Қолданбалы курс Химиялық анализ негіздері 10, 11 сыныптар

Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қолданбалы курс Химиялық анализ негіздері 10,11 сыныптар

Бекітемін: Келісілді: Әдістемелік бірлестік

ортырысында

қаралды Хаттама №

Мектеп директоры: Теректі аудандық әдістемелік Бірлестік жетекшісі:

Б.З.Нигметов кабинет меңгерушісі: М.Ж. Утепкалиева

Ж.Е. Құтқужиева



Қолданбалы курс

Бағыты: жаратылыстану - математикалық

Бейіні: химия - биологиялық

Тақырыбы: Химиялық анализ негіздері

Сыныбы: 10а

Құрастырушы: Керешова Бибигүл Асылбекқызы

Химия пәнінің ІІ санатты мұғалімі


Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

2012 - 2013 оқу жылы


Түсініктеме хат

Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің жаратылыстану бағытындағы 10 - сыныбына арналады.

Аналитикалық химия пәнінің теориялық негіздері, металл және бейметалл иондарының және олардың химиялық қосылыстарынның қасиеттері, сапалық анықтау әдістері қарастырылған. Осыған байланысты сапалық химиялық анализде катиондар мен аниондарды таңдау барысында мектеп бағдарламасының жалпы курсына енгізілген элемент иондарына ерекше көңіл бөлінді.

Аналитикалық химия - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым. Бұл пән химиялық анализдің теориясы мен практикалық жұмыстарын қарастырады. Өнеркәсіпте (тек қана химиялық емес) аналитикалық химия әдістерімен дайын өнімнің, жартылай өнімнің және бастапқы шикізаттың құрамын зерттейді.

Химиялық анализ негіздері зертелетін объектілердің құрамындағы заттар қандай мөлшерде, қандай түрде және химиялық элементтер бар екенін анықтайды. Осыған байланысты «Химиялық анализ негіздері» атты қолданбалы курста оқушыларға жаңа ақпараттар бере отырып, ой - өрісін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.

Оқушылардың өзіндік дайындалуы үшін химиялық тәжірибелік есептер мен тест тапсырмалар беріледі.


Курстың мақсаты

«Химиялық анализ негіздері» оқушылардың интеллектуалдық дамуын, оларды өздігінше тәжірибе жүргізуде, практикалық ептілікке қалыптастырады. Оқушыларды алынған нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасап, қорытынды жасап, өз ойларын дәптерге дұрыс түсіруге дағдыландырады.

Осы мақсаттарға сәйкес аналитикалық химия пәнін екі тарауға бөледі: сандық және сапалық анализ. «Сапалық химиялық анализ» пәнін оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың берілген пән бойынша жалпы түсініктері мен химиялық анализ әдістері туралы білімдерін толықтыратын негізгі ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.

Сандық анализ пәнін оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды әртүрлі концентрациялы ерітінділер дайындау үшін олардың осыған қажетті есептеу тәсілдерін жүргізе білуін дамытып, өлшеуіш ыдыстармен жұмыс істеуін, өздігінен белгілі концентрациялы ерітінділер дайындап, бір ерітіндіні екінші ерітіндімен стандарттауға үйрету.

Осы тұрғыда жұмыс жасау оқушының білім, білік дағдыларының жетілуіне өмір жолын таңдауда жетістіктерге жетелейді. Өзіндік ізденіске, алдына мақсат қойып, өз бетінше жұмыс жасау жеке тұлғаны тәрбиелейді.

Тәжірибе жүргізу нәтижесінде оқушының бойына білікті маман химик - лаборанттардың жұмыстары туралы ұғым қалыптастыру.

Курстың міндеттері


  1. Оқушылардың химиялық рекция теңдеулерін дұрыс жазуға, және олардың қосылыстардың қасиеттерін білуге үйрету, тәжірибелік жұмыс дағдысына ынталандыру және алған білімдерін тәжірибелік есептерді шешу үшін қолданады.


  1. Әр түрлі сарамандық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың қызығушылығы мен икемділігін жетілдіру;


  1. Қосымша мәліметтер арқылы оқушылардың осы саладағы алған білімдерін тиянақтап, ой - өрісін кеңейтуге мүмкіндік туғызу;


  1. Зертханалық құрал - жабдықтармен және реактивтермен жұмыс жасай отырып, іскерлігі мен біліктілігін арттыру;


  1. Оқушылардың білімдерін жетілдіру үшін мамандық

таңдау жолында дұрыс шешім қабылдауына бағыт

- бағдар беру;


  1. Тәжірибелік есептерді шешу және тест тапсырмаларын орындау негізінде оқушылардың ой - өрісін дамыту;


  1. Осы курс материалдарын оқи отырып, болашақта химия және химиялық технология бойынша таңдалатын мамандықтарын игеруге септігін тигізу.


