Жаңа форматта атқарылып жатқан жұмыстар

Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа форматта атқарылып жатқан жұмыстар есебі.


Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын оқып келген көшбасшымыз мектепке тәжірибеге келгеннен бастап мен өз жұмыстарын бастап кетті. Мектепке ең бірінші коуч, коучинг, ментор, менторлық ұғымдарын енгізді. Коучинтер өтізген күннен бастап мұғалімдерге оқыту мен оқуды қалай жақсартуға байланысты әдіс -тәсілдер туралы айтып түсіндіруден жалықпады. Сабақтарында нұсқаулар беріп отырды. Көшбасшымыз бұрынғыдай мұғалім ғана емес сонымен қатар өзімнің басқа адамдарға да қажет екенімді түсінді.

Аз уақыттың ішінде мектепті түбегейлі өзгерту әрине қиын. Бірақ ол кісінің қолынан келді десем болады. Себебі ол кісінің жұмысы біздің мұғалімдердің және оқушылардың жұмыстарының нәтижелерінен көруге болады. Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы - оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады.

Өз сабақтарыма жаңалық енгізу үшін журналдардан, газеттерден тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдердің еңбегін пайдаланатынмын. Ол тәсілдер мен әдістердің атын да білмейтінмін. Оқушыларым әрқашанда қандай әкімшілік тексерістер мен бақылаулардан, тесттерден жоғары ұпай алса, сол нәтиже, сол сапа деп түсінетінмін. Сол алған білімдерін оқушылар өмірлерінде қолдана алмай жатқанын, өмір ағымы мен талабы байқатты.

Өзімнің осы уақытқа дейінгі беріп келген сабақтарым үшін ыңғайсыздандым. Көшбасшымыздың мақсаты мектепте қауымдастық құрып, мектептің даму жоспарына ықпал ету. Мен көшбасшымен жұмыс істеуге, мектептің дамыту жұмыстарын дамытуға үлес қосып жатқаныма өте қуандым. Сабақтарыма қатысып, нұсқаулар беріп отырды. Бұрынғыдай мұғалім ғана емес сонымен қатар өзімнің басқа адамдарға да қажет екенімді түсіндім. Көшбасшымыздың осындай мақсатта, осы бағытта жол көрсеткендігіне жұмысқа деген белсенділігім, құштарлығым оянды.

Тек, мұғалімдер үшін ғана емес, оқушылардың жаңаша оқытуға қуанғандарында шек жоқ. Олар өздерін сабақтарда еркін ұстауға, өз пікірлерін айтуға үйренді. Неше түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға сабақтар өткізу арқылы, өзім де бір талай нәрселерді үйрену үстіндемін. Қазіргі кезде менің мақсаттарымның бірі - осы деңгейлік курсты оқып, мемлекетіміздің, мектебіміздің көркеюіне үлес қосу.

Осы сындарлы оқытуды сабақтарымда пайдаланғаннан оқушыларымның білім сапасы әлде қайда жоғарылады деп ойлаймын, мысалы:

Химия пәнінен І және ІІ тоқсан бойынша салыстырмалы есебі.

8 сынып бойынша химия пәнінен сағат жүктемесі 68 сағат, аптасына 2 рет.

І тоқсан - 18 сағат. Білім сапасы - 69%, үлгерім 100% құрады.

ІІ тоқсан - 14 сағат. Білім сапасы - 76%, үлгерім - 100% құрады.

9 сынып бойынша химия пәнінен сағат жүктемесі 68 сағат, аптасына 2 рет.

І тоқсан - 18 сағат. Білім сапасы - 50%, үлгерімі - 100% құрады.

ІІ тоқсан - 14 сағат. Білім сапасы - 57%, үлгерімі - 100% құрады.

10 сынып бойынша химия пәнінен сағат жүктемесі 34 сағат, аптасына 1 рет болғандықтан І тоқсанда қорытылмады.

І жарты жылдық бойынша 16 сағат. Білім сапасы-78%, үлгерімі-100% құрады.

11 сынып бойынша химия пәнінен сағат жүктемесі 68 сағат, аптасына 2 рет.

І тоқсан - 18 сағат. Білім сапасы - 78%, үлгерімі - 100% құрады.

ІІ тоқсан - 14 сағат. Білім сапасы - 81%, үлгерімі - 100% құрады.

Байқап отырсам, І тоқсан білім сапасынан ІІ тоқсан білім сапасы әлдеқайда жоғарылаған. Қыркүйек айынан бастап сындарлы оқытуға оқушылар үйренбей, тапсырмаларға үлгермей жатқандықтан білім сапасы төмен болды деп ойлаймын. Сонымен қатар өзім де жаз бойы коучингтерге қатысып, алған тәжірибелерімді сабақ үстінде дұрыс қолдана алмаған кездерім де болды. Ал, ІІ тоқсанда білім сапасы жоғарылаған себебі, енді сол І тоқсандағы қателіктерімді қайталамауға тырыстым, сонымен қатар оқушыларда сабаққа деген көзқаратары жақсарып, ынталанып, берілген тапсырмаларға үлгеріп отырды.

Оқушылардан сауалнама алғанда, оқушылар сындарлы оқыту бойынша сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдерге үйренгендері, уақытты тиімді пайдалануы, сабақта өздерін еркін ұстауға үйренгендерін атап өткен. Сабақтарымызда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын, білім сапасын жақсартады деп ойлаймын.

І - ІІ тоқсан бойынша химия пәнінен білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші






Химия пән мұғалімі: Аукенова А.Қ.



© 2010-2022