Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік (9 сынып)

Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы. Химиялық құрылысы. Изомерия туралы ұғым Сабақтың мақсаты: •                Білімділік:Органикалық қосылыстардың құрылыстары мен құрылымдары, қасиеттері, қолданылуы және әр қайсысының ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. •                Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық ізденушілік қабілеттерін дамыту. Формуланы дұрыс қолдана білу, қосылыстарды ажырата білу дағдыларын жетілдіру.   •                Тәрбиелік: Оқушыла...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың № 50 Күні:

Сабақтың тақырыбы: IV тарау. Органикалық қосылыстар жөнінде

түсінік.

Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы. Химиялық құрылысы. Изомерия туралы ұғым

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Органикалық қосылыстардың құрылыстары мен құрылымдары, қасиеттері, қолданылуы және әр қайсысының ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.

  • Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық ізденушілік қабілеттерін дамыту. Формуланы дұрыс қолдана білу, қосылыстарды ажырата білу дағдыларын жетілдіру.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды белсенділікке, ашық пікір айта білуге, топпен жұмыс істей білуге, тәртіпті сақтай білуге, уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: есеп шығару, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, түрлі ойындар, сызба-нұсқалар.

Пәнаралық байланыс: технология, медицина, биология, математика.

ІІ. Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 минут

А) Сәлемдесу

Б) Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықты бақылау

В) Оқушыллардың зейінін сабаққа аудару.

2)Үйтапсырмасын сұрау:

Карточка №1

1.Құймалар қалай түзіледі?

2. Құймалардың әр түрлі болатыны неліктен?

3. Шойын мен болатты салыстырып, қолданылатын жерлерін айтып

беріңдер.

Карточка №2

1. Құйма түзілгенде металдардың кристалдық торлары қандай

өзгерістерге ұшырайды?

2. Жеке металдарға қарағанда құйма қасиетінің қандай өзгешеліктері

болады?

3.Темір мен хромның кристалдық торының түрі бірдей, олар қанндай

құйма түзуі мүмкін?

Карточка №3

1. Мыс металы кендерінің Қазақстанда таралуы және алынуы жөнінде

айтып беріңдер.

2. Мырыш және қорғасынның табиғи кендері, олардың елімізде өндірілуі жөнінде білетіндеріңді айтыңдар?

3. Қазақстандағы алюминий және хром кендері, олардың өндіріс орындары туралы не білесіңдер?

3) Жаңа сабақ:

Сендер бұған дейін құрамы әртүрлі элемент атомдарынан тұратын заттармен таныстыңдар. Енді құрамында көміртек атомы болатын органикалық қосылыстарды қарастырамыз. Көміртектің қосылыстарын органикалық химия зерттейді.

Органикалық заттардың ерекшеліктері. Органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғанда біраз ерекшеліктері бар. Барлық органикалық қосылыстардың құрамында көміртек атомы болады. Ал бейорганикалық заттардың бәрінің құрамына кіретін, оларды біріктіретін ортақ элемент жоқ. Органикалық заттардың қайнау және балқу температуралары төмен болады. Олардың тағы бір ерекшелігі барлығы дерлік жанады және қыздырғанда айырылады.

Қазіргі кезде 18 млн-ға жуық табиғи және синтетикалық органикалық заттар белгілі және олардың саны өсуде. Органикалық қосылыстар санының өте көп болуы, көміртек атомының ерекше қасиетіне байланысты. Көміртек атомдары бірімен-бірі өзара байланысып, құрамына көп атом топтары кіретін тізбек түзе алады. Сонымен бірге көміртек атомдары өзара түзу және тармақты тізбектермен қатар тұйық цикл түзіп те байланыса алады:

| | | | | | | | |

- C - C - C - C - - C - C - C - - C - C -

| | | | | | | | |

- C - - C - C -

| | |

Түзу тізбек Тармақты тізбек Тұйық цикл

Сол сияқты, көміртек атомдары өзара - дара, қос, үш еселі байланыстар арқылы да жалғаса алады:

