Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық мектеп -

интернат кешенінің химия пәні мұғалімі

Темиралиева Аяжан Джигеровна


Cарамандық жұмыс № 3

Сабақ тақырыбы: Химиялық өлшеуіш құралдармен танысу

Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Химия кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік

техникасының ережелерін ескере отырып, химиялық өлшеуіш

құралдармен және олармен жұмыс істеу ережелерімен танысу. (Таразыда

зат массасын есептеу.

Ерітінділер дайындау үшін сұйық заттардың көлемін өлшейтін

ыдыстармен жұмыстану т.б.)

2. Дамытушылық: Химиялық эксперимент кезінде сарамандық

дағдыларын, тәжірибе жасау біліктерін дамыту. Дәптерге істелген

жұмысты қорытындылап, жаза білу дағдысын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, пәнге

деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: сарамандық

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік,сарамандық

Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтар: интерактивті тақтада жасалған флипчарт,

таразы,өлшеуіш цилиндрлер мен мензуркалар, өлшеуіш колбалар,

медициналық шприц, бюреткалар, тамызғыш (пипеткалар) термометрлер,

ареометрлер, бөлгіш воронкалар, GLX құралы, рН- метр немесе рН-зонд.

Пәнаралық байланыс: физика, математика, биология

Қолданылған әдебиеттер: А.Мырзабайұлы «Химияны оқыту әдістемесінің практикумы»

Алматы «Рауан» 1997;

К.Әбсалыққызы,Б. Дүйсебайқызы «Химиядан өткізілетін сарамандық

жұмыстар» Алматы «Рауан» 1993;

«Химия мектепте» журналдар

Күтілетін нәтиже: 1. Химиялық өлшеуіш құралдарды пайдаланып, химиялық экспериментті

нәтижелі жасау.

2. Теориялық алған білімді практикада тиянақты пайдалану.

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Пысықтау

V. Қорытынды

Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Оқушыларды алдын-ала 3 топқа

бөлу. (Сарамандық жұмыста қолданылатын өлшеуіш құралдар

дайындалып, оқушылардың алдарына беріледі)

Қызығушылықты ояту:

Тәжірибе жасау барысында лабораториялық ыдыстар мен өлшеуіш құралдар мен реактивтерді дұрыс пайдалана білу, химия кабинетінде еңбекті ғылыми ұйымдастырудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ғылыми жұмыстың барлығы осы лабораториялық жұмыстардан басталады. Сондықтан лабораториялық жұмыстарға көп көңіл бөлеміз. Ол тек қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін ғана емес, қажетті материалды күнделікті пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру үшін де керек. Бүгінгі сабағымызда сарамандық жұмыс «химиялық өлшеуіш құралдармен» танысамыз.

Ой қозғау

  1. Сарамандық жұмысты бастар алдында нені ескереміз?(Қауіпсіздік техникасының ережесін)

  2. Тәжірибелерде жиі пайдаланылатын химиялық ыдыстардың қандай түрлерін білесіңдер?

Лабораториялық ыдыстар мен құралдар:

Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Олай болса өлшеуіш құралдармен танысамыз.

1. Таразы

Химиялық зертханаларда болатын таразылар:

  1. техникалық 0,01 г дәлдікпен;

  2. дәріханалық (аптекалық) 0,05 г дәлдікпен;

  3. электрондық нақты дәлдікпен;

  4. аналитикалық 0,0002 г дәлдікпен;(талдау (анализ) өнімдерін өлшеуде)

  5. табақшалар арқылы (Беранже) онша дәлдігі жоқ.

Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Техникалық таразы Электронды таразы Аналитикалық таразы

Көпшілік жағдайда зертханада техникалық және аналитикалық таразылар қолданылады.

