• Преподавателю
  • Химия
  • Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»

Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»

Сабақтың тақырыбы: Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға еріген заттың массалық үлесі және ерітіндінің концентрациясы туралы түсінік қалыптастырып, оны есептеуге және іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: кітаппен жұмыс, есептер шығару.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайд, химиялық элементтердің периодтық жүйесі, ерігіштік кестесі.
Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі :Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

Білімге қолма-қол ақша. Ой толғау үшін ломбард дегенді қалай түсінеміз? Оқушылар өз ойларын айтады. Адамдар тұрмыстық қажетін өтеу үшін ломбардқа барып асыл тастарын, бағалы заттарын өткізіп ақша алады. Кейін материалдық жағдайы көтерілгенде пайызымен қосып ломбардтан алған ақшасын өткізіп өз заттарын қайтып алады. Оқушылар өз заттарын өткізеді. Ақша табу үшін бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды орындайды.

ІІ.Үй жұмысын пысықтау: Әр сұрақ 10 теңге тұрады. Неше сұраққа жауап береді сонша теңге алады.

  1. Судың адам өміріндегі маңызы?

(Су-адам өмірінде оттекттен кейінгі екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам денесінің 65-70% -ын су құрайды. Сусыз тіршілігімізді елестету мүмкін емес. Сусыз тіршілік жоқ.)

  1. Ерітінді дегеніміз не?(еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын біртекті жүйе)

  2. Суды қолданылатын мақсатына қарай тазарту әдістерінің қандай түрлері бар?(айдау, тұндыру, сүзу)

  3. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер дегеніміз не?

(Берілген температурада одан әрі зат ерімейтін ерітінді қаныққан, ал одан әрі зат ери алатын ерітінді қанықпаған деп аталады)

5.Судың қандай үш жағдайы болады? (қатты, сұйық, газ)

  1. Судың құрамы, формуласы. (формуласы Н2О сутек және оттек атомдарынан тұрады )

  2. Адам баласы тәулігіне неше литр су ішу қажет?(2 л)

  3. Ауыз су қалай тазартылады?(Суды тазалу үшін. Алдымен құмнан, саздан және ерімейтін қоспадан тазарту үшін суды арнайы хауыздада тұндырады. Сонан кейін сүзгіден өткізеді. Осыдан кейін ауру тудырушы микробтарды және бактерияларды жою үшін хлормен немесе озонмен зарарсыздандырады. Суды толық зарарсыздандыруүшін бір тонна суға ең кем дегенде 0,7 г хлор қажет.)

  4. Іс жүзінде ерітінділер нешеге бөлінеді? (жақсы еритін, аз еритін, ерімейтін)

  5. Осы жақсы еритін, аз еритін, ерімейтін заттарды қалай түсіндіресіңдер?

(Бөлме температурасында 100г суда 10г-нан артық зат ерісе, онда жақсы еритін, ал егер 1г-нан кем зат ерісе, онда аз еритін, егер еріген зат шамасы 0,01г-нан төмендеп кетсе, онда іс жүзінде ерімейтін заттар деп саналады.)

1. Судың химиялық қасиеті?

А) Су белсенді металлмен әрекеттесіп, сілті және сутек газын бөледі.

2 Na + 2 H2O = 2NaOH + H2

Ә) Белсенді металл оксидтері сумен тікелей әрекеттесіп, негіздерді түзеді:

Na2O + H2O = 2NaOH

Б) Бейметалл оксидтерімен әрекеттесіп, қышқыл түзеді.

SO3 + H2O = H2SO4

2. Дистилденген су дегеніміз не? (еріген заттардан тазарған су)

3. Газдардың ерігіштігін кім айтады? (температура төмендегенде және қысым жоғарлағанда газдардың ерігіштігі артады)

4. Судың физикалық қасиеттерін сипатта. (түссіз, дәмсіз, мөлдір сұйықтық)

5. Дистилденген суды кәдімгі судың орнына ішуге болмайды себебі не?

(себебі ол дәмсіз, асқазанның және ішектің ішіндегі тұздарды ерітіп жібереді. Асқазан ауруына шалдықтырады)

III. Жаңа сабақты меңгерту:

Химияда суда еріген зат пен еріткіштің арасындағы сандық қатынасты анықтау үшін ерітіндінің концентрациясы деген ұғым енгізілген.

Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады.

Ерітінді концентрлі және сұйылтылған болып бөлінеді. Егер ерітіндінің ішінді еріген зат мөлшері аз болса - сұйылтылған, көп болса - концентрлі ерітінді деп аталады.

Ерітіндінің концентрациясын химияда әр түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы, пайыздық, молярлық, т.б. Ерітіндінің концентрациясын көрсететін ең қарапайым әдіс пайыздық концентрацияны қарастырайық. Ерітіндідегі еріген заттың массасы массалық үлеспен(ω омега) өрнектеледі.

Еріген заттың массалық үлесі деп еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасымен өлшенетін шаманы айтамыз. Оны пайыз ( %) есебінде береміз.

1. Массалық үлес бірліктерімен: а) ω = Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»

немесе процентпен өрнектеледі: ә) ω%=Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»

Ерітіндінің пайыздық концентрациясына есептеулер:

1-есеп. 20г зат 90г ерітіндіде болса оның массалық үлесі қандай?

Берілгені: Шешуі:

m(зат)=20г

m(ер.ді)=90г ω%=Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі» ω%=Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі» = 22Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі»

т ̸ к: ω - ?

2-есеп. Тұздың 15%-дық 200 г ерітіндісін даярлау үшін қанша тұз және қанша су қажет?

Берілгені: Шешуі:

m(ер.ді)=250г ω%=Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі» осыдан m (еріген зат)= Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі» =30г тұз қажет

ω= 15% m(H2O)=m (ерітінді) - m (еріген зат) = 200г - 30г =170г су

mтұз -? mсу -?

IV. Бекіту сұрақтары:

  1. Ерітінділердің концентрациясы дегеніміз не?

  2. 30г тұзды 170г суда еріткенде түзілетін ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болады?



  1. Ерітінді нешеге бөлінеді?

  2. Тұздың массасы 100г судағы ерітіндісін суалтқанда ыдыста 15г тұз қалды. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болғанын табыңдар.





  1. Массасы 20 г тұзды 180г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.

  2. Еріген заттың массалық үлесі деген не?

V. Бағалау: Оқушылар ломбардтан алған ақшасын өткізіп өз заттарын қайтып алады. Жинаған ақшаның құнына қарай бағаланады.

VI. Үйге тапсырма беру: §38. Есептер жинағынан: 3-26; 3-28;





Көлемі 130 мл суда (тығыздығы 1г/см3) массасы 20 г тұз ерітілді. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.

20%-тік 120г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз бен су алу керек?

25%-тік 250г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз бен су алу керек?

Көлемі 130 мл суда (тығыздығы 1г/см3) массасы 20 г тұз ерітілді. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.

20%-тік 120г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз бен су алу керек?

25%-тік 250г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз бен су алу керек?


  1. Ерітінділердің концентрациясы дегеніміз не?

  2. 30г тұзды 170г суда еріткенде түзілетін ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болады?


  1. Ерітінді нешеге бөлінеді?

  2. Тұздың массасы 100г судағы ерітіндісін суалтқанда ыдыста 15г тұз қалды. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болғанын табыңдар.


  1. Массасы 20 г тұзды 180г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.

  2. Еріген заттың массалық үлесі деген не?





© 2010-2022