Сабақтың тақырыбы: Периодтық заң мен химиялық элементінің периодтық жүйесі

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Периодтық заң мен химиялық элементінің периодтық жүйесі.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік Периодтық заңның анықтамасын білу, коваленттік, иондық байланыстарды және периодтық жүйенің құрылысын білу қажет. Периодттық жүйеге және атомдардың құрылысына мінездеме беру.

Дамытушылық Периодтық жүйе бойынша химиялық элементтердің орынын атомдық теория тұрғысынан сипаттауды білу

Тәрбиелік Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі аралас

Оқыту әдісі ауызша

Сабақтың материалды-техникалық көрнекіліктері Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен материалды қайталау және қорытындылау

Қайталау жоспары

  1. Периодтық заңның қазіргі кездегі анықтамасы.

  2. Периодтық жүйені салыстыру (периодтар, топтар)

  3. Атом құрылысы

  4. Периодтық заңның маңызы

  5. Химиялық элементтердің сипаттамасы

3. Жана материалды түсіндіру

4.Білімді бекіту

5.Үйге тапсырма

6.Сабақты қорытындылау

Қайталау сұрақтары:

  1. Периодтық заңның жаңа анықтамасы неліктен маңызды?

  2. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерге жасаған жүйесі неліктен периодты деп аталды?

  3. Келесі салыстырулардан қандай заңдылықтарды көрсетуге болады:

а) бір топта орналасқан элементтердің қасиеттері қандай?

ә) бір периодта орналасқан элементтердің қасиеттері қандай?

4.Келесілердің физикалық мағынасы:

а) элементтердің реттік нөмірі?

ә) пероидтың нөмірі?

б) топтың нөмірі?

5. Атом құрылысы жайлы не білесіңдер?

6. Атом құрылысы және тотығу-тотықсыздану қасиеттері бойынша метелдер мен метелл еместер қалай ажыратылады?

7. Топ және период дегеніміз не? Және т.б. сұрақтар

Жалпы қорытынды

  1. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері топ және период бойынша периодты түрде өзгереді.

  2. Пероид бойынша бейметалдық қасиет (тотықтырғыштық) және электртерістілік артады, себебі сыртқы қабаттағы электрондар саны артады , ал атом радиусы шамамен бірдей болады.

  3. Топ бойынша металдық қасиет (тотықсыздандырғыш) артады және электртерістілік кемиді, себебі атом радиусы өседі, ал сыртқы қабаттағы электрондар саны шамамен бірдей болады.

Химиялық элементтердің сипаттамасы


  1. Периодтық жүйедегі орны (период, топ, топша).

  2. Атом құрылысы (сызба-нұсқа, атомның құрамы, электрондық формуласы және ұяшықтар).

  3. Тотығу-тотықсыздану қасиеттері.

  4. Қосылыстар және оларға сипаттама.

  5. Периодтағы орындары.

3. Білімді бекіту

Өздік жұмыс (қатар бойынша).

1 қатар - №16 элементті сипаттау

2 қатар - №21 элементті сипаттау

3 қатар - №14 элементті сипаттау

Тапсырма. №32 және №33 элементтерді периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы бойынша салыстырып сипаттау.

Салыстыру критерилері:

1.Периодық жүйедегі орны: ұқсастығы және айырмашылығы;

2. Атом құрылысы: ұқсастығы және айырмашылығы;

3.Электрондарды беруі және қабылдауы.

4.Жоғарғы оттекті қосылыстары.

5. Жоғарғы сутекті қосылыстары.

6.Периодтағы орны (қосылыстары).

5.Үйге тапсырма

  1. №16 және №34 элементтерді салыстыру

  2. 3 период элементтерінің жоғарға оксидтерінің, хлоридтерінің формулаларын құрастыру, тотығу дәрежелерін анықтау, химиялық байланыстардың түрлерін көрсету.

  3. Осы периодтағы элементтердің хлормен қосылысының кристалдық торының түрі қандай?

6.Сабақты қорытындылау

Топтағы жұмыстарды қорытындылау


© 2010-2022