Техникалық таразыда зат 0,01 грамға дейін дәлдікте өлшенеді.Таразы реакцияға дейінгі және реакция нәтижесінде түзілетін құрғақ заттарды өлшеу үшін пайдаланылады. Таразының тастары арнайы қорапқа белгілі ретпен орналастырылады.Таразы тастарының салмақ дәлдіктері бұзылмау үшін оларды қысқышпен ұстайды.Затты техникалық таразыда өлшегенде мына ережелерді есте ұстаған жөн;


  1. Таразымен мұқият жұмыс істеу керек (дұрыстығын тексеру)

  2. Таразы табақшасына ылғалды, ыстық немесе лас зат салуға болмайды;

  3. Өлшенетін зат таразының сол жақтағы табақшасына, тастар (гирлер) оң жақтағы табақшаның ортасына салынады;

  4. Гирлерді тек пинцетпен (қысқышпен) ұстау керек;

  5. Өлшеп болған соң өлшеуіш гирлерді орнына салып жинау;

Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Сабақ түсіндіру сәті

Бүгінгі сабақта құрғақ заттың белгілі массасы бойынша өлшейміз, бірақ болашақта еріген заттың массасы мен көлемін формула бойынша есептеп, содан кейін өлшейміз.

Тәжірибе №1:

Енді таразы арқылы берілген заттың массасын өлшейміз. Ол үшін алдарыңызда берілген тұзды алып: І топ - 3 г тұз;

ІІ топ - 4 г тұз;

ІІІ топ - 5 г тұз өлшеу. Өлшеген соң қорытындылау.

Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Электронды таразымен заттың Техникалық таразымен заттың массасын өлшеу.

массасын өлшеу.

2. Күнделікті өмірде ерітінділердің қандай түрлерін білесіздер? Мысалы: қант пен су ерітіндісі, тұз бен су ертіндісі. Химия лабораториясында көбінесе тұздардың ерітінділері пайдаланылады. Ерітінділер тақырыбымен біздер кейінірек танысамыз. Бүгінгі сабағымызды ерітінділерді дайындау және алу үшін қандай өлшеуіш құралдары бар және олармен қалай жұмыс істеуге болатынына көз жеткіземіз. Ерітінділерді дайындау және алу үшін өлшеуіш цилиндр мен мензуркалар, тамызғыш (пипеткалар), бюреткалар, медициналық шприц, термометр, ареометр, бөлгіш воронкалар, GLX құралы, рН- метр немесе рН-зонд қолданылады.

Өлшеуіш цилиндрлер мен мензуркалар. Бұл құралдар концентрациялы ерітінділер даярлау үшін қолданылады. Өлшеуіш цилиндр мен мензурканың көлемі әртүрлі болады. Негізінен 10 мл-ден 500 мл-ге дейін болады.

Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Цилиндрлер Мензуркалар Пипеткалар

Тәжірибе №2

Өлшеуіш цилиндр мен мензурканы пайдаланып, сұйықты өлшеу.

І топ - 25 мл су;

ІІ топ- 30 мл;

ІІІ топ - 35 мл. Өлшеген соң жаңа стақанға өлшеп алынған тұзды салып, үстінен өлшенген сұйықты құямыз. Шыны таяқшамен араластырамыз. Не үшін араластырамыз?Ерітінді жақсы еру үшін. Қатты заттардың суда еруін қарастырып, ерітінді алдық.Ерітінді даярлаған соң қорытынды жасау.

Тамшуыр (Пипеткалар) Бұл көлемі шағын ерітінділерді өлшеп, екінші бір ыдысқа құю үшін қолданылады. Тамызғыштардың бөлікке бөлінген және бөлінбеген түрлері бар. Олардың көлемі әртүрлі. 1 мл-ден 50 мл-ге дейін болады. Бөлікке бөлінген тамызғыштардың сыйымдылықтары әр түрлі болады, мысалы, 1 мл-ден 50 мл-ге дейін бөліктернің аралығы 0,2-0,1 мл болады. Сұйықтарды сорып, тартқанда тамызғыштың ұшына резеңке баллондарды пайдалануға болады.

Тәжірибе № 3

Тамшуырдың көмегімен ерітінділерді құю

І топ - 3 мл;

ІІ топ - 5 мл;

ІІІ топ - 10 мл. Жұмыс соңында қорытынды жазу.

Колбалардың қандай түрлерін білеміз?

СПрезентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)онымен қатар өлшеуіш колбалар арқылы ерітіндінің көлемін есептеуге

болады. Өлшеуіш колбалардың мойнында дөңгелек белгісі болады. Өлшеуіш колба дәл концентрациядағы ерітінділерді даярлау үшін қолданылады.

Оның мөлшері 25 мл-ден 2000 мл-ге дейін болатын түрлері бар.


Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Медициналық шприц - ерітінділерді аса дәлдікпен сорып алу үшін

қолданылады. Шприцтің көмегімен химиялық реакциялар кезінде бөлінген

газдың көлемін анықтауға болады. Ол, әсіресе сандық тәжірибелерге аса керек.

