Сутек-химиялық элемент және жай зат. Блум жоспары 8-класс

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сабақтың өтілу

мерзімі

04.02.2015 жыл

Сыныбы

8«ә» сыныбы

Пәні

химия

Сабақтың

тақырыбы

Сутек-химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары

Сабақтың мақсаты

Сутек-химиялық элемент және жай зат екенін ажырата білуге және сутектің изотоптарын уйрету

Сілтеме

химия оқулығы, 8- сынып

Сабаққа қажет материалдар (интербелсенді тақта, кеспеқағаз, маркерлер, стикерлер, стакан,сабын көпіршіктері, Д.И.Менделеев кестесі т.б)

Оқыту

Нәтижесі

Сутек-химиялық элемент және жай зат екенін ажырата алады және сутектің изотоптарын біледі

Әдіс-тәсілдер

Жеке, топтық жұмыс, Диалогтық оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Кері байланыс

Берілген тапсырмаларды орындату арқылы және бағалау түрлері арқылы байланыс жасау;

Ресурстар мен құрал-жабдықтар

Тақта, маркер, стикер, оқулық

Бағалау әдістері

Сөзбен бағалау /ауызша/, критерийлер бойынша бағалау парақтары, топтық, өзін-өзі бағалау, жиынтық бағалау

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу.Топқа бөлу

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады. Психологиялық дайындайды.Сыныпты

4 топқа бөлемін

Сәлемдеседі, сабаққа назар аударады. Топқа бөлініп отырады.

Үй жұмысын сұрау

Сөзжұмбақ аркылы уй жұмысын сұраймын және бүгінгі сабақтың мазмұны ашылады

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын атайды.

Білу, түсіну кезеңі

1-топ

Сутектің ашылу тарихы

2-топ

Д.И.Менделеев кестесіндегі сутектің орналсқан орнына жалпы сипаттама

3-топ

Сутек-химиялық элемент және жай зат деген ұғымның айырмашылығы

4-топ

Сутектің изотоптары

Топ мүшелері сұрақтың жауабын ұсынады.Топтар бір-бірін дұрыс жауабын экран арқылы тексереді

2.Түсіну

Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңізер

1-топ

Н2 + СL2 =

2-топ

Н2 +О 2 =

3-топ

Н2 +S =

4-топ

Н2 + С =

Оқушылар реакция теңдеуін аяқтап, теңестіреді. Топтар бір-бірін дұрыс жауабын экран арқылы тексереді

3.Қолдану.(Есептер шайқасы)

Қане, балалар қай топ жүйрік екен

1-топ . Судың құрамындағы сутектің массалық үлесі

2-топ . Күкірт қышқылыың құрамындағы сутектің массалық үлесі

3-топ. 6г сутек жанғанда түзілетін судың массасы

4-топ . 9г сутектің зат мөлшері қанша

Оқушылар берілген тапсырмаларын орындап, есептерін шығарады.

4.Талдау

Газ тәрізді заттардың жалпы сипаттамасын салыстырыңыз

Қай топ шапшаң қимылдайды?

Барлық топтар Газ тәрізді заттардың жалпы сипаттамасын салыстырып жазады.

Топтар бір-бірін дұрыс жауабын экран арқылы тексереді

5.Жинақтау

Жай мұғалім - хабарлайды,
Жақсы мұғалім - түсіндіреді.
Керемет мұғалім - көрсетеді,
Ұлы мұғалім - шабыттандырады-дей отырып оқушыларға Миллион кімге бұйырады-тестін орындатамын. Бұл жеке жұмыс

Оқушылар тестті жеке орындап, жауабын экран арқылы тексереді

6. Бағалау

1 минуттық эссе(Сутектің адам өмірінде маңызы бар ма) жазуды ұсынамын. Сонымен біз бүгін сабақта не үйрендік, осы туралы алдарыңдағы кері байланыс парағына жазмыз.

Әр топтан 1-2 оқушы айтып шығады. Оқушылар кері байланыс парақтарын толтарады.

Рефлексия

Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды

Кері байланыс

Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды

Кері байланыс

Үйге тапсырма

§ 21,22,24.

Оқулықтағы

6, 7-жаттығулар

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады

























© 2010-2022