Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы

Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы. Сабақтың тақырыбы:  Оттектің химиялық қасиеттері. Жану. Тотығу.Оксидтер. Олардың аталуы.Химиялық байланыс және зат құрылысы тарауы бойынша есептер мен жаттығулар. Сынып: 10 «А» Сабақ түрі: білімді бекіту Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық байланыс және зат құрылысы тарауы бойынша                           білімдерін жүйелеу, сараптау, бағалау; Дамытушылық: Оқушылардың пәндік құзіреттіліктерін жетілдіру,                                 шығармашылықпен ойлау қабілеттерін арттыру; Тәрбиелік: Өз өздерін бағалай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Технология: АКТ, деңгейлік тапсырмалар Әдіс – тәсілдері: химиялық диктант, Венн диаграммасы, жаттығу жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар Пәнаралық байланыс: физика, биология, математика Көрнекілігі: Периодтық кесте, есептер мен жаттығулар
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 Ақсу орта мектебі









Химия пәндері бойынша сабақтар


Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.


Биология және химия пәнінің мұғалімі

Мусина Бакыт Жунусовна












СТЕПНОГОРСК - 2014

Мусина Бакыт Жунусовна

№1 Ақсу орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: §22 Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.

Сынып: 8 «А»

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оттектің химиялық қасиеттерін түсіндіру. Жану процесінің мағынасы мен мәні жайлы оқушылардың көзқарастарын дамыту.

Дамытушылық: Оқушының өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздеміпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі. СТО

Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеофильм, кеспе суреттер, бөлме гүлі, көмір, күкірт, реактивтер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ игеру

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды тексеріп, сабаққа назарын аудару (психологиялық дайындық). Үй тапсырмасына шолу

1. Сұрақ қоюшы топ

2. Ауызша топ

3. Жазбаша топ

1-оқушы. Үйге берілген сабақтың мақсатын хабарлайды. Оттектің физикалық қасиетін сипаттау, өнеркәсіпте және лабораторияда алу жолдарын түсіндіру.

2-оқушы. Оттек - иіссіз, түссіз ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді. Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Сұйық оттекті арнайы екі қабырғалы термостат - Дьюар ыдысына құйып сақтайды.Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат болондарда 1-1,5 кПа қысымда сақтайды. Лабораторияда оттекті құрамында оттек мол болатын әрі қыздыру кезінде тез айырылатын күрделі заттардан: калий перманганаты, калий хлораты, су, т.б. алады. Оттекті лабораторияда ауаны, суды ығыстыру әдісі арқылы алады.

3- оқушы. Тірек-сызбанұсқасын сызды

Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

Жаңа сабақты меңгеру

Видеофильм қарап реакция теңдеуін жазу. Электронды оқулықпен жұмыс.

1.Жай заттардың жануы:

C+O2 → CO2 көмірдің диоксиді
S+O2 → SO2 күкірт диоксді
4P+5O2 → 2Р2O5 Дифосфор пента оксиді
3Fe +2O2 → Fe3O4 Темір қағы

2.Күрделі заттардың жануы:

С2Н2 + ..О2 → ..СО2 + ..Н2О
ацетилен
2С2Н2 +5О2 →4СО2 + 2Н2О

Оттекке тән басты қасиет - оның жануды қолдауында.

Жаңа сабақты бекіту.
№5 есеп оқулықпен жұмыс.
Реакция теңдеуін жазып белгісіз затты анықта.

1тапсырма «Кедергілермен көтерілу».
Химиялық сатымен көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып, оларды атаңыз.

