Су еріткіш. Заттардың суда ерігіштігі

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 11.01.2016 ж

Пәні: Химия

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Су еріткіш. Заттардың суда ерігіштігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға су еріткіш, заттардың суда ерігіштігі туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Игерген материалдарын толықтыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Білімді, дарынды озық болуға, есеп шығара білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелерлі қағаздар

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Ауыз су қалай тазаланады?

2.Судың ластануының қандай түрлері бар?

3.Дистилденген суды қалай алады?

III.Үй тапсырмасын пысықтау.

IV.Жаңа сабақ

Ерітіндлер дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір - бірімен физикалық - химиялық әсерлесетін біртекті жүйе.

Ерігіштіктің сандық мөлшері ерігіштік немесе еру коэффициенті арқылы анықталады.Ол белгілі бір температурада қаныққан ерітінді түзген зат масасының еріткіштің көлеміне қатынасы тең.Өлшемі: г/см3, кг/м3, г/мл, г/л. Берілген температурада одан әрі ерімейтін ерітінді қаныққан, ал одан әрі ери алатын ерітінді қанықпаған деп аталады.


Заттар

( 200С - та судағы ерігіштігі)

Жақсы еритіндер

Аз еритіндер

Іс жүзінде ерімейтіндер

Қант (1л суда 2000 г ериді)

Гипс (1л суда 2 г зат ериді)

Күміс хлориді (1л суда 1,5 *10-3г зат ериді)

Температура жоғарылағанда көптеген қатты заттардың ерігіштігі артады.Температура төмендегенде және қысым өскенде газдардың ерігіштігі артады.

V.Сабақты бекіту

1.Ерігіштік дегеніміз не?

2.Ерітінді дегеніміз не?

3.Сұйықтардың және газдардың суда ерігіштігі қандай?

VI.Үйге тапсырма

§ 36 оқу

VII.Оқушыларды бағалау

© 2010-2022