• Преподавателю
  • Химия
  • Сабақ жоспары (8сынып) Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі

Сабақ жоспары (8сынып) Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлін қарастыру

Дамытушылық: Оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан-жақты тіршілікті тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа,қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: сызбалар.

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, СТО-стратегияларының әдістері.

Формасы: жеке, топтық.

Сабақ типі: аралас

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпты түгелдеу.

1) Адам ағзасында қандай химиялық элементтер кездеседі, қандай мөлшерде?
(зерттеуші - ғалым).
2) Адам организміне қажетті негізгі элементтер және олардың жетіспеушілігі салдарынан қандай аурулар туындайды? (биолог-ғалым).
3) Микроэлементтер қандай тағамдарда кездеседі? (диетолог-дәрігер).
4) Адам ағзасына жаһандану үдерісінің әсері.

1) Адамның денесі: 33 кг оттек + 9 кг көміртек + 5 кг сутек + 1,5 кг азот + 800 г кальций + 500 г фосфор + 180 г калий + 130 г күкірт + 80 г натрий + 80 г хлор + 25 г магний + 4 г темір + 0,02 г йодтан құралып, нәтижесінде тірі ағзаны толтырады. Ағзаның қалтқысыз жұмыс істеуі үшін оған сәл-пәл мыс, мырыш, марганец, кобальт, литий, стронций, алюминий, кремний, қорғасын мен күшала қажет.. Пайызбен есептегенде 65% - оттек.
Оттек - ағзаның үштен екі бөлігін құрайды, негізінен судың құрамында. Оның үстіне әрбір дем (ауа) тартқан сайын ағзаға түседі.
18% көміртек - дененің 1/5 жуығын толтырады. Көмір, алмас және қарындаштың өзегі осы элементтен тұрады, көміртек атомдары ұзын тізбектер құрайды. Олар ағзадағы күрделі молекулалардың арқауы болып табылады.
10% сутек - ғаламшарымызда ең көп тараған элемент және ең кішкентай атомдар. Газ тәріздес сутек қабырғалардың арасынан өте алады және ауада қалықтай береді. Сондықтан біз әуе шарларын (оның оңай жарылатыны анықталғанға дейін) үрлейтін болдық.
3% азот - адамның денесінде қанша азот болса, бір қап тыңайтқышта да дәл сондай азот бар. Азот - біздің бұлшықеттеріміздің маңызды элементтерінің бірі. Ол ауаның басты компоненті.
1% фосфор - бұл элемент сіріңкенің ұшын тұтатады. Фосфор тісті және сүйектерді қатайтады, жасушалар мембранасының құрамдас элементі болып табылады, энергияны тасымалдауға көмектеседі.
0.35% калий - ағзадағы сұйықтардың химиялық тепе-теңдігін ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
0,15% хлор - жасыл түсті улы газ, ағзада натрий қосылысы тұз түрінде болады.
0,15% натрий - натрий хлоридінің құрамына кіреді. Оның арқасында ағзадағы барлық сұйық заттар теңіз суы сияқты, дәл сондай тұзды.
0,15% магний - магний жанған кезде отшашулардың жаққан ақ жарығыпайда болады. Ағзадағы магний иммундық жүйені ұстайды және жүйке мен бұлшықеттердің жиырылуына көмектеседі.
0,25% күкірт - ақуыздың аса маңызды құраушысы болып табылатын күкірт қанның ұюына көмектеседі. Ол газдар шығу кезіндегі жағымсыз иісті, шіріген жұмыртқаның және ағынсыз судың иісін сездіреді.
1,6% кальций - ұлу қабыршақтарын, бор мен мәрмәрді қатайтады. Ал тірі ағзада сүйектің, тісіңе дәл сондай қызметін атқарады. Кальций жүректің соғуына, бұлшықеттің жиырылуына көмектеседі.
0,008% темір - қандағы темір бір шеге жасауға да жетпейді. Темір оттекпен қосылғанда қып-қызыл болады, сондықтан қан мен тат қызыл түсті.
0,00004% йод - ағзада бір тамшы ғана йод бар, бірақ онсыз ағза семіп қалар еді. Йодты бақа-шабақтарға беріп көріңіз, сонда олар бақаға айналады.

