химия әлемінде сыныптан тыс іс шара (8-9 сынып)

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Химия әлемінде»
Ойынның мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу.
Көрнекілігі: карточкалар, слайд
І бастаушы: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қымбатты сайысқа қатысушылар!
Бүгінгі біздің «: Химия әлемінде» атты сайысқа қош келіпсіздер!
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді әрі білікті жас жеткіншек.
Сонымен, сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық. Топтармен танысу рәсімі (музыка орындалады).

Қарап тұрмай бәйгеге сіз еріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - дей келе біз бірінші кезең - бәйгені бастайық.
І кезең «Бәйге»

ІІ кезең «Мозайка»

ІІІ кезең «Полиглот»

ІV кезең «Жорға»

V кезең «Дода»


1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды.(8 - 9 сынып курсынан)
2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді.
3. Жауап жалаушаны көтеру арқылы беріледі.
4. Жауапқа бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
5. Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады, бұл шартты екі мәрте бұзған ойыншы ойыннан шығарылады.

Сұрақтар:
1. Оттектің атомдық массасы нешеге тең? (16)
2. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)
З. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом, нейтрон)
4. Жылу бөле жүретін реакция (экзотермиялық) 5. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)
6. Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)
7. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл (қорғасын - Pb)
8. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың химиялық атауы ( калий пермаганаты)
9. Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды?
(Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар).
10. Эндотермиялық реакция дегеніміз не (жылу сіңіре жүретін реакция) 11. Оң зарядталған ион (Катион)
12. Өсімдік тіршілігіне қажетті элементтерді ата. (Р, К, N)
13. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды. (Фтор)
14. Азот металдармен әрекеттескенде қандай қосылыс түзеді? (нитридтер)
15. Аммиактың судағы ерітіндісі? (мүсәтір спирті)
16. Фосфордың табиғи қосылыстарын ата? (фосфорит, апатит)
17. Зат мөлшері немен өлшенеді (мольмен)
18. Молярлық масса немен өлшенеді және немен белгіленеді (г-моль, М) 19. Күкірт қышқылының формуласы (H2SО4)
20. Атомдық массасы 32 -ге элемент (күкірт)
(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды).

II кезең «Мозайка»

Әр топқа карточкалар беріледі. Сөздерден сөйлемдерді құрастыру керек.

  1. Массалық үлес дегеніміз - химиялық қосылыстағы ато массасының бүкіл молекуласының массасына қатынасы.

  2. Валенттілік - химиялық элемент атомның басқа химиялық элемен атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.

IІІ кезең «Полиглот».
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
Қатысушылар берілген жұмбақты шешу немесе мақалды аяқтау арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған сөзге 10 ұпай)

1. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, айс,)
2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа, воздух, air)
3. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ (Темір, железо, iron
4. Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода, water)
5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt)
6. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
7. Иісі, түсі, өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, oxygen
8. Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас екен.
Жауабы: Күміс, Серебро, silver

(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
V кезең «Дода»
Бүгін де химия барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,
1. Бұл кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша таңдау жасайды: Биология және медицина, ұлы тұлғалар, қилы сұрақтар, т. б
2. Қатысушыларға үш тақырып беріледі. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10; 20; 30; 40, 50 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны - 5, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде жалауша көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
«Ұлы тұлғалар»:
10 - Универсалды тұрақты - идеал газдың 1 мольндегі молекула санын ашқан итальяндық ғалым(А. Авогадро)
20 - Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Д. Пруст)
30 - «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» қай ғалымның сөзі? (Қ. Сатпаев)
40 - Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген ғалым (И. А. Каблуков)
50 - «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик ғалымы? (Д. И. Менделеев).

Биология және медицина:
10 - Адам ағзасында кездесетін микроэлементтер. (иод,фтор,алюминий,бром)
20 -Күнделікті өмірде қолданатын зат? (тұз)
30 - Адам дем шығарғанда қанша % СО2 бөледі? (4%)
40 - Бұл заттың 0, 9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста да қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (NaCl натрий хлориді)
50 - Бұл затты тамақпен уланғанда дәрі түрінде қолданады, оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бүл қай дәрі? (белсендірілген көмір)
Қилы сұрақтар:
10 - Алюминийдің атомдық массасы неше? (27)
20 - Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз? (оттек) 30 - Ежелгі грек ертегісіндегі батырдың атына сәйкес элемент (тантал)
40 - Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
50 - 1400 С және 58 атмосфера қысымда ауа өзгеріске ұшырай ма, қандай? (сұйылады)


(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
ІV кезең «Жорға»
Ең қиыны жарыстың "Жорға" келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Бұл кезеңге 2 оқушы қатысады. Жүргізуші 1 минут ішінде сұрақтарды оқиды.
1. Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар (тұздар)
2. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болу құбылысы (аллотропия)
3. Қоспа дегеніміз не (екі немесе одан да көп заттардан тұрады)

4. Авогадро санын кім ашты ( А.Авогадро)
5. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром)
6. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды (нитраттар)
7. Қоспалар нешеге бөлінеді?Қалай? (2, біртекті, әртекті)
8. Жану үрдісі үшін 3 жағдай қажет: оттектің болуы, белгілі температура және.... 3 - ші компонентті атаңдар. (отын)
6. Озон қабатының қандай қызметі бар?( Ол күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады).
7. Сұйық күйде болатын 2 жай затты ата (Нg, бром )
8. Оксидтер дегеніміз не? (біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған, биэлементті қосылыстар)

9. Ең алғаш адамзатқа белгілі болған металдар. (Ag күміс, Au алтын, Cu)
10. Жер қабатында ең көп тараған зат (Н2О)
11. Химиялық элементтердің таңбасын кім енгізді? (Берцелиус)
12. Оттек газын бос күйінде алған ғалымдар? (ағылш. химик Д. Ж. Пристли, швед ғалымы К. Шееле)
13.«ион», катион, анион электролит терминдерін енгізген физик? Майкл Фародей
14. Салыстырмалы атомдық масса қалай белгіленеді (Аr)

15. Күкірттің тұрақты аллотропиялық түр өзгерісі? (ромбалық)
16. Салыстырмалы молекулалық масса немен белгіленеді ( Mr)
17. Өткір иісті, тұншықтырғыш қоңыр түсті, улы газ. (NO2)
18. Қазақстанның қай қалаларында фосфор өңдейтін заводтар бар? Тараз, Шымкент.
29. Су газының басқаша атауы? (генератор газы)
20. Химиялық теңдей дегеніміз не? ( химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалалар арқылы шартты түрде жазу)

Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала бер жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз

© 2010-2022