Металдар және олардың қосылыстары10 сынып

Оқушыларға алға теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдануды үйрету.Ұғымдарды салыстыру,жалпылау,қорытындылауды үйрету.Топпен жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдай білуге дағдыландыру.Тарау бойынша теориялық алған білімдерін есептеп  шығарып алып,күнделікті өмірде қолдана алады.Деңгейлік тапсырмалар беріліп,оқушы өз деңгейінде тапсырмаларды орындау арқылы ,өз білімін бағалайды.Оқушы пікірі тыңдалып,ұсыныс жасалады. Топтық жұмыстың жақсы жері бәрі бірдей қатысып,есеп шығармай отыратын оқушы болмайды.С...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 10 жм

Күні: 19.02.15 Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы


Металдар және олардың қосылыстарына есептер шығару

Мақсаты


Оқушыларға д-элементтерге есептер шығару дағдыларын одан әрі қарай дамытуды жалғастыру.

1.Оқушыларды алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдануды үйрету.

2. Оқытылатын ұғымдарды салыстыру, жалпылау, қорытындылауды үйрету, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру . Оқушылардың бір-біріне көмек бере отырып, білімдерін нығайту, өз бетімен есеп шығару дағдыларын дамыту.

3. Топпен жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлауға, бір-бірін толықтыруға, өздігінен жұмыс жасауға, өз білімін өзі бағалап, тексере білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер


Тарау бойынша алған теориялық білімдерін есептеп шығарып, күнделікті өмірде қолдана алады.

Есептерді талдай, өздігінен қорытынды жасап, дәлелдей алады.

Шығармашылық деңгейі көтеріледі.

Ізденушілік белсенділіктері дамиды.


Керекті жабдықтар

Стикерлер,компьютер, флипчарт, маркерлер, деңгейлік тапсырмалар, бағдаршам, жетістік ағашы

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


-Сәлематсыздар, ма балалар?

-Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

Балалар, мен сендерге үш түрлі стикерлерді үлестіріп берем.Бір түстес стикерлер бір топты білдіреді. Топ бойынша отырады

Амандасады, сабаққа дайындалады

Стикерлер арқылы топтасады

Тұсаукесер


Химиялық диктант

  1. Табиғи су топырақпен жанасқанда одан гидрокарбонаттар мен басқа тұздарды шаяды-+

  2. Кермек суда ет, көкініс және жармалар жақсы піседі, сабын жақсы көбіктенеді.

  3. Кермек суда шәйнекте , жылу қондырғыларда қақ түзеді+

  4. Қақ түзу үрдісі қауіпті , себебі қақ өте қатты қызып, қопарылуы мүмкін+

  5. 5. Судың кермектігі кальций және магний иондарының болуымен түсіндіріледі+

  6. Табиғи суларда олардың мөлшерлері неғұрлым аз болса, кермектік соғұрлым жоғары болады-

  7. Тұрақты кермектікті карбонатты деп , атайды-

  8. Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы жоюға болады+

  9. Көп мөлшерде су қайнату техникада арзанға түседі, сондықтан бұл әдісті жие қолданады-

  10. Жалпы кермектікті жоюдың ең жақсы реагенті натрий фосфаты+

Тексеріледі

Мульфильм қарау «38 попугай»

Проблемалық, ой қозғау сұрақтар

-Бұл мұльфильді не себептен көрсеттім?

-Өткен сабақпен қандай байланысы бар?

-Бүгінгі сабақта немен айналасамыз, қалай ойласыз?

-Бүгінгі сабақта есеп шағарамыз.

Сабақтың тақырыбы:

Мақсатымен таныстырылады

Критериямен таныстырады

Химиялық диктант жазады





Сағат согуы бойынша бір-бірін тексереді, бағалайды

Оқушылардың пікілері тыңдалады.

Күн ретін, сынып жұмысын, тақырыпты дәптерлеріне жазады

Критериямен танысады


Негізгі бөлім


Топтық жұмыс

І топ.Мына тізбектегі бағдаршалар бағыты бойынша жүретін реакция теңдеулерн жазыңдар. Бәрінде сілтілік металл болсын 4-25

ІІ топ-4-32

ІІІ топ4-39


Деңгейлік тапсырмалар

А-

1.300 г 2 пайыздық натрий хлориді ерітіндісі мен 200 г 1 пайыздық күміс нитраты ерітіндісі әрекеттескенде түзілетін тұнбаның массасы қандай?

2. Шоқпар кен орнынан Алматы ізбес зауытына 760 т 17 пайыз қоспасы бар ізбес тас әкелінді. Одан қанша өртелгенде ізбес алуға болады.

3. 20 г натрий гидроксиді мен 40 г хлорсутек әрекеттескенде неше грамм тұз түзілді?

В-

1.9,2 г натрий суда ерігенде түзілетін гидроксидтің және сутектің массасын есептеңдер.

2.

Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

Mg MgSO4 Mg (OH)2 MgCL2

С-

Судың кермектігін кетіру әдісін естеріңе түсіріп, реакция теңдеулерін жазыңыз. Егер шәйнек қабырғасына 10 г қақ СаСО3 тұрған болса, оны кетіруге қанша тұз қышқылы жұмысалады.

Топтық тапсырмада схемалар флипчартта берілген, оқушылар топта талдап, химиялық реакцияларды жазады, қорғайды, бір-бірін стикермен бағалайды

оқушылар өздерінің деңгейі бойынша есептеулер жүргізеді


Алға ұмтылу, есепті шапшаң, бірінші болып шығаруға тырысады және есептің шығару жолдарын түсіндіреді бір-біріне, содан соң мұғалімге

Қорытынды


Қандай формулалар қолданылды?

Бұл есептерді не үшін шығардық?

Рефлексия. Жетістік ағашы


Бағалау


Үйге тапсырма:

Деңгейленген тапсырма: А-113

В-120 С-122 120 бет есептер жинағы


Оқушылар қорытынды жасайды

Сабақтағы қиындықтары мен сәтті жақтарын жазады, іледі

Сабақтың табыс критерийлері бойынша бағаланады.

Үй тапсырмаларын дәптерге , күнделікке жазады

Сабақты талдау


Сабақ бойынша өзгертулер




© 2010-2022