Урок Сутек, химиялық элемент және жай зат

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок Сутек, химиялық элемент және жай затУрок Сутек, химиялық элемент және жай затУрок Сутек, химиялық элемент және жай затУрок Сутек, химиялық элемент және жай затСыныбы 8а

Күні 11.02.2015ж пәні химия пән мұғалімі: Ш.Т.Садвакасова

Сабақтың тақырыбы

Сутек - химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары

Сілтеме

8 сынып «Химия» оқулығы

Жалпы мақсат

Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту

Болжамданған нәтиже

1.Өз беттерімен тақырыпты меңгереді.

2.Сыни ойлау дағдылары артады

3.Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдылары қалыптасады

Туындаған идея

Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігі қалыптасады және сутектің табиғатта таралуы туралы түсіндіре алады.

Сабақ кезеңдері

І.Ұйымдастыру. (Амандасу, топқа бөлу),

психологиялық ахуал туғызу

ІІ.Өткен тарауды пысықтау

1. Сұрақ - жауап:

1) Оксидтер дегеніміз не? Мысал келтір.

2)Аллотропия дегеніміз не?

3) Ауа қандай газдар қоспасы?

4)Оттегінің тіршілік үшін маңызы қандай?

5) Озон және озон қабатының тіршілік үшін маңызы қандай?

6)Реакцияның жылу эффектісі дегеніміз не?

7)Экзотермиялық реакция деп қандай реакцияны айтады?

8) Эндотермиялық реакция деп қандай реакцияны айтады?

9)Термохимиялық теңдеу дегеніміз не?

2.Семантикалық кестені белгілеу:


Vm

Айры

лу реак-циясы

Термо-химия-лық теңдеу

Ок-

сид

Эндо-тер-мия-лық

тең-деу

Экзо-тер-мия-лық

тең-деу

Моляр-лық

көлем

D

2H2O =

2H2 + O2 - Q









m*Vm / M









СаСО3 = CaO + CO2









C + O2 =

CO2 +393кДж









г/моль









Р2О5









М /М1









С2Н4 + 2О2 =

CO2 + 2H2O + Q









3.»Есеп шығара білгеннің есебі түгел» дегендей, есеп шығарайық:

І топқа:

Оқушының аты-жөні

т/к

Бер:

m

v

V

N

SO2

0,2 моль

CH4

5,6л

NO

3,01*1023

O2

1,6г


ІІ топқа:

Оқушының аты-жөні

т/к

Бер:

m

v

V

N

SO3


CO

0,2 моль

NO2

2,5л

CI2

1,501*1023

ІІІ топқа:

Оқушының аты-жөні

т/к

Бер:

m

v

V

N

HCI

2,4л

Br2

2,6г


NH3

1,8*1023

PH3

1,5 моль

ІҮ топқа:

Оқушының аты-жөні

т/к

Бер:

m

v

V

N

С2H2

4,2г


NO

4,5л

CO

0,602*1023

H2

0,5 моль

Жауаптары:

ІІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

«Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

Ғаламшарда 92 пайызбын.

Бармын газ бен көмір,мұнайда,

Болашақта өзім отын бола алам.

Слайд (әуе шары) бойынша сұрақтар:

  1. Неліктен шар жоғарыға көтеріліп тұр?

  2. Бұл слайдтың біздің тақырыбымызға қандай қатысы бар?

  3. Ең жеңіл газ қандай?

ІҮ.Жаңа сабақ

1.Сутекке сипаттама

Химиялық таңбасы Н, ол "аш" деп оқылады. Салыстырмалы атомдық массасы 1,008. Жай зат түзетін газ күйіндегі сутек - екі атомнан тұратын молекуладан Н2 құралады. Сутек молекулалары бір-біріне әлсіз тартылады, сондықтан қалыпты жағдайда газ. Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.

2.Жер бетінде таралуы

Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді десе де болады. Көп тараған сутектің ең басты қосылысы - су. Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.

3.Ашылуы

Сутекті алғаш рет неміс дәрігері Парацельс ашқан. 1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап, басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген және оған «жанғыш газ» деп ат берген.

Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған "гидрогениум" деп ат берген. Латынша бұл "су тудырушы" дегенді білдіреді.

4. Изотоптары

Сутек табиғатта тұрақты екі изотоп 1Н (протий), 2Н (дейтерий) және радиоактивті тұрақсыз изотоп 3Н (тритий) түрінде кездеседі. Қазіргі кезде өте тұрақсыз 4Н - 7Н изотоптары белгілі. Химиялық элементтердің изотоптарының ішінде тек сутектің изотоптары бір-бірінен физикалық және химиялық қасиеттері бойынша өте қатты ерекшеленеді. Бұл олардың атомдық массаларының өте үлкен айырмашылығымен түсіндіріледі.

Ү. Бекіту

1. Мына тұжырымдамалармен келісесің бе? Кесте толтыру

сипаттамалар

иә

жоқ

1

Күн жүйесі ғаламшарының 92%-н құрайды

2

Жай зат күйінде молекуласы екі атомнан тұрады

3

Жай зат күйінде молекуласы бір атомнан тұрады

4

Судағы массалық үлесі - 11,9%-

5

Жер қыртысында газ күйіндегі метанның құрамында кездеседі

6

Жер қыртысындағы массалық үлесі - 21%

7

Көп тараған ең басты қосылысы - су

8

Тұрақты 7 изотопы бар

9

Тұрақты 2 изотопы бар

10

Ағылшын ғалымы Г.Кавендиш ашты

11

Латынша «су тудырушы» деген мағына білдіреді

12

Латынша аты «оксигениум»

Жауаптары:1иә, 2иә, 3жоқ, 4иә, 5иә, 6жоқ, 7иә, 8жоқ, 9иә, 10иә, 11иә, 12жоқ

ҮІ. Қорыты-ндылау

«Қар үйіндісі» әдісі арқылы қорытындыланады. Топ ішінен бір оқушы сутек туралы бүгінгі сабақта білгенін бір сөйлеммен жазады. Келесі оқушы оның ойын жалғастырып бір сөйлем қосып жазады. Әр топ сутек туралы шыққан өз қорытындыларын оқиды.

ҮІІ. бағалау

Бағалау парағы: Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Бекіту

Сұрақ -жауап

Әр дұрыс жауап - 2 ұпай

Кесте - әр дұрыс жауап 1 ұпай

Әр дұрыс жауап 1 ұпай

Есеп

2 ұпай

Жалпы ұпай саны -

Бағасы -

Бағалау параметрлері:

23 - 25 - «5»

18 - 22 - «4»

12 - 17 «3»

Үйге тапсырма:

§30 (1-12)

Қолданылған модульдер

Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, көшбасшылық

Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек


© 2010-2022