Алюминий

Сабақта оқушы өзін өзі үйретуге бағытталған. Ол мақсатқа жету үшін «Сыни тұрғыдан ойлау және жазу» стратегияларын қолдандым. Атап айтар болсам топтастыру, химиялық жұмбақ, жуан және жіңішке сұрақтар, түйіндеме толтыру, Венн диаграммасы, химииялық жарнама, АКТ және қосымша ақпараттар арқылы  оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, дүниетанымдарын кеңейтуге бағыталған.  Бұл сабақта оқушылар белсене қатысты және әріптестерім оң бағасын берді.  Осындай сабақтар арқылы оқушылардың химия пәніне деген к...
Раздел Химия
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АлюминийАлюминийАлюминийАлюминийКүні:

Сынып: 9

Пән: Химия

Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары. Алюминийдің табиғаттағы маңызды қосылыстары және Қазақстандағы кен орындары.

Мақсаты: Оқушыларға алюминий мен оның қосылыстары және маңызды қосылыстарының кен орындары туралы білім алуға жағдай туғызу;

Күтілетін нәтиже:

  1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысын сипаттай алады;

  2. Табиғаттағы қосылыстары мен Қазақстан аумағындағы кен орындарымен танысады;

  3. Қасиеттерін ажырата алады;

  4. Қолданылуы мен басты қосылыстарын біледі;

  5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар орындай алады;

Әдісі: ой қозғау, топтастыру, Венн диаграммасы, ойтүрткі, есептер шығару;

Көрнекілігі: периодтық жүйе, алюминий бұйымдары;

Пәнаралық байланыс: тарих, физика, география, технология;


І Қызығушылықты ояту

  • Психологиялық дайындық

  • Үй тапсырмасын тексеру

а) "Жедел жауап"

  1. Кальцийдің биологиялық рөлі қандай?

  2. Кальций қандай тағам, жеміс-жидек пен көкөніс құрамында болады?

  3. Кальцийдің табиғаттағы айналымын сипаттаңдар

  4. Жұмсақ су дегеніміз не?

  5. Кермек су қандай болады?

  6. Кермектіліктің қандай түрлері бар?

  7. Уақытша кермектілікті қалай жоюға болады?

  8. Тұрақты кермектілікті қалай жоюға болады?

ә) Айналымды іске асырыңдар

Ca(HCO3)2

CaCO3→CO2→CaCO3

CaCL2

  • Ойтүрткі:

Бұл металдан жасалған бірінші бұйым ХІХ ғасырдың 30 жылдарында Наполеон ІІІ арналған сылдырмақ ойыншық еді. Кейінірек Наполеон ІІІ бұйрығы бойынша бұл медалдан асханалық ыдыстар жасалды, оларды императорға және құрметті қонақтарға ғана ұсынатын. Басқа қонақтар болса дәстүрлі металдар - алтын мен күмістен жасалған ыдыстар қолданылды. Бірте- бірте кезінде сирек кездесетін ғажайыптан бұл металл құрылысшылардың, архитекторлардың, дизайнерлердің ең қажетті материалына айналды. 1967 жылы американдық дизайнер Оскар де ла Рента көрермендерге осы металдың жіптерінен жасалған суға түсетін киім ұсынып сән әлемін таңғалдырды.

Ал ХХІ ғасыр осы металдың ғасырына айналды.



ІІ Мағынаны тану

  • Аты жөні: Алюминий

  • Туған жылы: 1825 жылы дат химигі әрі физигі Эрстед "Мен балшықтан металл алдым"

1827 ж Неміс химигі Веллер (AlCl3 +3K Al +3KCl)

  • Жасы: №13 Ar27

  • Мекен-жайы: 3 кіші периодтың ІІІ негізгі топшасы

  • Отбасы құрамы: 13p,14n,13e

  • Тегі: Металл

  • Сыртқы келбеті: күміс түстес, ақ металл, мықты, кристалл торы орталықтанған куб, жеңіл, өте иілімді, жұмсақ, шағылу қабілеті жоғары, электр және жылу өткізгіш, жемірілуге тұрақты, ρ=2,7г/см3 , t=650°С

  • Мінезі: белсенді

  • Достары: бейметалдар

  • Достарының аттары: АІ оксиді, АІ хлориді, АІ сульфиді, АІ фосфиді, АІ карбиді

  • Пайдасы: бояу, электротехника, ыдыс -аяқ, конц азот қышқылын тасымалдаушы цестернада, ұшақ, ракета, телескоп жасауда, электр сымдарында, жеңіл металл конструкцийларына

  • Туыстары: галий, индий, талий

Сыныппен жұмыс

І Тапсырмалар орындау

§35 №6,7

§36 №6

ІІ Венн диаграммасы: Кальций мен алюминий металдары



ІІІ Толғаныс

Алюминий

Үйге тапсырма: 35,36

Бағалау

© 2010-2022