде түсінік қалыптастыру, болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан спиртті ішімдіктерден өздерін аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: компьютер, мультиэфипроектор,спирт шамы, пробирка, металл натрий, мыс сымы,спирт, плакаттар

Сабақтың жоспары:

І. Өткенді қайталау. 1 слайд

Оқушылар үйге берілген тақырып бойынша төмендегідей тапсырмаларды орындайды:

1. «Сәйкес жауапты тап» 2-3 -слайд

2.«Зерттеу, ізденіс,шығармашылық» айдары бойынша 4 слайд

  • « Мұнайдың Қазақстан экономикасындағы маңызы»,

  • «Мұнайдың Қазақстан экологиясына және қоршаған ортаға әсері»

  • «Мұнайдың Қазақстандағы пайдалы қазбалары»

ІІ. Жаңа білімді игеру кезеңі.

1. «Рольдік ойын»(дәрігер,тәртіп қызметкері,экономист)

Оқушылар спирттер туралы дайындаған хабарламаларымен таныстырады.

Химик. 7-11 слайдтар бойынша спирттердің құрылысын, құрамын, қасиеттерін түсіндіреді.

Алынуы:

Химиялық , физикалық қасиеттері:

Қолданылуы:

Бекіту: Біз бүгін не үйрендік?

Тест сұрақтары бойынша:

Есеп шығару: №6 жаттығу.

Қорытынды: «Шешендік өнер»-пікірталас «Спирттің пайдасы мен зияны».

Үйге тапсырма: §47 Спирттер. 6- жаттығу.

«Маскүнемдік - мемлеткеттік дәрежеде мән берілетін дерт» (эссе) жазу.

1Дәрігерге сөз беріледі:

Спирт миға сіңіп, жүйке жасушаларын уландырады, одан ақыл-ой, сөз ойлау қабілеті бұзылады да, рухани ауыр халге ұшырайды, сөйтіп дел-сал болады. Спирт- асқазан жолының қілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара- гастрит пайда болады. Бауырда спирт ыдырағанда оған күш түсіп, беріш /цирроз/ ауруына душар етеді.

Дәрігерлердің тәжірибесіне жүгінсек, үнемі ішімдікпен айналысқан ата-аналардан туатын нәрестелердің 40 проценті жүрек ауруына шалдығып туатыны анықталды. Егер ана бала емізу үстінде ішімдікке салынса да, ана сүті арқылы бала уланады, нәрестенің әлі ортаға бейімделіп, қалыптасып үлгермеген нерв талшықтары әлсіреп, сыртқы әсердің өзінен-ақ түрлі ауруларға шалдығуғу бейім тұрады. Өкпе, бауыр, жүрек,ішек ауруларына және эпилептикалы ұстама ауруына душар болады. Ішімдік қолданған аналардың өмірге келер ұрпаққа қандай зиян келтіретіндігін арнаулы зерттеу жүргізген ғалымдардың бақылауынан да көруге болады. Мәселен, француз дәрігері Демме маскүнем 10 семьяның үрім-бұтағын зерттеген.Сонда оларда 28 жылда туған 57 баланың жартысына жуығы бір жасқа дейін 25 бала өлетіндігі анықталды. Қалған 32 баланың бесеуі қояншықпен ауырған, бесеуі жарымес, 12-сі есуас болған,тек қалған он бала ғана дұрыс өскен.

  1. Тәртіп қызметкері сөз беріледі:

Маскүнемдерден туған балалардың 38%-ы кемтарлыққа душар болып, баланың өлімі басқа отбасымен салыстырғанда 2-3 есе жиі кездеседі. Ақылы кеміс балалардың 90-% ның әке-шешесі спиртті ішімдікке әуес екені анықталған. Барлық қайғы мен сордың басы осы спиртті ішімдіктен басталады. Ұрлықтың 55 %-ы, тонаудың 79%-ы, шабуыл жасаудың 69-%-ы адамның мас кезінде жасалатыны анықталған.

2. «Шешендік өнер» - пікірталас

Оқушылар «Экономисттер» және «экологтер» болып екі топқа бөлінеді.

«Экономисттер» « Спирттің пайдасы» туралы айтып, оның экономикалық маңызына және пайдалы жақтарына тоқталады:

Этиленгликоль- автомобиль радиаторларында антифриз /судың қату температурасын төмендеткіш/ ретінде;

Глицерин-қопарылғыш, бояу, дәрі-дәрмек, парфюмерия өндірісінде қолданылады.

Ылғалды жақсы тартатындықтан этиленгликоль мен глицерин тері өндеуде, металдарды бояуда, кондитер өндірісінде, дәрілік майлардың негізі ретінде кеңінен пайдаланылады.

«Спирттің зияны» туралы «экологтар» тобы пікірлерін ортаға салады.

Біздің ата-бабаларымыз көбінесе қымыз ішкен. Арақ адам экологиясына , ар-ожданға, жеке адамдардың қоғамда өмір сүруіне, болашаққа зор үмітпен қарауға үлкен нұсқан келтіруде. Қоғамымызда ақыл-есі, дене мүшесі кем балалар өмірге келуде. Көзқарасы бұлыңғыр, ар-ожданна айырылған адамдар көбейіп кетті. Арақтың әсерінен қазақ халқының тегі бұзылуда. Мұнымен біз республика деңгейінде күресуіміз керек. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдануында « Алкоголь мен темекіні тұтынуды қысқарту және дені сау болашақ қоғам иелерін тәрбиелеу керек» делінген. Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкогольге салық енгізу, алкоголь мен темекіні жарнамалауға барлық жерде және түпкілікті тыйым салынуы тиіс. Шылым шегу мен арақ ішу терең ойластырылып, асыра сілтеушілікке ұрынбай біртіндеп қоғамдық орындардан ығыстырылуы қажет.Мұны басқаларға үлгі болу үшін мемлекеттік мекемелерден бастаған жөн.

ІІІ. Пысықтау «Біз сабақта не үйрендік?» /12 слайд/

Тест тапсырмаларын орындау.

ІІ. Үйге тапсырма

§ 47 Спирттер. 6- жаттығу.

«Маскүнемдік - мемлеткеттік дәрежеде мән берілетін дерт» (эссе) жазу


© 2010-2022