Пән аралық кіріктірулер


  • Химиямен байланысы.

Металл және бейметалл иондарының және олардың химиялық қосылыстарынның қасиеттері, практикалық жұмыс жасау дағдысына сүйену.


  • Физикамен байланысы.

Кейбір химиялық процестердің энергетикасының термодинамикалық заңдарға байланысы.


  • Математикамен байланысы.

Есептер шығару кезінде математикалық әдіс - тәсілдерді пайдаланып орындау.


  • Медицинамен баланысы.

Оқушылар зертханада жұмыс жасаған кезде кейбір келеңсіздіктерден сақтану үшін, атап айтсақ реактивтермен және газдармен улану, кейбір реактивтерден және газдармен улану, кейбір реактивтерден және ыстық заттардан күйік алу, шыны ыдыстармен және зертханалық жабдықтармен дұрыс жұмыс істемегенде қол жараларын болдырмау және алғашқы көмек көрсету тәсәлдерін қарастыру.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:




  1. Оқушылар зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік ережесін білуі керек.


  1. Оқушылар химиялық рекция теңдеулерін дұрыс жаза білуі керек.


  1. Химиялық элементтер және олардың қосылыстарының қасиеттерін білу керек.


  1. Бұрынғы алған білімдерін тәжірибелік есептерді шешуде қолдана білуі керек.


  1. Тәжірибелерді ептілікпен және ұқыптылықпен орындап, нәтижелерін дәптерлеріне түсіріп, нақты қорытынды жаза білуі керек


Курстың құрылымы

Р/с

Тараулар

Сағат саны

Оның ішінде

Теория

Зертханалық

Семинар

І

Зертханада жұмыс істеу ережелері

7

6

-

1

ІІ

Реакцияларды орындаудың алгоритмдері

4

4

-

-

ІІІ

Катиондарды анализдеу

8

1

5

2

ІҮ

Екінші аналитикалық топ катиондары

7

1

4

2

Ү

Үшінші аналитикалық топ катиондары

8

1

5

2


Барлығы

34

13

14

7



Курс бағдарламасы 34 сағатқа арналған. Аптасына 1 сағаттан. 5 бөлімнен тұрады.




І - бөлім. Зертханада жұмыс істеу ережелері - 7 сағат.

Химиялық зертханадағы техника қауіпсіздігі. Оқушының жұмыс орны. Сапалық жартылай микроанализдің жекелеген операцияларын жүргізу техникасы. Химиялық реактивтер. Дистилденген су. Химиялық ыдыстар және олармен жұмыс істеу және химиялық ыдыстарды жуу және құрғату жөнінде қарастырылады.

ІІ - бөлім. Реакцияларды орындаудың алгоритмдері - 4 сағат.

Реакцияларды микрокристаллоскоптік әдіспен орындаудың алгоритмі. Жалын түсін бояудың сапалық реакцияларын орындаудың алгоритмі. Үлгінің химиялық құрамын иондардың түсі бойынша анықтау алгоритмі және Үлгінің химиялық құрамын бөлінетін газдың иісі бойынша анықтау алгоритмі қарастырылады.

ІІІ - бөлім. Катиондарды анализдеу - 8 сағат.

Бірінші аналитикалық топ катиондарының жалпы сипаттамасы, пайдаланылуы және Nа+ , К+ , NН4+- катионының реакиялары, І - аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдап анықтауды үйренеді. Тәжірибелік есептер орындап, есептер мен жаттығулар шығарып, І - аналитикалық топ катиондары бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

ІҮ - бөлім. Екінші аналитикалық топ катиондары - 7 сағат.

Екінші аналитикалық топ катиондарының жалпы сипаттамасы, пайдаланылуы және Аg+,Рb 2+ - катионының реакциялары, ІІ - аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдап анықтауды үйреніп, тәжірибелік есептерді орындайды. Есептер мен жаттығулар шығарып, ІІ - аналитикалық топ катиондары бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

Ү - бөлім. Үшінші аналитикалық топ катиондары - 8 сағат.