2) Ағзада темір жеткіліксіз болғанда өмірге келетін ұрпақ сапалы болмайды. Сондықтан да болашақ аналар және барлығымыз ағзада темірдің мөлшерін жеткілікті етуге әрекет еткеніміз жөн. Ана бала ағзасында темірдің жетіспеу белгілерін білуі тиіс. Темір жетіспесе баланың өңі жүдеу, беті шырайсыз, терісі сырқат, бас ауруы жиі, ашуланшақ, тыныс алуы үстірт және жиі болып келеді. Ондай балалар әр түрлі ішек - қарын ауруларына, іштің қатуына шалдығып, оларды жүрек айну және құсу мазалап, кейінірек терісі мен шаштары трофикалық өзгерістерге ұшырайды.
Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы. Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық , белсіздік және ақыл-ой кемістігі.

3) Анемияның ауыр түрі тағамның құрамында темірдің жеткіліксіз болуынан болып қана қоймай, сонымен қатар В тобындағы, әсіресе В12, В9 және С дәрумендерірінің тапшылығынан да болады.

Бұршақ Асбұршақ , Бауыр Қалақай \темір\ Сары май Қара өрік Жүзім

Фосфор тұздары-Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысуымен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы-оденозинүшфосфат қышқылы мен креатин- биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады.

Лобия 541мг Балық Бұршақ329мг Қарақұмық 298мг Ет 150-200мг , Қара нан, сүт, сірне, Қырық қабат 100-200мг 400-600мг 31мг

Калий- Табиғатта кең таралған, жылтыр, жұмсақ, белсенділігі жоғары болғандықтан тек қосылыс түрінде кездеседі, жануарлар ағзалары мен өсімдік тіршілігіне қажетті элемент.
Калийдің басты қызметі- бұлшықеттерді қалыпты жағдайда ұстау, әсіресе, жүрек бұлшықеттерін шыңдау,шынықтыру.

Жаңғақ Картоп Алхоры Алма Қырық қабат Жүзім Қызыл қарақат Қара қарақат

Элементтерді тірі ағзалардағы ортрша мөлшеріне қарай үш топқа бөлінеді:
3). 1.Макроэлементтер (оттек,сутек,көміртек,азот,фосфор,күкірт,кальций,магний,натрий және хлор.) ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.
2.Микроэлементтердің (иод,мыс,күшән,фтор,бром.стронций,барий,кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.
3.Ультрамикроэлементтер-сынап,алтын,уран,торий,радий және т.б.
Оларың ағзадағы мөлшері 15%-дан
Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір суруі үшін қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер.Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гармондар құрамына кіреді:H,O,Ca,N,K,P,Na,S,Mg,Cl,C,I,Mn,Cu,Co,Fe,Zn,Mo,V. Олардың
жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
2.Қосымша элементтер.Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады:Cd,Sb,Sr,Br,F,B,Ве,Li,Sі,Sn,Cs,Al,Ba,Cl,As,Rb,Pb,Ra,Bi,Сd,Сr,Ni,Ti,Ag,Th,Hg,V,Se.Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелген.
3.Өте аз элементтер.Адам және жануар ағзаларынан табылған,мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Қорытынды. Қоршаған ортаның адам организміне әсері.
Соңғы жылдарда әсемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элеменнтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететені анықталған .Химиялық әлементтердің табиғатта таралу жағдайына жасалған зерттеулер бойынша жердің массаының шамамен 50%-ын оттек,25%- дан астамын кремний құрайды.Он сегіз элемент-оттек,кремний,алюминий,темір,кальций,натрий,магний,сутек,титан,көміртек,хлор
Фосфор,күкірт,азот,марганец,фтор,барий- жер массасының 99.8%-ын құраса ,ал қалған 0.2%-ы барлық басқа элемнттердің үлесіне тиеді.


4. Бағалау.

Үйге тапсырма: «Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі» тақырыбында реферат жазу

© 2010-2022