K(I) N(IV) Cu (II) AI(III) P (V) S(VI)
№2тапсырма Алтын кілт. « Оксидтер» сейфіне шифирді тап.Оксидтерді тауып, заттарды ата.
1. Na2O 2. Ba (OH)2 7.HNO3 10. SiO2
3. HCI 4. FeO 8. KOH 11. CuSO4
5.CO2 6. CaO 9. P2O5 12. CH4

№3тапсырма «Жұмбақ тізбек»
Оксидтерді алу реакция теңдеуін жазып, теңестіріңдер.
1.P→ P2O5 2.Al→Al2О3 3.K→K2O
4.Na→Na2O 5.S→SO2 6.C→CO2

Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

Бағалау:

Үйге тапсырма беру: §22. №4,6,7 есептер

СТО технологиясын қолдана отырып, нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
Қолданылған әдебиеттер:

1)Химия 8 сынып, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина

2)Әдістеме 8 сынып










Мусина Бакыт Жунусовна

№1 Ақсу орта мектебі

Cабақтың тақырыбы: Тотығу.Оксидтер. Олардың аталуы

Сынып: 8 «А»

Мақсаты: Оқушыларға тотығу реакциясы және оксидтер, олардың аталуы жайында толық мағлұмат беру

Міндеттері:

Мазмұнға байланысты: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша толық ақпаратпен танысып, мәтінді игеру арқылы жан-жақты тапсымалар, есептер шығару барысында білімін кеңейтуге мүмкіндік беру.

Сыни ойлауға байланысты: Оксидтерді басқа заттардан ажырата алуға, халықаралық атау жүйесін алдағы уақытта қолдана алуға, өмір тәжірибесінде пайдаланудың тиімді жақтарын талдауға үйрету

Топтық жұмысқа байланысты: Топта сабақты кезең-кезеңге бөліп өткізу арқылы, оқушылардың танымдық белсендіктерін арттыру, салыстырулар жүргізіп, шешімін табуға, дәлелдеуге , өздерін - өздері бағалауға бағыт беру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың өткен сабақтағы білімдерін естеріне түсіре отырып, жаңа сабақты меңгеруге мүмкіндік жасалады

Тақырыпқа байланысты тәжірибе жұмыстарын жасайды, салыстырады, дәлелдейді

Есептер шығару арқылы білімдерін бекітеді

Оқушылар бір-бірімен араласады, ойларын өмірмен байланыстырады.

Құрал-жабдықтар: Менделеев кестесі, оксидтер үлгілері (су, құм, мыс оксиді), интеарктивті тақта, компьютер, периодтық кесте

І.Қызығушылықты ояту

1. Психологиялық ахуал орнату

2. Өткен сабақты қайталауға арналған топтық жұмыс

Ітоп

1).Сұрақ - жауаптар:

"Оттексіз тіршілік жоқ" дегенді қалай түсінесіз?

Оттек латын тілінде қандай мағнаны білдіреді?

Оттектің атмосферадағы пайыздық мөлшері?

Оттектің жер қыртысындағы пайыздық мөлшері?

Оттектің физикалық қасиетін сипатта

ІІ топ

Оттекті бос күйінде алған кімдер?

Оттектің судағы ерігіштігі қандай?

Өнеркәсіпте оттекті қайдан алады?

Сұйық оттекті сақтайтын ыдыс?

Зертханада оттекті алуға бола ма, неден?

ІІІ топ

Жану реакциясы деген не?

Катализатор деген не?

Оттекті қалай тасымалдайды?

Оттектің таңбасы, оқылуы

Химиялық элемент деген не?

2).Алдын - ала үйге берілген тапсырманы талдау: слайдтар (5-16)

Оттектің физикалық қасиеттері қандай?


Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

Периодтық жүйеде оттектің орны қандай?

Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы. Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

Оттекпен жұмыс істегенде сақталатын қауіпсіздік ережелері:

Ауадағы оттектің мөлшері 23 % -ҒА артса, онда жанғыш заттар тез от алады және қатты жанады.

Ал,сұйық оттек теріні үсітеді, неліктен?

Оттекпен жұмыс істегенде темекі шегуге болмайды.

Периодтық кестені жасаған кім?


Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

Д.И. Менделеевтің туғанына 175 жыл

ІІ. Мағынаны тану

Жаңа сабаққа дайындық.