Шприцтердің көлемі 1 мл-ден 20 мл-ге дейінгі аралықта болады.


Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Бюреткалар - Бұлар қабырғасы 0,1 мл-ге дейінгі дәлдікте бөлікке

бөлінген, ұзынша келген шыны түтік. Бюретканың тамызғыш (пипетка) тәрізді

жіңішкерген ұшында су шүмегі (кран) болады. Бюреткаға құйылған

сұйықтықты толық жібермей реттеп тұру үшін, оның ұшына резеңке түтік

кигізіп, шыны бұршақпен бекітеді. Бюретка ерітіндінің көлемін дәл өлшеуге және көлемдік анализде

химиялық реакцияда заттың қанша көлемі жұмсалғанын анықтайды.

Тәжірибе №4. Бюретка арқылы нейтралдану реакциясын жүргізу

(демонстрациялау)

Термометрлер - Мектеп тәжірибесінде негізінен сұйықтық термометрі қолданылады. Олар

-200С-тан 2000С-қа дейінгі аралықты көрсетеді. Арнайы қорабы жоқ спиртті немесе сынапты термометрлерді сынып қалудан сақтау үшін, басына резеңке түтік кигізіп қояды. Термометрлер арнаулы қораптарда сақталады. Сұйықтардың температурасын сыртқы шкаласында көрсетілген бөлігі бар аралықта ғана өлшеуге болады. 2000С-тен жоғарырақ жылылықты өлшеу үшін арнаулы термопаралы, вольметрлі «хромалюмель» термометрі қолданылады.

Тәжірибе №5.

Берілген сұйықтың температурасын өлшеу.

І топ салқын су;

ІІ топ жылы су;

ІІІ топ ыстық су. Тәжірибе соңында қорытындылау.

GLX құралын пайдаланып, сұйықтықтың температурасын өлшеу. (Демонстрация көрсету)

Ареометрлер әр түрлі сұйықтықтардың тығыздығын өлшеу үшін қышқылдардың, сілті ерітінділерінің , тұздардың, спирттердің, сұйық көмірсутектердің қолданылады. Ареометрлердің әр түрлі шкаласы болады. Ареометрлер судан жеңіл және ауыр деп бөлінеді. Мектепте сұйықтықтар үшін тығыздық арасы кеңдеу ареометрлер қолданылады. Ареометрлерді жұмыстан кейін жуып, кептіріп, арнаулы қорабына салып сақтайды.

Бөлгіш воронка ерітінділерді (эмульсия) бөлу үшін қолданылады.

Эмульсиялар бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтар. Мысалы: сұйық май мен суды шайқағанда түзіледі. Осы екі затты бөлу үшін бөлгіш воронка қолданылады.

Істелген жұмыстар бойынша дәптерлеріңе қорытынды жазу.

Пысықтау: Бүгінгі сабағымызда «Химиялық өлшеуіш құралдармен және олармен жұмыс істеумен» таныстық.

  1. Таразы қандай заттарды өлшеуге арналған?

  2. Таразының қандай түрлері бар, жұмыс істеу үшін қандай ережелер бар?

  3. Сұйық заттарды өлшеу үшін қандай өлшеуіш құралдар пайдаланылады?

  4. Өлшеуіш колба, медициналық шприцті қалай қолданамыз?

  5. Бюреткалар қайда қолданылады?

  6. Термометрлер мен ареометрлердің қандай пайдасы бар?

Қорытынды:

Химиялық өлшеуіш құралдар тек химияда (лабораторияларда) ғана емес, сонымен қатар басқа салаларда да медицинада, ауыл шаруашылығында, тұрмыста, өндірісте кеңінен қолданылады.

Медицинада Ауыл шаруашылығында

Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)(дәрі-дәрмектер) көкөністерге қажетті минералды

тыңайтқыштарды алу үшін, т.б.

Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Химиялық өлшеуіш құралдар

Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)Презентация по химии на тему Химиялық өлшеуіш құралдар (8 класс)

Тұрмыста құрғақ, сұйық Өндірісте тонналық заттарды

заттарды өлшеу үшін; өлшеуде техникалық таразылар;

таразы техникалық т.б.

Үйге тапсырма: Өтілген материалды қайталау, есептер шығару.


© 2010-2022