Химия пәнінен сабақ жоспары (8сынып) сутек - химиялық элемент жəне жай зат

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: сутек - химиялық элемент жəне жай зат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды сутекпен -химиялық элемент және жай зат түрінде таныстыру , оның қасиеттерімен танысу

Дамытушылық: логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: периодтық жүйе, Кипп аппараты, сынауық, шыны таяқша, мырыш, қышқыл, спиртшам, электронды оқулық, слайдтар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын қайталау

1. Ауаның құрамы

2. оксидтер дегеніміз не?

3. экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар дегеніміз не?

Жаңа сабақ.

Сутекті оқып үйрену үшін оны әрі элемент, әрі жай зат ретінде.

Төмендегі берілген жоспарда бұл айырмашылық айқын көрінеді.

Химиялық элементке сипаттама беру жоспары:

1. Химиялық таңбасы.

2. Салыстырмалы атомдық массасы.

3. Табиғатта кездесуі.

Жай заттарға сипаттама беру жоспары:

1. Химиялық формуласы.

2.Салыстырмалы молекулалық массасы.

3.Физикалық қасиеті.

Сутегінің қасиеті

Сутегінің қолданылуы

1.Өте жеңіл газ

2. Оттегінде жануы /жалынның температурасы 2500°C/

3.Бейметалдармен қосылуы /мысалы, хлор, азот/

4.Металдарды тотықсыздандыру: WO3+3Н2=W+3Н2О

Атмосфераны зерттеу үшін шарзондтар толтырылады

Металдарды қосу, отын ретінде ерекше құрылысты іштен жану двигательдерінде қолданылады

Қышқылдарды алу /мысалы, тұз қышқылы/, аммиакты /NH2/ және азот тыңайтқыштарын алу үшін

Кейбір металдарды алу үшін


Бекіту

  1. Су, метан, аммиактың құрамындағы сутектің массалық үлесін есепте.


  1. Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: 2Н2 + О2 = 2H2о + 570КДж

80 г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін тап.


  1. Массасы 270 гр су электр тогы әсерінен айырылған кезде сутектің қандай массасы түзіледі.

Сәйкестендіру тесті:


  1. Сутек жеңіл газ.

  2. Сутек улы газ

  3. Жер ғаламшары сутекпен толтырылған.

  4. Салыстырмалы атомдық салмағы 1.

  5. Сутекті Менделеев ашқан.

  6. Сутек 1776 жылы ашылған.

  7. Сутекті суды электр тогы көмегімен алуға болады.

  8. Сутек судың құрамына кіреді.

  9. Сутек ауадан 14,5 есе ауыр.

  10. Суда нашар ериді.

Үйге тапсырма. §30. 11,12 -жаттығулар.



© 2010-2022