Ой қозғау сұрағы: Тотығу дегенімізді қалай түсінесіздер?

Оқушылардың алғашқы ойларын тыңдалады..

Жаңа тақырыпқа қатысты ақпарат беру ( слайд, тақта қолданылады.)

Зертханалық жұмыс: №9,11

Тотығу реакциясы деген не, жану реакциясынан айырмашылығы неде? / дайындық кезеңі/

Зертханалық жұмыс: Ca, Cs белсенді металдардың жануы мен Cu -тың тотығу реакция теңдеулерін жазыңыздар

4). Оксид үлгілерін қарау:

Су ,

Мыс (ІІ) оксиді,

құм немесе кварц SiO2

және SO2 улы газы,

азот оксидтері NO, NO2 улы газ

Оксидтер алуан түрлі және агрегаттық күйлері де әртүрлі

Қышқыл жауын, жылыжай эффектісі, улы тұмшаларды (у түтін) тудырушы нелер?

1 млн. тонна көмір жаққанда

25 мың тонна күкірт диоксиді SO2 улы газ ауаға шығарылса,

ал жер шары бойынша атмосфераға 60млн.тонна азот оксидтері NO NO2 улы газ шығарылады; Осы газдардан адамдар ентікпе, тыныс жолының қабынуы, бронхит ауруларынан зардап шегеді.

Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

Жаңа тақырыпты меңгертудің ІІ кезеңі

Оксид дегеніміз -құрамындағы элементтің біреуі оттек болатын бинарлы қосылыс

Шағын зерттеу жұмысын жүргізейік:

CuO, KNO2, H2S,FeO,KNO3, CH4, MnO2, H2SO4, NO

Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

Жаңа тақырыпты меңгертудің ІІІ кезеңі

6. Оксидтерді х/а жүйемен (СИ) атау

K2O, Fe2O3, FeO, Mn2O7, CaO,N2O5 атаңыздар: 1,2 жолмен атаңыздар

Химия пәнінен ашық сабақтар жиынтығы.

ІІІ. Ой толғаныс.

Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар

7).«Білгенге не жетсін» SiO2 SO2 NO2

Осы оксидтердің құрамындағы оттектің пайыздық үлесін анықтаңыздар

8.Топтық жұмыс үш топқа әр тапсырмалар бөлініп беріледі.

"Ойлан да тап"? - орнына не қою керек?

? + ? = ZnО

? + ? =K2O

? + ? =CuO

"Жүзден жүйрік" (Есеп кітабынан 53 бетте)

№ 2-61.б

6г С оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасы?

№ 2-64

20 г Са оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасы ?

№ 2-65

2,7г АІ оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасы?

Химиялық эстафета " Айналымды іске асыр:

H2→ H2O

К→К2О

Р → Р2О5

9. "Кім жылдам" Авторы:Хомченко

№8-1. 8г оттектегі молекула саны?

№8-9. 2,1*1023 молекуласы бар сутектің зат мөлшері?

№8-10. 22г Көміртек (IV) оксидіндегі молекула саны?

10. Сабақты қорытындылау ВЕНН диаграммасы арқылы оқушы білімдерін бақылайды.

Сұрақтар

Оксид (су)

ұқсастығы

оттек

Агрег күйі

формуласы

Таб кездесуі

Аталуы

Мr


VI. Үй тапсырмасы

§23 Есеп кітабынан: № 2-66 № 2-67,, 2-68

Оқулықтан: 66 бетте № 1,3,5

Қолданылған әдебиеттер:

1)Химия 8 сынып, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина

2)Әдістеме 8 сынып

Мусина Бакыт Жунусовна

№1 Ақсу орта мектебі

Тақырыбы: Химиялық байланыс және зат құрылысы тарауы бойынша

есептер мен жаттығулар

Сынып: 10 «А»

Сабақ түрі: білімді бекіту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық байланыс және зат құрылысы тарауы бойынша

