• Преподавателю
  • Химия
  • ҚМЖ тақырыбы Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі элементтерді биологиялық ролі

ҚМЖ тақырыбы Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі элементтерді биологиялық ролі

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі элементтерді биологиялық ролі.

Мектеп: М.Төлебаев атындағы орта мектебі

Күні: 30.11.2015

Мұғалімнің есімі: Аукенова А.Қ.

Сынып: 8

Қатысқандар

саны: 20

Қатыспағандар

саны: жоқ

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Әрбір химиялық элементтердің адам ағзасындағы атқаратын рөліне, маңызына және қажетті тоқталу. Макро-, және микроэлементтердің түрлері жайлы оқушылардың білім деңгейлерін толықтыру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Химиялық элементтердің табиғатта кездесуі, олардың адам организміндегі ролі жайлы толық мағлұматтар беру, сонымен қатар Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң бойынша алған білімдерінің деңгейін көтеру және шыңдай түсу.

Оқушылардың басым бөлігі:

Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбын оқыту арқылы оқушылардың күнделікті дұрыс тамақтана білуін дағдыландыру.

Кейбір оқушылар:

«Адам ағзасындасында кездесетін химиялық элементтер» тақырыбы тек химия пәнімен ғана емес, биология, медицина салаларымен тығыз байланыста екендігін айта отырып, болашақта өз мамандығын таңдаудағы ой-өрісін дамыту.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Оқушылар термин сөздерді айта алады;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Химиялық элементтердің атауларын жатқа айта алады, период, топ, топша, т.б.

Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Химиялық элементтерді жіктей алады;

Химиялық элементтердің маңызы жайлы біледі;

Химиялық элементтердің адам организміндегі ролі жайлы білім алады;

Алдыңғы оқу


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Бағалау

Ресурстар

«Ой қозғау»



Оқушылармен амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Екі шындық бір өтірік» ойыны арқылы шаттық шеңберін ұйысдастыру.

І топ- «Кальций»;

ІІтоп-«Темір»

ІІІ топ-«Фосфор»;

ІҮтоп-«Азот»

атты түрлі-түсті қағаздар арқылы бөлемін. Топ арасында қызметкерлер тағайындалады. Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында өткен сабақ тақырыбында сұрақ-жауап «Түтікше» арқылы аламын. Яғни, барлық оқушыға сабақ басында түрлі түсті түтікшелер таратып беремін, сол түтікшелерді маған үй жұмысынан әр қайсысы бір-бір сөйлемайтып шығады. Сонда тақырып толық қамтылып шығады.

«Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян» жұмбақтарды жасыру арқылы металдарды табу.

1. Су бетінде қалықтап, қандай металл жүзеді?
Айтшы, ойланып, денеңде жетпейтін қандай тұз еді?(натрий)
2. Ертеден белгілі жетеудің бірімін.
Электроника саласында ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін (мыс )
3. Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым,
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын,
Мені балқыта алмай қиналады көбісі,
Қазақстан әлемінде, кенім жөнінен бірінші (вольфрам)
4. Қара металлургия жанымын,
Машина, трактордың қанымын.
Жетінші қосымша топшада болсам да
Металл атаулының ең көп қолданылатын санымын (темір)
5. Табылса бұрын там-тұмнан,
Қазір көп әр өлке де,
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде?(алюминий)
6. Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға қолданады (қорғасын)
7. Күмістей өзі жылтыр,өзі сұйық.
Қандай металл, құрал жасар, оны құйып (сынaп)
8. Аспен келеді, тамаққа дәм береді(NaCl)

Топ бағалаушысы: «Үштік» баллдық жүйемен бағалап отырады.

Power Point таныстырылымы,

І топ- «Кальций»;

ІІтоп-«Темір»

ІІІ топ-«Фосфор»;

атты түрлі-түсті қағаздар, ақ бет, бағалау парағы.

«Мағынаны тану»

«Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыстанады.

І-ІІ топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы химиялық элементердің биологиялық рөлі.( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т.б метал үлгілері)

ІІІ-ІҮ топ тапсырмасы. Химиялық элементтерге бай тағамдар туралы мәлімет. (алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т.б) тақырыптарында топтар берген мәліметтерді меңгеріп, өзара талқыға салады.

Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін «Еркін микрофон» әдісі қолданылады. Әр оқушы өз еркімен алған білімдерімен бөліседі.

Үштік балдық жүйемен топ бағалаушысы бағалап отырады.

Power Point таныстырылымы,

Ватман, маркерлар, қайшы, желім, оқулық, бағалау парағы, «7 сұрақ» парақшасы

«Ой толғаныс»

«Сырға толы сандық» әдісі арқылы тақырыпты бекітемін. Яғни әр оқушы кішкене беттерге бүгінгі тақырыптан білгендерін жазып, оқып беріп, сандыққа салып кетеді.

Кері байланысты «Тазалық» кестесімен аламын. Яғни, кестеде «Чемодан», «Еттартқыш» және «Қоқыс тастайтын ыдыстың» суреті турады. Соған оқушылар бүгінгі сабақта мен көп білдім. Осының ішінде нені жақсы түсінгенін жазып, осы маған керек, жадымда сақтаймын десе чемоданға, ал енді бүгінгі тақырыптың мына жерін түсінген жоқпын, осыны әрі қарай зерттеп, талдып оқуым керек деп жазып, еттартқышқа, енді бүгінгі сабақта мен мұны білемін, менің жадымда бұл бар деп соны жазып, қоқыс тастайтын ыдысқа кері байланыс жазып кетеді.

Топ бағалаушысы: «Үштік» баллдық жүйемен бағалап отырады.

Power Point таныстырылымы,

Ватман, конверт, маркерлар, қайшы, желім, оқулық, бағалау парағы, бор.

Қосымша ақпарат

Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бүгінгі өткен сабағымда мақсаттар шынайы қолданылды. Осы әдіс-тәсілдерді алғаным дұрыс болды. Соның ішінде «жигсо» стратегиясы арқылы балалар еркін диалогқа түсіп, оқыған мәтіндерін сыни тұрғыда ойлай отыра постерге суреттеп түсірді. «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізте білді. Бүгінгі тақырыптан не алды сол мәліметімен басқа оқушылармен бөліскені керемет болды. Осы әдістерді қолданғаным тиімді болды. Және де берілген уақытта үлгеріп отырдым. Себебі тақырып оқушыларыма жеңіл болды, оқушылар регламент сақтай алды. Әрі қарай өз жоспарыма А деңгейдегі оқушыға күрделірек әдіс қолданамын деп жоспарлап отырмын.



Қорытынды бағамдау


Әр тапсырмада оқушыларым формативті бағаланып отырды. Сабақ соңында суммативті баға қойдым.

Үйге тапсырма: Ғаламтордан қосымша материалдар тауып, білімдерін дамыту.


Тексерілді:

Бағалау парағы

Топ:

Оқушының

аты-жөні:


«Ой қозғау»

«Түтікше»

«Мағынаны тану»

«Ой толғаныс»

«Кір жаятын жіп»


Белсенділігі

«Постер қорғау»

«Еркін микрофон»

1







2







3







4







5







6







Бағалау парағы

Топ:

Оқушының

аты-жөні:


«Ой қозғау»

«Түтікше»

«Мағынаны тану»

«Ой толғаныс»

«Кір жаятын жіп»


Белсенділігі

«Постер қорғау»

«Еркін микрофон»

1







2







3







4







5







6







Бағалау парағы

Топ:

Оқушының

аты-жөні:


«Ой қозғау»

«Түтікше»

«Мағынаны тану»

«Ой толғаныс»

«Кір жаятын жіп»


Белсенділігі

«Постер қорғау»

«Еркін микрофон»

1







2







3







4







5







6







Бағалау парағы

Топ:

Оқушының

аты-жөні:


«Ой қозғау»

«Түтікше»

«Мағынаны тану»

«Ой толғаныс»

«Кір жаятын жіп»


Белсенділігі

«Постер қорғау»

«Еркін микрофон»

1







2







3







4







5







6









© 2010-2022