Сабақ Сандық есептер шығару

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Қоскөл ОЖББММ





«Сандық есептер шығару»

/8-сынып /











Химия пәнінің І санатты мұғалімі:Жұмақай.Г.С





2013-2014 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Сандық есептер шығару»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын және мольдік массасын есептеуді,химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын,массасын ж/е зат мөлшерін есептеу туралы түсіндіре отырып,есептер шығаруға үйрету.

Әдісі:СТО элементтері,топқа бөлу,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Ауызша журнал.

Көрнекілігі:Д.И.Менделеевтің периодтық системасы,кестелер,слайдтар,карточкалар.

Пәнаралық байланыс:математика,физика.

Барысы:

Ұйымдастыру;

Сыныпты химиялық ыдыстардың суреттері арқылы 2 топқа бөлу;

1-бет.Теория 2-бет.Формула 3-бет.Есеп 4-бет.Тест

5-бет.Бағалау парағы 6-бет.Үйге тапсырма

1-бет.

-Химиялық формула дегеніміз не? -Химиялық теңдеу дегеніміз не?

-Химия пәні дегеніміз не? -Валенттілік дегеніміз не?

-Валенттілік нешеге бөлінеді? -Қоспалар нешеге бөлінеді?

-Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты? -Зат массасының сақталу заңын кім ашты?

-Химиялық реакциялар нешеге бөлінеді? -Физикалық және химиялық құбылыстар дегеніміз не?

2-бет.Формула

І топ

Салыстырмалы атомдық масса қандай әріппен белгіленеді?

Мына теңдеулерді теңестіріп жаз

Р+О22О5

Na+S=Na2S

Mg+N2= Mg 3N2

Салыстырмалы молекулалық масса қандай әріппен белгіленеді?

Авагодра саны нешеге тең,қандай әріппен белгіленеді?

ІІ топ

Молярлық массаның формуласы қандай?

Периодтық кестеден салыстырмалы атомдық массаны қалай табамыз?

Моль қандай әріппен белгіленеді?

Мына теңдеулерді теңестіріп жаз

Ғе+О2 =Ғе2О3

АІ+S=АІ2S3

К+О2= К2О

3-бет.Есеп

І топ

1)Аr(АІ)=

2)Мr(АІ2О3) =

3)24гр алюминий оттегімен әрекеттескенде түзілген алюминий оксидінің массасын,зат мөлшерін,молекула санын табыңдар.

АІ +О2= АІ2О3

4)5моль мыс (ІІ)оксидінің массасын есепте (СиО)

ІІ топ

1) Аr(Са)=

2)Мr(Р2О5) =

3) 16гр фосфор оттегімен әрекеттескенде түзілген фосфор(V)оксидінің массасын,зат мөлшерін,молекула санын есепте

4)5 моль темір (ІІІ)оксидінің массасын есепте (Ғе2О3)

4-бет.Тест

1.Атом дегеніміз не?

А)Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі

Б) Заттың химиялық жолмен бөлінетін ең ұсақ бөлшегі

В)Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі

2.Молекула дегеніміз не?

А)Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі

Б) Заттың химиялық жолмен бөлінетін ең ұсақ бөлшегі

В)Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі

3.Химиялық элемент ұғымын алғаш енгізген ағылшын ғалымы

А)Д.И.Менделеев Б)Р.Бойль В) Н.Н Зинин

4.Химиялық таңбаның алдында тұрған сан қалай аталады?

А)зат мөлшері Б)индекс В)коэффициент

5.Гидрогениум қай элементтің латынша атауы

А)оттегі Б) сутегі В) сынап

1.Аурум алтын элементі «иә» «жоқ»

2.Авогадро саны 6,023.1023 тең «иә» «жоқ»

3.Валенттілік рим санымен жазылады «иә» «жоқ»

4.Екі немесе бірнеше заттың бірігіп,бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды «иә» «жоқ»

5.Бір заттың бірнеше затқа айналуын орынбасу реакциясы деп атайды«иә» «жоқ»

5-бет.Бағалау парағы

Оқушылардың аты-жөні

теория

формула

есеп

тест

баға




6-бет.Үйге тапсырма

А)Қайталау

Б)масса,молекула санын табуға,зат мөлшерін табуға 3 есеп құрастыру керек.

В)алғашқы химиялық ұғым тарауына ребус құрастырып келу





© 2010-2022