білімдерін жүйелеу, сараптау, бағалау;

Дамытушылық: Оқушылардың пәндік құзіреттіліктерін жетілдіру,

шығармашылықпен ойлау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: Өз өздерін бағалай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Технология: АКТ, деңгейлік тапсырмалар

Әдіс - тәсілдері: химиялық диктант, Венн диаграммасы, жаттығу жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: физика, биология, математика

Көрнекілігі: Периодтық кесте, есептер мен жаттығулар

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі ( Оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірліктерін бақылау)

II Химиялық диктант « Жоғалған сөзді тап »

Ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланысты ............ .......... деп атайды.

Бір элемент атомдарынан тұратын молекулаларда .......... ........... ........... түзіледі.

Коваленттік байланыстың екі маңызды сипаттамасы бар: .......... ....... және ......... .......... .

........ - бұл қос екі электрондық бұлты бар атом.

Қосылыстардың қасиеттері байланыстың типіне ғана емес, олар түзетін ........ ......... .. тәуелді.

Металл иондары мен бос электрондар арасында түзілетін байланысты .......... ........ деп атайды.

Белоктар мен нуклеин қышқылдарының құрылымында ........ .......... ерекше мәнге ие болады.

III Жаттығу - ізденіс әрекеті

Мына заттардың судағы ерітінділерінде қандай иондар болады?

Алюминий хлориді, кальций нитраты, ортофосфор қышқылы, темір (III) гидроксиді

Мына қысқартылған иондық теңдеулерді:

а) Al 3+ + 3OH- = Al(OH)3

ә) 2H+ + CO32- = H2O + CO2

б) Ba 2+ + SO4 2- = BaSO4

қанағаттандыратын реакцияларға бір мысалдан келтіріп,

реакциялардың молекулалық және толық иондық теңдеулерін

жазыңдар.

Cl2 , HCl , KCl қосылыстарындағы химиялық байланыстың типін

анықтаңдар. Олардың түзілу сызбанұсқасын жазыңдар.

IV Деңгейлік тапсырмалар

Өз өзіңді бағала,

Біліміңді сарала.

Өзің бұзар қамалды,

Таңда, бері қара да!

I деңгей ( стандарттық деңгей)

1) Элементтің электрондық формуласы 1s2 2p6 3 s2 3 p6 3d3 4s2 қай периодтың, қай топтың элементі, реттік номері, атом ядросының құрамы қандай?

2) Ковалентті полюсті және полюссіз байланысты F2 және HF мысалында сипатта.

II деңгей ( алгоритмдік деңгей)

H2Sе молекуласының түзілуін толық сипаттаңдар.

Медицинада сүйек сынықтарын электрофорезбен емдегенде және қымыздық қышқылымен уланғанда асқазанды шаю үшін кальций хлоридінің 2 % - тік ерітіндісі қолданылады. Осы ерітіндінің 10 мл - дегі кальций хлоридінің массасын есептеңдер.

Ерітіндінің тығыздығы 1, 014 г/ см3

III деңгей ( шығармашылық деңгей)

1) Көміртегі (IV) оксидінің кеңістік формуласын құру жоспарын ұсыныңдар.

2) Магний мен мырыштың массасы 5,65г қоспасына қышқылмен әсер еткенде 3,36 л (қ.ж) сутек бөлінді. Қоспаның құрамындағы магний мен мырыш массаларын есептеңдер.

V Венн диаграммасымен жұмыс

( Салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылығын анықта)

1 - қатар Коваленттік байланыс және сутектік байланыс

2 - қатар Металдық байланыс және иондық байланыс

3 - қатар Сутектік байланыс және иондық байланыс

VI Бағалау

VIII Үйге тапсырма: Тарау бойынша тесттік - бақылау жұмысына

дайындық

Қолданылған әдебиеттер:

1)Химия 10 сынып, Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная

2)Әдістеме 10 сынып



© 2010-2022