Ашық сабақ: Ерітінділер концентрацияларының түрлері

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8сынып Өтілген күні

Сабақтың тақырыбы:

Ерітінділер концентрацияларының түрлері



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ерітінділердің концентрация түрлерімен таныса отырып, күнделікті өмірде пайдалана білуді меңгеру.

Дамытушылық: Ерітінді, еріген зат, еріткіш зат туралы білімді дамыту.

Тәрбиелік: Ерітінділерді өмірде қолдана білу, танып білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі.

Ашық сабақ. Жаңа сабақты игеру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Слайд

2. Ерітінділер түрлері

3. Есептер мен жаттығулар жинағы

4. Оқулық

5. Жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.




«Білу» таксономиясы


Үй тапсырмасын тексеру.

«10 сұрақ» әдісі

  1. Суды өнеркәсіпте қалай алады?

  2. Судың химиялық қасиеттерін сипатта.

  3. Судың ластануының негізгі көздері қандай?

  4. Ластанған суды тазартудың қандай әдістері бар?

  5. Дистилденген су деген не? Оны қайда қолданады?

  6. Суды ерімейтін заттардан тазартудың қандай жолдары бар?

  7. Суды еритін заттардан тазартудың қандай тәсілдерін білесің?

  8. Суда қандай заттар ериді? Мысал келтір.

  9. Ерітінді деген не?

  10. Ерітіндінің қандай түрлері бар?



«Түсіну» теориясы


Жаңа материалды оқыту:

Концентрация- ерітінді немесе еріткіштің белгілі мөлшеріндегі еріген заттың мөлшері.

Моляльдік концентрация 1кг еріткіште еріген заттың моль санымен өлшенеді (моль/кг). Сm = (mе.з.∙1000)/ (Ме.з.∙ mер-ш)

mер-ш- еріткіш массасы, г

mе.з- еріген заттың массасы, г

Ме.з.- еріген заттың молярлық массасы.

Молярлық концентрация - 1л ерітіндіде еріген заттың моль санымен өлшенеді. Сm = mе.з./МV

V- ерітінді көлемі, л

Нормальдік концентрация -1 л ерітіндіде еріген заттың эквивалент санымен өлшенеді.

Сn= mе.з. /Mэ V

Мэ- эквиваленттің молярлық массасы;

V- ерітінді көлемі, л.

Ерітінді концентрацияларының түрлері:

  • Молярлық концентрация

  • Нормальдік концентрация

  • Проценттік концентрация

  • Молялдық концентрация

mер=mе.з + mеріткіш

mе.з = mер - mеріткіш



«Меңгеру» практикасы


ЕРІТІНДІ МАССАСЫ, Г

ЕРІТКІШ МАССАСЫ, Г

ЕРІГЕН ЗАТ МАССАСЫ,Г

500

15

120

60

300

140

Топпен жұмыс

I-топ. Массалық үлесі 10%-тік ерітінді дайындау үшін 100г қантты неше грамм суда еріту керек?

II-топ. Тұздың 5%-тік ерітіндісін дайындау үшін 0,45кг суда қанша грамм тұз еріту қажет екенін табыңдар.

III-топ. Массалық үлесі 3% сірке суын дайындау үшін 500г сірке қышқылын қанша грамм суда еріту керек?



«Қолдану»

практикасы



Жаңа сабақты бекіту

Топпен жұмыс. Әр топқа әр түрлі концентрациялы ерітінділер таратылады.

Тапсырма.

  1. Берілген ерітінділер бойынша есептеу алгоритмін құрастыру.

  2. Топтармен алмасу. Құрастырған есептерін шешеді.

Қорытындылау

Бүгінгі өткен тақырыпты қорытынды жүргізу, маңызды ұғымдарды қорытындылау.

Рефлексия

Білемін.

Білдім?

Білгім келеді

«Бағалау»

Бағалау парағы бойынша және белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма беру

А). §38 оку

Б) №2-6 (106 бет)






© 2010-2022