Үшінші аналитикалық топ катиондарының жалпы сипаттамасы, пайдаланылуы және Ва 2+, Са 2+ - катионының реакциялары, ІІІ - аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдап анықтау және І - ІІІ аналитикалық топ катиондарының қоспасын анализдеуді үйреніп, тәжірибелік есептерді орындайды. Есептер мен жаттығулар шығарып, ІІІ - аналитикалық топ катиондары бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

Са

бақтар

Сағаты

Сағат саны

мерзімі

Бар

лығы

Тео

рия

Зертханалық

Семинар

І

І

Зертханада жұмыс істеу ережелері

7

6


1


1

1

Химиялық зертханадағы техника қауіпсіздігі




1


2

2

Оқушының жұмыс орны


1




3

3

Сапалық жартылай микроанализдің жекелеген операцияларын жүргізу техникасы


1




3

4

Химиялық реактивтер


1




5

5

Дистилденген су


1




6

6

Химиялық ыдыстар және олармен жұмыс істеу


1




7

7

Химиялық ыдыстарды жуу және құрғату


1




ІІ

Реакцияларды орындаудың алгоритмдері

4

4




8

1

Реакцияларды микрокристаллоскоптік әдіспен орындаудың алгоритмі


1




9

2

Жалын түсін бояудың сапалық реакцияларын орындаудың алгоритмі


1




10

3

Үлгінің химиялық құрамын иондардың түсі бойынша анықтау алгоритмі


1




11

4

Үлгінің химиялық құрамын бөлінетін газдың иісі бойынша анықтау алгоритмі


1




ІІІ

Катиондарды анализдеу

8

1

5

2


12

1

Бірінші аналитикалық топ катиондары. Жалпы сипаттамасы. Пайдаланылуы


1




13

2

+ - катионының реакциялары



1



14

3

К+ - катионының реакциялары



1



15

4

4+- катионының реакиялары

1



16

5

І - аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдап анықтау

1



17

6

Тәжірибелік есептер

1



18

7

Есептер мен жаттығулар

1


19

8

І - аналитикалық топ катиондары бойынша тест тапсырмалары.

1


ІҮ

Екінші аналитикалық топ катиондары

7

1

4

2


20

1

Жалпы сипаттамасы. Пайдалануы.


1




21

2

Аg+ - катионының реакциялары



1



22

3

Рb 2+ - катионының реакциялары



1



23

4

ІІ - аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдап анықтау



1



24

5

Тәжірибелік есептер



1



25

6

Есептер мен жаттығулар




1


26

7

ІІ - аналитикалық топ катиондары бойынша тест тапсырмалары.




1


Ү

Үшінші аналитикалық топ катиондары

8

1

5

2


27

1

Жалпы сипаттамасы. Пайдалануы.


1




28

2

Ва 2+ - катионының реакциялары



1



29

3

Са 2+ - катионының реакциялары



1



30

4

ІІІ - аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдап анықтау



1



31

5

І - ІІІ аналитикалық топ катиондарының қоспасын анализдеу



1



32

6

Тәжірибелік есептер



1



33

7

Есептер мен жаттығулар




1


34

8

ІІІ - аналитикалық топ катиондары бойынша тест тапсырмалары.




1



Пайдаланылған әдебиеттер

(мұғалім үшін)


  1. Қ.Б.Оралбаева, Мендалиева Д.К. «Сапалық химиялық анализден зертханалық практикум (мектеп оқушыларының факультативтік сабақтарына арналған)» Алматы 2003ж.


  1. Мендалиева Д.К., Чекотаева К.А., Наурызбаева М.К. «Сапалық анализ» Алматы, Қаз.МУ, 1994.


  1. Астафуров В.И. «Основы химического анализа» М.: Просвещение, 1982


  1. Назарова Т.С., Грабецкий А.А.,Лаврова В.Н. «Химический эксперимент в школе»


  1. Н.В. Коровин, Э. И. Мингулина, Н.Г. Рыжова «Лабораторные работы по химии» Москва «Высшая школа» 1998


  1. Мукатова С.Т. «Решения экспериментальных задач по химии» Уральск 2011



Пайдаланылған әдебиеттер

(оқушы үшін)


  • Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов

Алматы «Ана тілі» 1992ж


  • К.Аханбаев «Химия»

Алматы «Ана тілі» 1993ж


  • Мендалиева Д.К., Чекотаева К.А., Наурызбаева М.К. «Сапалық анализ» Алматы, Қаз.МУ, 1994.


  • Назарова Т.С., Грабецкий А.А.,Лаврова В.Н. «Химический эксперимент в школе»


  • Мукатова С.Т. «Решения экспериментальных задач по химии» Уральск 2011


  • М.Б.Усманова, К.Н. Сақариянова «Химия» сандық есептер шығару әдістемелері

Алматы «Атамұра» 2004ж


© 2010-2022