Адам ағзасындағы химиялық элементтер

1.Адам ағзасындағы химиялық элементтер жайлы түсініктерін дамыту,элементтердің адамға келтіретін пайда-зиянын білу, химиялық элементтердің маңыздылығын ашу, топтық жұмысты ұйымдастыру; 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың білім деңгейлерін кеңейту,жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы химия пәнін,биология саласымен тығыз байланыста екендігін білу, болашақтағы өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып,ой-өрісін дамыту; 3.Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызын оқыту арқылы дұрыс тамақтана білу...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-8 сыныптағы биология-химия сабағының кіріктірілген қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары

Күні: 11.12.14

Пәні: биология,химия

Сыныбы: 7-8

Сабақтың тақырыбы:

«Адам ағзасындағы химиялық элементтер»

Мақсаты

Білімділік:

Дамытушылығы:

Тәрбиелік:

1.Адам ағзасындағы химиялық элементтер жайлы түсініктерін дамыту,элементтердің адамға келтіретін пайда-зиянын білу, химиялық элементтердің маңыздылығын ашу, топтық жұмысты ұйымдастыру;

2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың білім деңгейлерін кеңейту,жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы химия пәнін,биология саласымен тығыз байланыста екендігін білу, болашақтағы өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып,ой-өрісін дамыту;

3.Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызын оқыту арқылы дұрыс тамақтана білуге баулу.

Сілтеме:

Интернет сайттары,8-сыныпқа арналған химия,биология оқулығы. «Химия мектепте»журналы

Оқу нәтижесі:

Пәннің өмірде қажеттілігін,қолдану саласын біледі,адам ағзасындағы химиялық элементтерді ажырата алады.

Негізгі идеялар:

Химия,биология пәнін өмірмен байланыстыра отырып,химиялық элементтердің пайда-зиянын білу.

Ресурстар:

Флипчарт қағазы,маркерлер,стикерлер,қайшы,желім,түрлі-түсті қағаздар,су, жемістер,стақандар,күмістен жасалған бұйымдар

Сабақтың өтілетін уақыты

40 мин

Сабақ жоспары

1.Ұйымдастыру(психологиялық жағымды ахуал тудыру)

2.Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

1)Үй тапсырмасын тексеру.Сұрақ-жауап.Қосымша тапсырма

2)Жаңа сабақ презентация

3)Постер жасау

4)Шығармашылық тапсырма

5)Сәйкестендіру

6)Бағалау

5)Үйге тапсырма

7)Рефлексия

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Топпен жұмыс ,критериалды бағалау

Үйге тапсырма:

«Химиялық элементтер»

Сөзжұмбақ құрастыру

5сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жазу

Рефлексия

«Сабақтан алған әсерім»:

Ұнады,қызықты болды (қай кезеңі)

Ұнамады,себебі -

Менің тілегім-

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

(2мин)

1-слайд.

Қош келдіңіздер,балалар!Көңіл - күйлеріңіз қандай?Шаршадыңыздар ма?

Орындарыңызға жайғасып отырыңыздар

Амандасып,орындарына отырады

Психологиялық

дайындық

(2мин)

Жағымды ахуал тудыру

Біз сабағымызды бастамас бұрын көңіл-күйімізді көтеріп алайық

«Жемістер бутерброды»деп аталатын көңілді сыйлаймын.Біздің көңіліміз,тамағымыз тоқ болса,онда сабаққа да белсенді атсалысамыз

Бутербродты жеп болған соң,сабаққа кірісеміз

Топтың атын анықтау

Топтағы рөлді, бағалаушыны

анықтау

(2мин)

Сұрақ:Периодтық жүйедегі элементтерді қандай екі топқа бөледі. Көшбасшы(бағалаушы),баяндамашы,уақытты белгілеуші,бақылаушылар

Бағалау парағы беріледі,түсіндіріледі

2-слайд

Жауап:Бейметалдар,металдар

Топ мүшелері рөлдерді өздері сайлайды

Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен белгіленіп отырады.

