Қышқылдар және олардың жіктелуі 8 сынып

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қышқылдар және олардың жіктелуі 8 сыныпҚышқылдар және олардың жіктелуі 8 сыныпҚышқылдар және олардың жіктелуі 8 сыныпҚышқылдар және олардың жіктелуі 8 сыныпҚышқылдар және олардың жіктелуі 8 сыныпҚышқылдар және олардың жіктелуі 8 сыныпСабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі,алынуы,химиялық қасиеттері.

  • Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушыларға қышқылдар және оның физикалық қасиеттері жайлы мағлұмат бере отырып, жаңа ұғымдармен «қышқыл», «индикатор» таныстыру. Қышқыл қалдығының валенттігін анықтау, формуласын құрастыру әдісін және алыну жолдарын түсіндіру.

б) Дамытушылығы: Қышқылдың формуласын жаза білу және қышқылдармен жұмыс істеу қауіпсіздігін сақтау дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың химиялық тәжірибе жүргізу іскерліктерін дамыту.

в) Тәрбиелілігі: Алған білімін өмірде пайдалана білуге, ойын анық, тез дұрыс жеткізе алуға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

III. Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, сызбанұсқалар, реактивтер (қышқылдар, индикаторлар т.б.) химиялық ыдыстар, кеспе қағаздар т.б.

IV. Өткізу әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

V. Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру.

VI. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу;

ә) оқушыларды түгендеу

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. . Үй тапсырмасын сұрау. § 46. Негіздердің жіктелуі,алынуы, қасиеттері

Кім жылдам ?
1. Негіздердің құрамы мен анықтамасы?
2. Негіздердің жіктелуі
3. Негіздердің құрылымдық формуласы?
4. Негіздердің алынуы
5. Негіздердің физикалық қасиеттері. 6. Негіздердің химиялық қасиеттері

Жай

Оксид

  • Заттар Күрделі Қышқылдар

Негіздер

Тұздар



  • Табиғатта кездесетін: Алма, лимон, шұбат, қымыздың қандай дәмі бар?

  • Сұйылтылған сірке қышқылы қайда қолданады?



  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың жоспары

  • Қышқылдың құрамы.

  • Қышқыл дегеніміз не?

  • Құрамындағы сутек атомының санына қарай жіктеу.

  • Құрамында оттек атомының болу, болмауына қарай жіктеу.

  • Табиғаттағы қышқыл

  • Физикалық қасиеті

  • Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережесі.

  • Қышқылдардың индикаторларға әсері.

  • Қышқылдарды алу тәсілдері.

  • Бекіту бөлімі

Қышқылдар дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты

Қышқылдар - 1. Оттексіз қышқылдар HF, HCl, HBr, HI H2S

2.Оттекті қышқылдар HNO3, H2SO4 H2CO3,H3PO4

Қышқылдарды алу тәсілдері

1. Бейметалл оксидтері сумен әрекеттескенде

оттекті қышқылдар алынады.

А) P2O5+ 3H2O = 2H3PO4

Ә) SO3 + H2O = …

Б) SO2 + H2O = …

2. Кейбір бейметалдар сутекпен әрекеттескенде оттексіз қышқылдар алынады.

А) H2+ CI2 = 2HCI

Ә) H2 + S = …

Б) H2 + I2 = …

3. Қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер етіп, кейбір (HCl, HNO3) қышқылдарды алады:

А) 2NaCI + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCI

Ә) КCI + H2SO4 = …

Б) NaNO3 + H2SO4 = …

Қышқылдардың жалпы химиялық қасиеттері.

Қышқыл + негіз = тұз + су

H2SO4 +2 NaOH = Na2SO4 + 2H2O

Қышқыл + негіздік оксид = тұз + су

CuO + 2 HCІ = CuCІ2 + H2O

Қышқыл + металл (Н дейінгі) = тұз + сутек

2HCL +Zn = ZnCL2 + H2

Қышқыл+тұз(карбонаттар, сульфиттер) = тұз + су +газ

2СO3 + НСl = 2NaCl + СО2 + H2О

Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау.

Күкірт қышқылын суда еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді. Қышқыл бетіне су

тиісімен, ол дереу буға айналады. Сондықтан оны еріткенде суға қышқылды аздап тамшылатып және араластыра отырып құю керек, керісінше болса судың алғашқы тамшылары қайнап, күкірт қышқылының ерітіндісін жан-жаққа шашыратады, теріні, киімді күйдіруі мүмкін.

Қышқыл денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуу керек.

Қышқылдар ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды

  1. Бекіту кезеңі.

Берілген қышқылдарды атаңдар және кестеге орналастырыңдар.

H2SO4, HNO3, H2CO3, HCl, H3PO4, H2S, H2SO3, HI

Бір негізді

Екі негізді

Үш негізді

Оттекті

Оттексіз


Біліміңді тексер

  1. HCl, H2SO4 берілген қышқылдарды атаңдар, салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.

2. H2SO4 - тің құрамындағы элементтердің массалық үлесін табыңдар.

3. Массасы 4г көміртек оксиді сумен әрекеттескенде неше грамм көмір қышқылы түзіледі?

4. 5 моль хлор сутекпен әрекеттескенде түзілген хлорсутек қышқылының мөлшерін есепте.

V. Танымды сұрақтар

  • 1. Адам миында 1 секундта қанша реакция жүреді?

  • 2. Ең куйдіргіш қышқылды білесің бе?

  • 3. Йогуртты қалай дайындайды? Оны қолдануға ұсыныс жасаған ғалым?

  • 4. Сабын мен сусабынның құрамы бірдей ме?

  • 5. Қандай қышқылда алтын ериді?

VI. Оқушыларды бағалау

VII. Үйге тапсырма. § 47. Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері.

  • № 7-9 есеп



© 2010-2022