• Преподавателю
  • Химия
  • Баяндама Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту Ерғалиева Ш. Қ

Баяндама Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту Ерғалиева Ш. Қ

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Жалпы білім беретін мектептерде химия және биологияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту»





Баяндама тақырыбы:

«Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту»


Баяндама Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту Ерғалиева Ш.Қ











Орындаушы: Ерғалиева Шынар Қанапияқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Жетіарал ауылы

«Жетыарал орта мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Химия пәнінің мұғалімі



2015 жыл




Мазмұны:

Кіріспе .................................................................................................................. 2

1.1. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына

Жолдауындағы функционалдық сауаттылық сипаты.................................... 2

2.1. Функционалдық сауаттылық ұғымы ....................................................... 3

2.2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың

тиімділігі........................................................................................................... 4

2.3. Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары ....................................................................... 5

Қорытынды .......................................................................................................... 6

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................6






















«Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты арттыру»

«Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей,

оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне

бейiмдеу қажет»

Н.Ә.Назарбаев

Елбасы халқын жарқын болашаққа бастап келеді. Елдің көшін алға сүйреп, әлемдік қауымдастықтағы әлеуметі зор елге айналдыруға Елбасының сіңірген еңбегі зор. Осындай сипат Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапты.

Әлеуеті зор елдің болашағы - оның саналы, әрі білімді ұрпағында. Осы орайда Елбасы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Оның мақсаты - оқушылардың салалық сауаттылығын дамыту арқылы, тиiмдi қызмет түрлеріне бейімдеу.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы, зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - білім беру процесінің негізі болып табылады. Ал, күнделікті тез өзгеріп жатқан дүниеде білім беру сапасына деген жауапкершілікті күшейту қажет. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Осы орайда мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай дамытуға болады, оның тиімділігі неде?- деген заңды сұрақ туындайды.

Функционалды сауатты оқушы - бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға.
Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйеніп, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына - проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру ең алдымен оқыту мен тəрбиелеу процесіндегі маңызды фактор - ата-ананың белсенді рөлі екендігін PISA (Programmer for International Student Assessment) нəтижелері көрсетіп отыр. Ал, мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары, оның тиімді әдістері мен түрлері қандай?

Ең алдымен, жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты арттыру үшін жаратылыстану пәндері арасындағы пән аралық байланысты тиімді арттыру мақсаты тұр.

Зерттеушілердің ойы бойынша оқу процесінде пәнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді және қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.

Жаратылыстану ғылымдарының (физика, химия, биология, география) объективті негізі, ол ғылымдардың зерттелуіндегі әртүрлі формада, яғни физикалық, биологиялық, геологиялық зерттелу формасында болуы. Сондықтан химия, физика мен биологиядан аралық орын алады. Бұдан қазіргі химиялық білімнің даму этапы, тек қана химияның ғана емес, физика мен биология сияқты аралас ғылымдардың дамуына да байланысты.

Химиялық білімнің қазіргі кездегі теориясы мен практикасының сараптамасы химиялық,биологиялық, экологиялық білімді экологияландыру.

Қазіргі этап бойынша экологиялық проблеманы шешудегі химияның рөлі:

а) химия атмосферадағы, топырақтағы, сулы ортадағы заттардың құрамын, қасиетін, құрылысын білу арқылы биологиялық өзгерістерін түсіндіреді.

б) элеметтердің биогеохимиялық процестердегі айналу механизмін зерттеу және оларды өндіріске енгізу арқылы экожүйеге айналдыру.

в) әртүрлі химико-аналитикалық бақылау негізінде қоршаған орта немесе дайын өнім туралы мәлімет алып, оның зияны немесе оларды тазалау немесе қорғау т.б туралы мәлімет береді.

Осындай экологияландырылған химия оның ерекше рөлін аша түседі және табиғатты қорғау, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Химиялық және экологиялық білім екі деңгейде қарастырылады, себебі «экологиялық білімнің» екі түрлі түсінігі бар.

- «Табиғат қорғау» білімі - экологияны тірі ағзалардың бір-біріне және қоршаған ортамен әсері деп түсіну.

- «Қоршаған орта» туралы білім адам мен табиғаттың бір-біріне әсері деп түсіну. Осыған байланысты химияға экологиялық мазмұндағы түсінік интеграциясының 2 бағыты пайда болады.

1 бағыт - «Экологиядан - химияға»

2 бағыт - «Химиядан - экологияға»

Химия сабағында экологиялық түсінік беру, мысалы «Оттегі» тақырыбында адамның әсерінен және газ құрамының өзгеруінен ауаның ластануы деген түсінік қалыптасады.

Химиялық, экологиялық және табиғатты қорғау түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: «химиялық элемент» деген түсінік тірі және өлі табиғаттың сапалық және сандық құрамы, «биогенді элемент» (тірі ағзаның тіршілігіне қажетті элементтер) макро және микроэлементтер мен олардың биологиялық қызметі туралы түсінік қалыптастырады.

"Химиялық реакция" ұғымы биосферада болатын химиялық және кейбiр биохимиялық процесстердiң мәнiн ашуға мүмкiндiк бередi. Осыған байланысты химияда биокатализдік реакциялар туралы ұғым енгiзiледi және катализдіқ реакциялар туралы ұғым кеңейедi.

Химия мұғалімінің алдында тек, мектеп бағдарламасында химия сабағы бойынша алдын-ала қарастырылған, барлық тәжірибелердің міндетті түрде орындалуы ғана емес, сонымен қатар мектептің химия кабинетін оқушылардың экологиялық тәрбиелеу орталығына айналдыру мәселесі тұр. Оған:

  • мектеп іші мен ауласын көгалдандыру, гүл мәдениетін дамыту;

  • аймақтағы емдік өсімдіктер мен жан-жануарлар тарихы туралы ақпараттар, зерттеу жұмыстары; аймақтың экологиялық жағдайын зерттеу жұмыстары.

