Хайуанаттар бағы

Осы сабақтағы сәттіліктер: оқушылардың топпен жұмысы балалардың өз топтары үшін дұрыс жауап беруге,алда болуға итермеледі. интерактивті тақтаның көмегімен электрондық оқулық арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артты,«ой шақыру«стратегиясы сөздік қорларын молайтуға,сабақта белсенді болуға ықпалын тигізді, «жарайыңдар», «кермет», «тамаша» деген сөздер топтарды ынталандырып отырды.Меніңбайқағаным бұған дейін оқушылар дұрыс жауаптарына баға алған соң белсенділіктері төмендейтін,ал бұл жолы өз...
Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уақыты:10.20-11.05

Тақырыбы: «Хайуанаттар бағында» сыныбы:3 «б»

Мақсаты:оқушылардың жануарлар әлемі туралы білімін толықтырып,аңдардың аттарын еске сақтап,қатесіз жаза білуге,аңдар туралы ойларын айта білуге үйрету.

1.Білімділік:тақырыпқа байланысты сөйлеуге,аңдарды аялай білуге баулу.

2. Дамытушылық:түрлі тапсырмаларды орындай отырып,олардың сөздік қорларын молайту,ойлау,есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:аңдарды қорғауға,аялауға баулу.

Жаңа әдіс тәсілдер:бағалау топпен жұмыс жүргізу; оқыту үшін бағалау.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Оқыту түрі:топтау,жеке,жалпы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,мәтінмен жұмыс,топтастыру стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,электрондық оқулық,ақ қағаздар,маркерлер

,

Сабақтың барысы.

уақыт

кезең

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

ескертпе

4мин.



2мин

1.Ұйымдастыру

Ортаға шығып,қол ұстасып,шеңбер құрады.Бір-біріне жылы лебіздер айтады3 топқа бөлінеді.

Оқушылармен бірге

Ит.мысық,аю.балық суреттерін таратады.

3мин

10мин



4мин

2мин





10мин



4мин

2мин

4мин

2.Жаңа сабақ

Тақырыпты анықтап,топтастыру.







Сергіту сәті.Музыка ойнап тұрады.

Мәтінмен жұмыс.197бет «Хайуанаттар бағында»

Қорытынды

Рефлексия

Үйге тапсырма

Интерактивті тақтадан бейне материал көреді.(хайуанаттар бағы,аңдардың суреттері.

Әрбір топ аңдарды топтастырып,тақырыпты анықтайды.

Сөздік құрайды.жұмыстарын қорғайды.

1-топ-2-топты-3-топты бағалайды.

Оқулықпен жұмыс жасайды:емес болымсыздық шылауымен танысады.2-тапсырманы(198бет)орындайды.Өз мысалдарын келтіреді.

Аңдардың,құстардың қимылдарын келтіреді.



1-топ-оқиды,2-топ-аударады,3-топ-сұрақтар құрастырады.Жапырақтармен бағалайды.

Сұрақтарға жауап береді.





Көңіл-күйлерін білдіреді.

мазмұндау,сөз.жат.

Тапсырма береді:бейнематериалдан көрген аңдардың атауын есте сақтап және тақырыпты анықтауға тырысу.

Ақ бет қағаз,маркерлер таратып береді. «хайуан» сөзінің мағынасын түсіндіреді.

Оқушыларға қолдау көрсетеді.

Тыңдайды,қателерін түзетеді.

Балық қалай жүзеді?аю қалай жүреді?қоян не істейді?

Тыңдайды,қолдайды,қателерін түзетеді.



-

Бүгін сабақта не істедік?

Әрбір топқа алғыс білдіреді.



Тапсырма береді.





«Хайуанаттар бағында» тақырыбы бойынша бірінші сабақтың талдауы.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабақты( тақырыбы: «Хайуанаттар бағында») 3-«б» сыныбының 2-тобының оқушыларымен өткіздім.Оқушылардың сынып жетекшісі және мектеп психологының көмектеріне сүйене отырып, бұл топтағы балалардың жалпы білім сапасы төменнен жоғары екенін анықтадым.Оқушылардың білім деңгейін ескере отырып,бірінші сабақтың мақсатын-«хайуан»сөзінің мағынасын түсіндіру,жануарлар әлемі туралы білімдерін толықтырып,аңдардың аттарын еске сақтап,қатесіз жаза білуге үйрету;сөздік қорларын молайту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту;аңдарды қорғауға,аялауға баулу деп алдым.