І. Білу

Үй тапсырмасын тексеру

1.Сұрақ-жауап

2.Қосымша тапсырма

(6мин)

3-слайд

1.Өтілген тақырыпты қайталап,еске түсіру.

Сұрақ тапсырмасын топтасу арқылы жауабын табады.

1.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.J

2.Қай элементтің таңбасы айдаhарға ұқсайды.S

3.Мектепте қолымызбен ұстайтын элемент.B

4.«Ол емес деп» өзін айтатын элемент.Ne

5.Периодтық жүйеде электрон саны қалай анықталады.(реттік номерімен)

6.Қалқанша бездің жұмысына қажет элемет.J

2.Берілген жеке үй тапсырмасы бойынша элементтердің қасиеттеріне қосымша ақпарат іздеп келу.

1.Топтасқан оқушылар сұраққа бірлесіп,дайындалады жауабын біреуі береді.

4-слайд 1)Кальций-Қаршыға

5-слайд 2)Фосфор-Аслан

6-слайд 3) Йод-Сымбат

7-слайд 4) Темір-Карина

8-слайд 5)Натрий-Рүстем

9-слайд 6)Фтор-Бекасыл

10-слайд 7)Калий-Азамат

11-слайд 8)Магний-Сәрсенбек

9)Мырыш-Римма

10)Мыс-Еркебұлан

11)Күміс-Данагүл

Данагүл көрермендерге күміс иондары бар суды ұсынады.

Ү\Т қорытындылау

(1-мин)

Үй тапсырмасын қорытындылап өтейік.Біз нені білдік,қандай мәлімет жинадық

Осы алған мәліметтерімізді ары қарай бүгінгі сабағымызда толықтырып өтеміз

Сонымен біздің жаңа сабағымыз не туралы болмақ

Біз периодтық жүйедегі кейбір химиялық элементтердің қасиеттерін біліп алдық.

Оқушылардың жауабы

Жаңа сабақты меңгеру

Презентация

(3мин)

12-слайд

Сабақтың тақырыбы

13-слайд

Сабақтың мақсаты айтылады

14,15,16,17-слайд

Презентация арқылы қысқаша түсінік беру

Оқушылар тыңдайды

ІІ.Түсіну

«Адам ағзасындағы химиялық элементтер»

Постер жасау

(3мин)

18-слайд.

Флипчарт қағазына адамның сұлбасын саламыз да әр топ өзінің тобына сәйкес элементтерді адамның денесіне жазып толтырады (2мин)

1-топ-металдар

2-топ-бейметалдар

ІІІ. Қолдану

Шығармашылық тапсырма

«Қазақша ет»

(7мин)

19-слайд

Қазақтың етін химиялық элементтерден дайындау.Берілген табақшаға дайын ақпараттарды қолданып,тапсырманы орындайды

Барлық өнімдерді химиялық элементтермен дайындайды.(4мин)

20-слайд дайын болған етті көрсету

Берілген тапсырманы топпен орындайды.

Тапсырманы ұқыпты,шуламай,ақылдасып шешу керек.Дайын болған заттарды көрмеге қойып,таныстырып қорғайды да көрермендерге апарып көрсетеді.Тапсырма бағалау критерийі бойынша бағаланады.

Қорғауға( 3мин)

ІҮ. Талдау

Сәйкестендіру

(3мин)

21-слайд

Биологиялық маңызын қарастыру

1. Қан ауруларын атаңыз емдейтін дәрігер (қаназдық, гемофилия; дәрігер- гематолог)

2. Жүрек ауруларын атап, дәрігерді ата?(инфаркт,миакардит; кардиолог)

3. Көз ауруларын атап, дәрігерді ата? (глаукома, катаракта; дәрігер- окулист)

4. Иод жетіспегенде туындайтын ауруларата, емдейтін дәрігерді ата?(бұғақ-зоб;

