Сабақ Химиялық элементтер, салыстырмалы атомдық масса

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Химия пәні мұғалімі Жаниярова Самалдың қысқа мерзімді жоспары

8 сынып

Сабақ

Сабақтың атауы

Химиялық элементтер , олардың таңбалары. Салыстырмалы атомдық масса.

Сілтеме

Интернет, 8 сыныпқа арналған химия оқулығы, химия есептер жинағы, (Power Point презентация )

үлестірме материалдар.

Жалпы мақсаты

Атом жайлы алған білімдерін нақтылау. Химиялық элемент және оның таңбасы туралы мағлұмат беру.

«Химиялық элемент» пен «жай зат» айырмашылығын білу. Металдар мен бейметалдарды қасиеттерін білу.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Химиялық элементтер туралы мағлұмат алады. Элементтердің атын, таңбасын, латынша атын біледі. «Химиялық элемент» пен «жай зат» ұғымын түсінеді. Металдар мен бейметалдарды ажырата алады.

Пәнге қызығушылығы артады. Ақпарат жинайды. Топта өз ойларын еркін айтып,ізденісі, шығармашылығы артады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Білімге, жаңалыққа, зерттеуге құштарлығын ояту, шығармашылығын арттыру.

Тапсырмалар

1.Түсті қаламдар арқылы 3 топқа бөлу.

2.Оқушылар ойластырған жұмбақ жасыру, ертегі желісі бойынша көрініс қою,презентация қорғау.

3.Ақпарат көздерінен,өз бетімен ақпарат жинау, оқу, талдау, талқылау.

4. Танысқан ақпарат бойынша бір- біріне 3 сұрақ дайындау, сұрақтарға жауап беру.

5. Полиглот ойыны

6. Формативті бағалау, бағалау парағы арқылы оқушылар өз-өзін бағалайды. Мұғалім жиынтық баға қояды.

7. Рефлексия «Кері байланыс парағы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Мұғалім немен айналысады

Оқушылар немен айналысады

1.

Оқушыларды топқа бөледі.

Үй тапсырмасын сұрайды

Қаламдарының түстеріне байланысты отырады.

1 топ. өздері құрастырған жұмбақ жасырады.

2 топ .Атом , молекула ертегі желісі бойынша көрініс қояды.

3 топ .Атом, молекула презентация қорғайды.

4 топ.Жай және күрделі заттар презентация қорғайды.

2.

Элемент туралы не білесіңдер? Деген сұрақ қояды.

Сұрақ төңірегінде оқушылар жеке өз ойларын еркін жеткізеді

3.

Ақпарат көздерінен жаңа тақырыпқа байланысты материал іздеу.

Химиялық элементтер, металдар мен бейметалдар олардың айырмашылығы, «химиялық элемент» пен «жай зат» ұғымы

Оқушылар жеке-жеке ақпарат көздерінен оқып, танысады, содан соң жұпта, топта бірлесіп талқылап жұмыс жасап, бір- біріне, түсіндіреді, талқылайды, сұраққа жауап бере отырып, зерттеушілікпен айналысады.

4.

Жаңа білімді игеру туралы білімдерін сұрақ қою арқылы тексереді.

Химиялық элементтер, металдар мен бейметалдар олардың айырмашылығы,

Сұраққа жеке ойланып, жауап береді, бір- бірін түзейді,пікірталасқа түседі.

5.

Топтар бір- біріне 3 сұрақтар дайындау.

Сұрақтар дайындайды, сұрақтарға жауап береді. Фишкалар арқылы бағаланады.

6.

Полиглот ойыны 5 элементтің қазақша, орысша, латынша аттарын жазу. Элементтердің салыстырмалы атомдық массасын табады.

Оқушылар жұптасып, топтасып пікірлесе отырып, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде қағазға түсіріп, қорғайды.

7.

Химиялық элементтер туралы не білдіңдер? Осы білімдеріңді қкүнделікті өмірде қайда қолданар едіңдер?

Оқушылар сұраққа жауап береді. Металдардың, бейметалдардың, элементтердің қолдануын өмірмен байланыстырады. Өз ойларын білдіреді.

8.

Сабақ барысында бағалау парағы негізінде оқушыларға жиынтық баға қояды.

Топ басшылары критерий лер бойынша топ мүшелеріне баға береді.

9.

Кері байланыс парағы таратылады

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Дерек көздер және жабдықтар: Интернет, 8 сыныпқа арналған химия оқулығы, химия мектепте журналдары,химия есептер жинағы,

үлестірме материалдар.

Кейінгі тапсырмалар

Химиялық элементтер , олардың таңбалары. Элементтерді жаттау, 1- 41 жаттығу

Кейінгі оқу

Қосымша деректер. Химиялық элементтер. Металдар мен бейметалдардың адам өміріндегі маңызы.







© 2010-2022