- Преподавателю
- Химия
- Сыныптан тыс жұмыс Білгірлер сайысы (8 сынып)
Сыныптан тыс жұмыс Білгірлер сайысы (8 сынып)
Раздел | Химия |
Класс | 8 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Смагулова А.Р. |
Дата | 12.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Балтабай ауылы
Балтабай орта мектебі
«мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныптан тыс жұмыс
«Білгірлер сайысы»
Жауапты: Мухамедилова А.М.
2015-2016 оқу жылы
Сыныптан тыс жұмыс
Сынып : 8
Сабақтың тақырыбы: «Білгірлер сайысы»
Сабақтың мақсаты:
-
Атом құрылысы, Д.И.Менделеевтің периодтық заңы туралы білімді қорытындылау
-
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
-
Оқушыларды жылдамдыққа, ұқыптылыққа, өз ойларын жүйелеп, айта білуге, топпен жұмыс істей білуге баулу
Көрнекілігі: таратпа қағаздар, ПЖ кестесі, бағалау парағы
Типі: қорытынды сабақ
Әдісі: сайыс сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, 3 топқа бөліп отырғызу
ІІ. Мақсат қою: Оқушалрға бүгінгі өтілетін сайыс сабғының мақсатымен таныстыру
-
Топқа ат қою, таныстыру
-
Сергіту сұрақтары
-
Ғалымдар еңбегі
-
Ойлан тап
-
Қатарды толықтыр
-
Кім көп біледі?
-
Кім жылдам?
ІІІ. Білімді тексеру:
І. Әр топқа сұрақ қойылады. Жауап топтың аты болады.
1. Бөлінбейтін ең кіші бөлшек? (Атом)
2. Атом құрамындағы теріс зарядталған бөлшек? (Электрон)
3. Ядродағы оң зарядты бөлшек? (Протон)
ІІ. Сергіту сұрақтары:
-
Фотосинтез нәтижесінде бөлінетін газ
-
Периодтық жүйеде бірінші тұрған элемент
-
Валенттік дегеніміз не?
-
Молекула дегеніміз не?
-
Формуланың алдына қойылатын санды қалай атаймыз?
-
Д.И.Менделеев заңы неге периодтық заң деп аталады?
-
Ауаның құрамындағы оттек неше пайыз?
-
Қандай элемент тағамда жеткіліксіз болса қалқанша бездің жұмысы бұзылады?
-
N мен О ті салыстырғанда қайсысының бейметалдық қасиеті басым? Неге?
ІІІ. Ғалымдар еңбегі
-
Атом малекулалық ілім авторы
-
Құрам тұрақтылық заңының авторы
-
Зат массасының сақталу заңы кімге тиесілі
-
Атом құрлысының плонетарлық моделін ұсынған ғалым
-
Химиялық элементтің периодтық жүйесін құрастырған ғалым
-
Осы ғалымдардың атымен аталатын элементтерді ата
ІV. Ойлан тап:
-
Электртерістігі ең жоғары элемент?
-
Электртерістігі ең кіші элемент?
-
Атом құрылысының плонетарлық моделін ұсынған ғалым?
V. Қатарды толықтыр
Сілтілік метал
Li
Na
K
Rb
Сілтілік жер металдар
Ca
Ba
Sr
халькогендер
S
O
Se
галогендер
F
Cl
Br
ІV. Түсінгендерін тексеру:
VІ. Кім көп біледі?
І топ:
-
Ауаның құрамы қандай элементтерден тұрады?
-
Ядро заряды қандай?
-
Біздің ағзамызда 62/ болатын элемент?
-
Сүттің ұюы қандай құбылыс?
-
ПЖ неше период бар?
-
Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын эелемент
-
П.Ж. сілтілік металдардан басталады, қандай элементтермен аяқталады?
-
Планетаның атымен қандай эдементтер аталады?
-
Периодтарда солдан оңға қарай элемент радиусы арта ма, кеми ма?
-
Салыстырмалы атомдық массасы ең аз элемент
ІІ топ:
-
Ауаның 78% құрайтын элемент?
-
Судың құрамында 11% болатын элемент?
-
Ядро құрамындағы нейтронның заряды қандай?
-
Судың қатуы қандай құбылыс?
-
П.Ж. неше топ бар?
-
Фотосинтез нәтижесінде бөлінетін газ?
-
Бұл элемент адам ағзасында, жеткіліксіз болса, қаназдық ауруына шалдығады
-
Жер аттарымен аталатын элементтер?
-
Тұнбаның түзілуі нені білдіреді?
-
Топтарда жоғарыдан төмен қарай атом радиусы кеми ма, үлкейе ма?
ІІІ топ:
-
Ауада оттек неше пайыз?
-
Ядро неде тұрады?
-
Жапырақтың шіруі қандай құбылыс?
-
Периодтар неше топқа бөлінеді?
-
Элементтің рет санына қарап не анықтауға болады?
-
Периодтар инертті газдармен аяқталады, қандай элементтерден басталады?
-
Периодтық жүйе қандай заңдылықтарға сүйеніп жасалынды?
-
Газдың түзілуі нені білдіреді?
-
Оттегінің А нешег тең?
-
Заттың химиялық қасиетін, құрамын сақтайтын кіші бөлшек қалай аталады?
VІІ. Кім жылдам?
а) Р+ ..... Р2 О5
Na + О2 ......
б) Оттектің адам организміндегі массалық үлесі 62% болса, 50 кг адам организмінде қанша оттек бар?
Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпайлар санын санап, жеңімпаз топ марапатталады.
V. Үйге тапсырма беру: Қайталанған материалдарды естеріне түсіріп келу