| | | |

- C - C - - C ═ C - - C ≡ C -

| |

Дара байланыс қос байланыс үш еселі байланыс

Органикалық заттардың маңызы. Органикалық заттар табиғатта кең таралған. Адамдар мен жануарлар организмдері өсімдіктер, табиғи газ, мұнай, негізінен органикалық заттардан тұрады. Тіршіліктің негізіне органикалық қосылыстардың бір-біріне айналулары жатады. Органикалық заттар біздің ішетін тағамымыздың (нан, ет, қант, сүт, т.б.) негізгі құрам бөліктері. Киетін киіміміз, жағатын отынымыз және күнделікті өмірде пайдаланатын заттарымыздың басым көпшілігі органикалық қосылыстар болып табылады. Табиғатта белгілі органикалық заттардың біразын жасанды жолмен лабораторияда алуға да болады. Сол сияқты, табиғатта кездеспейтін көптеген органикалық заттар жасанды түрде синтезделіп алынды. Оларға әр түрлі дәрі-дәрмектер, бояулар, пластмассалар мен синтетикалық талшықтар, т.б. жатады.

Органикалық заттардың саны өте көп және олардың қасиеттері бейорганикалық заттардан ерекше болғандықтан, олардың құрамдарын, қасиеттерін, өзара айналуларын және қолдануларын химия ғылымының үлкен бір саласы - органикалық химия зерттейді.

Органикалық химия - химияның көміртек қосылыстары мен олардың қасиеттерін зерттейтін саласы.

Ең қарапайым органикалық қосылыс - метанды СН4 мысалға алып, органикалық заттардың құрылысымен танысамыз. Метан молекуласындағы төрт сутек атомы ортасындағы көміртек атомының айналасында симметриялы орналасады.

Құрылым формуласында атомдар арасындағы сызықшалар коваленттік байланыс түзуші электрон жұбын көрсететінін сендер бұрыннан білесіңдер.

Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы - органикалық химияның ең негізгі заңы 1861 ж. Орыс ғалымы А.М.Бутлеров ұсынған теорияның негізгі қағидалары төмендегідей:

1.Молекуладағы атомдар валенттіліктеріне сай өзара белгілі бір тәртіппен байланысады.

2.Органикалық заттардың қасиеттері олардың құрамына қандай атомдар және қонша мөлшерде кіретіндіктеріне тәуелді болуымен қатар, ондағы атомдардың өзара байланысу ретіне де тәуелді болады.

Молекуладағы атомдардың байланысу ретін молекуланың химиялық құрылысы деп атайды.

Молекулалық формулалары бірдей, бірақ молекуласының құрылысы әр түрлі болғандықтан қасиеттері де әр түрлі болатын заттар изомерлер деп аталады. Грекше «изос» -тең, «мерос» - бөлшек деген мағынаны білдіреді.

Құрамында тек қана екі элемент - көміртек пен сутек атомдары кіретін органикалық қосылыстар көмірсутектер деп аталады.

4) Бекіту: Өтілген жаңа тақырыпты оқушылардың түсінуі мен есте сақтауы үшін сұрақ қою арқылы және тақырыпқа байланысты есептер шығару арқылы ұғындыру.

Сабақты бекіту мақсатында «Органика» атты сөзжұмбақ таратылады.

1. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын ұсынған ғалым (Бутлеров)

2. Қай ғалым организмнен алынатын заттарды "органикалық заттар" деп

атауды ұсынған? (Берцелиус)

3. Метанның агрегаттық күйі қандай? (Газ)

4. Ең қарапайым органикалық қосылыс (Метан)

5. Халық "қара алтын" деп атайтын көп тараған органикалық зат (Мұнай)

6. Молекулалық формулалары бірдей, бірақ молекуласының құрылысы да, қасиеттері де әр түрлі болатын заттар қалай аталады? (Изомерлер)

7. Құрамына тек қана екі элемент - көміртек пен сутек атомдары енетін қосылыстар қалай аталады? (Көмірсутектер)

8. Метан молекуласының кеңістіктік моделі қандай? (Тетраэдр)

5) Бағалау: Оқушыларды тақтаға есеп шығарғанына, үй тапсырмасына жауап берген, жаңа тақырыпты игеруі бойынша бағалау.

6) Үй тапсырмасы: §40. Органикалық заттардың ерекшеліктері мен

маңызы.


© 2010-2022