дәрігер- эндокринолог)

5. Шөптесін өсімдіктер, шаңтозаңнан туындайтын ауруларды атап,емдейтін дәрігерді ата?(аллергия,өкпе рагы; дәрігер- аллерголог)

6. Тіс ауруларын атаңыз,емдейтін дәрігер? (кариес,пульпит; стоматолог)

7. Жүйке жүйесінің ауруларын ата?(энурез,шизофрения; дәрігер- невропотолог,психиатр)

8. Асқазан ауруларын ата,емдейтін дәрігер?(гастрит, асқазан жарасы; гастроэнтеролог)

9. Сүйек ауруларын ата,емдейтін дәрігер? (артрит,рахит, хирург)

10. Тыныс алу жолдарының ауруларын ата, емдейтін дәрігер? (бронхит, рахит;терапевт)

11. Ми ауруларын ата, емдейтін дәрігер?(минингит, энцефалит; невропотолог)

12. Бауыр ауруларын ата, емдейтін дәрігер? (цирроз,гепатит; терапевт)

13. Бүйрек ауруларын атап, емдейтін дәрігерді ата? (пилонефрит, уролог)

14. Қаңқа ауруларын атап, емдейтін дәрігерді ата? ( остеохондроз; невропотолог)

Сәйкестендіруді орындау.Жауаптарын екі топ бірін-бірі тексереді


Ү.Жинақтау

(3мин)

22-слайд.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз

Өз ойларын айту

ҮІ.Бағалау

(3мин)

Бағалау парақтары бойынша бағаланады

Ұпай сандарын есептеп шығарады

V. Үйге тапсырма беру

(2мин)

23-слайд «Химиялық элементтер»

Сөзжұмбақ құрастыру

5сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жазу

Күнделіктеріне жазу

VII. Рефлексия

(3мин)

24-слайд Өз ойларын стикер қағазына жазып,тақтаға жабыстырады

«Сабақтан алған әсерім»:

Ұнады,қызықты болды (қай кезеңі)

Ұнамады,себебі -

Менің тілегім-




Сабақтың өзіндік талдау рефлексиясы

Ашық сабақтың тақырыбы «Адам ағзасындағы химиялық элементтер»

Сабақтың мақсаты:1.Адам ағзасындағы химиялық элементтер жайлы түсініктерін дамыту,элементтердің адамға келтіретін пайда-зиянын білу, химиялық элементтердің маңыздылығын ашу, топтық жұмысты ұйымдастыру;

2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың білім деңгейлерін кеңейту,жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы химия пәнін,биология саласымен тығыз байланыста екендігін білу, болашақтағы өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып,ой-өрісін дамыту;

3.Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызын оқыту арқылы дұрыс тамақтана білуге баулу.

Сабақтың әр кезеңі блум таксономиясы бойынша құрылып,сабақ қысқа мерзімді жоспардың ретімен жазылды.

Әр кезең әдістемелік жағынан сауатты ойластырылып,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қолданылды.

Оқушылар белсенді атсалысты.Пәнге деген қызығушылықтары арта түсті.Тәрбиелік жағы ұтымды пайдаланылды.

Жоспар бойынша құрылған кезеңдер толық орындалмады,себебі оқушылардың баяулығынан,сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі үлгірімі төмен болғандықтан сабақ жоспарланған мақсатына жетпеді.Өзімнің ойымнан шықпады.

Жалпы оқушылар жасаған рефлексиядан оларға сабақтың ұнағаны,қызықты болғаны,олардың көңілдерінің көтеріңкі болып кеткені сабақтың олар үшін маңызды болғанын түсіндім.

Алдағы ашық сабақтарымда жіберілген қателіктерім мен кемшіліктерімді болдырмауға тырысамын.Сабақтың кезеңдерін оқушылардың үлгірім деңгейлеріне сәйкес жазамын. Адам ағзасындағы химиялық элементтерАдам ағзасындағы химиялық элементтер

© 2010-2022