Күш бірлікте

Оқушыларға бірлік, татулық туралы мағлұмат беру. Әрқашан татулыққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу,бірлік ұғымының адамгершілік құндылықтарын терең түсіне білуге үйрету.Бір-біріне тату дос болуға үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлықтарын дамыту, Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. бірлік ұғымының мағынасын терең түсіне білуге үйрету. Адал достыққа деген сезімдерін ояту. бірігіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген мәтелдің мағынасын ашу, терең түсіне білуге ...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 ә сынып.

Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте /1-сағаты/

Мақсаты: "Бірлік" ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және "достық" адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-бірлік туралы түсінік беру:

-көпшіл болу іскерліктерін дамыту:

-бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу:

Сабақ барысы:

Күш бірліктеКүш бірліктеКүш бірліктеОйын-жаттығулар Өзіммен-өзім

Дәптермен жұмыс Қорытынды: Ғажайып сөздер

Шаттық шеңбері.

-Балалар,сендер білесіңдер ме,мөлдіреген көк теңіздің ортасында "Достық аралы"бар.Мәңгілік желбіреп тұратын "Достық туын"көруге елдің түкпір-түкпірінен балалар Аралға барып қайтады. Ондағы "Таңбалы тасқа"өздерінің тілектерін жазады.Біз де біздің бүгінгі "Күш бірлікте" атты сабағымызда "Достық аралына" барып қайтайық. Саяхатымызды әнмен бастасақ.

«Бала тілегі » Сөзін жазған: С.Молдасанұлы.

Әнін жазған:Ф.Жолдасова.

Әңгімелесу.

Бірлік-дегеніміз адамдар бір-біріне көмектесіп,бірлесіп еңбек етуге ұмтылу.Достармен достасу,өзара тіл табысып,тек қана бір-біріне жақсылық ойлап,жақсы сөздер айту.Бір жұмысты бірігіп орындап аяқтау керек. Бір-бірімізге кешіріммен қарау керек.

Ойын «Күш бірлікте» Шарты: Бір балаға бір қорап және қалған балалардың барлығына бір қорап беріледі.Шаблон,ойыншықтар және т.б бір балаға және топ балаға жинату ұсынылады.

Өзіммен-өзім

Ойын-жаттығу. «Қайық жасап алайық»

Шарты: Қайық бөліктері /қағаздан жасалған/ Бөліктерде тапсырмалар жазылады.Тапсырманы орындау арқылы қайықты құрастырады.

1-тапсырма: Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқарасыздар?

2-тапсырма: Егер сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе,олардың бірге жүруі үшін сендер қандай әрекеттер жасар едіңдер?

3-тапсырма: Мысалы: Айдос пен Жандосты сыныптас құрбылары араларына қоспайды.Сендер көпшіл болсаңдар,оларды қалай қосар едіңдер?

4-тапсырма: Бір үйдің балалары бірлікте,тату болуы үшін не істеулері керек?

-Мінеки қайықты құрастырдық.Қайықпен теңізде жүзіп барамыз.

Мәтінмен жұмыс.

«Ырыс алды-ынтымақ» аңызы оқылады.

Талдау сұрақтары:

Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?
"Бірлік болмай,тірлік болмас" деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Дәптермен жұмыс.

-Балалар,алдымызда кездескен үлкен қара тасты бәріміз бірлесіп,жолдың шетіне шығарып тастай аламыз ба? Оны орындау үшін дәптердегі ребусты бәріміз бірге шешейік.

Шешуі: Жұмыла көтерген жүк жеңіл

-Енді тасты жолдың шетіне шығарып тастайық./шығарылады,ребустың шешуі оқылады/.

Қорытынды: Ғажайып сөздер.

Шеңберге тұрып,тақтадағы ғажайып сөздерді хормен айтып,сабақты аяқтаймыз.

Доспыз,тату боламыз,

Бір-бірімізге көмектесеміз.

Бірлесіп еңбек етеміз,

Бірлікте,күшімізді бірге жұмсаймыз.



© 2010-2022