Алдыма қойған мақсатыма жету үшін жаңа әдіс-тәсілдердің көмегіне жүгіндім.Жаңа әдіс тәсілдерді енгізудегі мақсаттарым:оқушылармен үш топқа бөліне отырып,ынтымақтастық атмосферада жұмыс жасау, «ой шақыру» стратегиясы нәтижесін байқау,формативті бағалауды қолданып көру.Курстан келгеннен кейін осы сыныппен топпен қалай жұмыс жасау керектігі туралы мағұлмат бердім.Оқушылар 3 топқа бөлініп,топта жұмыс істеу ережелерін құрды. Жас ерекшеліктеріне байланысты ережелерді орыс тілінде жазды. «Спикерді» «капитан» деп айтуға оқушылармен келістік. Алғаш топқа бөлінген кезде балалар бірін бірі таңдады.Мысалға ,Ваня Таямен бір топта болғысы келді.Баяу Сонямен ешкім жұмыс істегісі келмеді.Кейін мен оларды әріптер арқылы(1-Ә,2-Ү,3-Ғ) топтарға бөлдім.Бір топта білімдері әр деңгейдегі оқушылар бірге отырды.Мен балалардан тізбектелген сабақтар барысында жұмысты осы топтарда істеулерін сұрадым.Оқушылар келісті. Бұл топта жылдам Юля,Мансур,орта Миша,Баяу Саша бірге жұмыс істеді.Нәтижесінде Б.және О.оқушылар Ж.балалардан қалыспай ,жарысып сабақта белсенділіктерін көрсетті.

Сабақты ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында «Достық» шеңбірін жылы лебіздер айтудан бастадым. «Жылы» лебіздер айту қиынға соқты.Келесі сабаққа «жылы» сөздер біліп келуге тапсырма бердім.Суреттер (аю,ит,мысық,балық) арқылы үш топқа бөлінді.Сабақтың мақсатымен танысқанан кейін,интерактивті тақтадан бейнематериал көру арқылы сабақтың тақырыбын анықтап,көрген суреттерді кластерге жазу тапсырмасы берілді.Әрбір топ тақырыпты анықтап,аңдардың аттарын жазды.Жұмыс барысында оқушылар белсенділік танытты.Баяу оқушылардың өздері де қызу жұмысқа кірісті.Оқушылар жарыса тапсырманы бірінші бітіруге тырысты.Жылдам оқушы өзінің тобындағы Б.оқушыға сөздіктен аударманы табуды ұсынды. «Ой шақыру» стратегиясы бойынша оқушылардың жұмысты қызығушылықпен орындағандары байқалды.Әр топ тақырыпты дұрыс анықтап,аңдардың аттарын дұрыс жазды.Сөздермен сөз тіркестерін,сөйлемдер құрады.Топтардың жауаптары «жарайсыңдар», «тамаша», «керемет» деген сөздермен қолдау тауып отырды.Мәтінмен жұмыста бір топ оқыды,екінші топ аударды,үшінші топ сұрақтар құрады.Топтағы оқушылар бір бірінің жауаптарын тыңдап,қателерін табуға тырысты. Сабақтың соңында нені біліп,нені үйренгендерін жарыса айтты.

Осы сабақтағы сәттіліктер: оқушылардың топпен жұмысы балалардың өз топтары үшін дұрыс жауап беруге,алда болуға итермеледі. интерактивті тақтаның көмегімен электрондық оқулық арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артты,»ой шақыру»стратегиясы сөздік қорларын молайтуға,сабақта белсенді болуға ықпалын тигізді, «жарайыңдар», «кермет», «тамаша» деген сөздер топтарды ынталандырып отырды.Меніңбайқағаным бұған дейін оқушылар дұрыс жауаптарына баға алған соң белсенділіктері төмендейтін,ал бұл жолы өзі үшін емес,топтары үшін белсенді болуға тура келді.

Сабақтағы сәтсіздіктер: «Достық шеңбері» арқылы «жылы»лебіздерайтуда балалардың сөз қорларының аз екенін көрсетті,топтардың жұмысына уақыт көп кетті,балалардың мен-мендік жағымсыз әдеттері,өзара сыйластық қатынастары төмен екені білініп тұрды.

Бірінші сабақты қорытындылай келе өз мақсатыма жартылай жеттім деп ойлаймын.





© 2010-2022