Бейорганикалық химиядан деңгейлік тапсырмалар

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Химия пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар





Хромтау ауданы,Коктау 2 ауылы

Нұрлы-көш орта мектебі

Химия пәнінің мұғалімі

Суйеуова Ж.А



























1. Оттектің массалық үлесі бойынша алғанда қай заттың құрамында көбірек:

а) суда б) мәрмәрда

ә)құмда в)темір (ІІІ) оксидінде

2. 36 г су айырылғанда түзілетін оттектің массасын есептеңдер

3. 16 г оттек алу үшін калий перманганатының массасын, зат мөлшерін есептеңдер

1. Адам ағзасындағы оттектің массалық үлесі шамамен 60% болса, салмағы 50 кг адам ағзасындағы оттектің массасын есептеңдер

2. 4,9 г калий хлораты ыдырағанда түзілетін оттектің массасын, көлемін есептеңдер

3. Зат мөлшері 1,5 моль оттектің көлемі неше литр болады

1. Массасы 8 г кальций оттекпен әрекеттескенде қанша г кальций оксиді түзіледі

2. Көлемі 5,6 г (қ.ж) оттектің моль санын,массасын есептеңдер

3. Реакция нәтижесінде 16 г магний оксиді, 5,1 г алюминий оксиді түзілу үшін әр жағдайда оттектің қандай массасы қажет

1. 1 л (қ.ж) массасы 1,428 г болатын 1 моль оттектің массасын табыңдар

2. 8,8 г көміртек ( IV) оксиді түзілу үшін оттектің қандай массасы реакцияға түседі

3. 24 г оттек алу үшін қажетті калий пермангнатының массасын, зат мөлшерін есептеңіз

1. Сынап(ІІ) оксидін, бертолий тұзын, натрий нитратын қыздырғанда оттегі түзіледі, 1 л оттегін алу үшін әрқайсысынан неше грамнан қажет екенін есептеңдер

2. 40 г магний оксиді түзілу үшін оттектің қандай массасы реакцияға түсетінін есептеңдер

3.Н2О2 сутек пероксиді құрамындағы оттектің массалық үлесін есептеңдер

1.Қай қосылыста оттектің массалық үлесі көп екенін есептеңдер: MgO, Fe2O3, CO2

2. 3,2 г оттек алу үшін қажетті калий перманганатының зат мөлшерін, массасын есептеңдер

3. Берілген айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:

KMnO4→O2→Fe2O3

1. 15 г мырыш пен 6,4 г күкірт қоспасы арасындағы реакция аяқталғаннан кейін қандай заттар және қандай мөлшерде қажет.

2. Мынадай өзгерістерді қалай жасауға болады:

ZnSH2S→Na2S→ZnS

3. 16 г күкіртті ангидрид шығу үшін қанша натрий сульфиті мен тұз қышқылымен реакцияласуға тиіс?

1. Мынадай өзгерістерді қалай жасауға болады:

а) H2SO4→K2SO4→KCl

ә) H2SO4→Al2(SO4)3→Al(NO3)3

2. Хлорлы калий мен калий сульфатының 1,844 г қоспасын концентрлі күкірт қышқылымен өңдегенде 1, 923 г таза калий сульфаты алынды. Осы заттардың әрқайсысы қоспада қанша мөлшерде болған?

3. Формулалары мынадай заттар бар: NaBr, K2SO4, H2SO4, AlCl3, Al2O3, ZnS, ZnCl2. Мына заттарды алу үшін осы заттардың қайсыларын екі-екіден алар едіңдер: а) мырыш сульфаты, ә) натрий сульфаты, б) алюминий сульфаты. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

1. Төмендегі заттарды химиялық қосылыстар класына бөліңдер: күкіртті газ, күйдіргіш натр, темір оксиді, темір сульфаты, ас тұзы, көмір қышқыл газы, күкірт қышқылы

2. Тәжірибе жасау үшін оттегі, натрий, күкірт, магний оксиді, су, тұз қышқылы берілді. Мына заттарды алу керек: хлорлы магний, магний гидроксиді, күйдіргіш натр, натрий сульфаты. Осыған сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.

3.14 г кальций оксидін 35 г азот қыщқылы бар ерітіндімен өңдеді. Сонда неше г тұз шықты?













© 2010-2022