Күтілетін нәтиже: алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана алуы, жаратылыстану ғылымы мамандығы бойынша оқушыда дағды қалыптасады.

Оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
Сарамандық, зертханалық жұмыстарды тиімді жүргізу арқылы білім-білік дағдыларын қалыптастыруға болады. Сарамандық, зертханалық жұмыстарды орындау барысында оқушылар оқып-жазғанды сынап көре алады. Тәжірибе - оқу зертханаларында теориялық білімдерін толықтырып, химиялық жабдықтар мен қондырғыларда жұмыс істеуге үйренеді.

  • Химиялық қарапайым тәжірибелер.

Тәжірибе №1 «Алма неге қараяды

Тәжірибе мақсаты: алмаға оттектің әсерін көрсету.

Керекті құрал жабдықтар: алма, С дәруменінің таблеткасы.

Тәжірибенің орындалуы:

  1. Алманы екіге бөлу.

  2. Таблетканы ұнтақтап, алманың бір жартысының кесілген жеріне себу.

  3. Алманың екі бөлігін де ашық күйде біраз уақыт қалдыру.

  4. Екі бөліктің үстерін салыстыру.

Нәтиже: С дәрумені себілген алманың түсі өзгермейді, ал екінші бөлік қоңыр түске енеді.

Тәжірибе №2 «Сутек асқын оксидінің ыдырауы».

Тәжірибе мақсаты: картоп тілігі арқылы сутектің асқын оксидін су мен оттекке айналдыру.

Керекті құрал жабдықтар: құтыдағы Н2О2 , шикі картоптың тілігі, стақан.

Тәжірибенің орындалуы:

  1. Стақанға жартылай сутегі асқын оксидін құю.

  2. Оған шикі картоптың тілігін салу.

  3. Не болғанын бақылау.

Нәтиже: газ көпіршіктері бөлінеді.

Химиялық тәжiрибенi әртүрлi әдістермен орындауға да болады, тіпті оны орындауға тұрмыстық қалдықтар мен көптеген, мектептің бөлмелерінен, ұстаханасынан, асханасынан, фотозертханасынан шығарып тасталынған заттарды пайдалануға болады. Кейбір химиялық тәжірибелерде тауық жұмыртқасының қабығы да, сүйек те, басқа да көптеген мектеп асханасынан шыққан қалдықтар: алюминий фольгасының қалдығы, қақпақтар, сым темірдің кесінділері іске асады.

Әрбiр тақырып бойынша экспериментальды, экологиялық мазмұнды есептер шығару оқушылардың экологиялық оң көзқарастарын қалыптастыруға, логикалық ойлауды арттыруда, қорытынды жасап шешім қабылдауға мүмкiндiк туғыза алады.

Мысалы: Ауыз суынан токсинді және наркотикалық әсері бар заттардың болатынын анықталған. Сандық және сапалық анализ негізінде өндірістік фенол және мынадай заттардан тұратыны анықталған. Олар: 36,5% көміртегі, 1,5% сутегі, 8,1% оттегі, 53,9% хлор, заттың молекулалық формуласын құрыңыз. Оны алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Табиғи ортаға осы заттардың мүмкін болатын түсу жолын көрсетіңіз.

Мектепте өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз жолын дұрыс таңдай білетін ұрпақ тәрбиелеуде шығармашылық қабілет сабақтың тартымдылығына тікелей қатысты. Осы орайда оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру - өз бетінше іздену арқылы шығармашылық қабілетті дамытады. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Оқушының өз бетімен ізденісінде қай жаттығу ойды бекітіп, қай жаттығу шығармашылық бағытты көздейтінін мұғалім топтық жұмыс арқылы да жүзеге асыра алады.

Баяндама Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту Ерғалиева Ш.ҚШығармашылық - топтық тапсырма:

«Құпия хат»
Тапсырмалардың

жасырын "коды"

Деңгейлік тапсырмалар - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.

Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат:

  1. Баланың қабілетін ашу;

  2. Шығармашылығын шыңдау;

  3. Іздендіру;

  4. Пәнге қызығушылығын арттыру.

І деңгейлік тапсырма
«Кім дос, кім қарақшы?»

(1 дұрыс жауап

- 1 ұпай)

ІІ деңгейлік тапсырма
«Кім жылдам ?»

(1 дұрыс формула -

1 ұпай)

ІІІ деңгейлік тапсырма
«Кім тапқыр?
(1дұрыс теңдеу -

5 ұпай)

Баяндама Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту Ерғалиева Ш.Қ


Баяндама Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту Ерғалиева Ш.Қ

Баяндама Жалпы білім беретін мектептерде химияны оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту Ерғалиева Ш.Қ


Осылайша химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы келесi сапалы нәтижелерге жетуге мүмкiндiк бередi:

- оқушылардың ойлауын дамыту, белсенді түрде талқылап, салыстырып, қажеттi қисындық (логикалық) байланыстарды өздігінен тұрғыза отырып, қорытынды жасауына, химиялық тілдің дамуына;

- оқушылардың танымдық қызметiнiң белсенділігі, оның дербестiгi мен зерттеушiлік сипатының жоғарылауына;

- сабақтың әрбiр минутында танымдық қызметке iс жүзiнде әрбiр оқушының

қатыстырылуына;

- топтық, өз бетінше жұмыс жасай алуына;

- оқушылардың оқу еңбегiнiң тиiмдi дағдыларының қалыптасуына.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж.

  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 ж.

  3. Білімдегі жаңалықтар журналы № 1,2,3,4.

  4. Химия мектепте, Ғылыми-педагогикалық журнал. Алматы.

8


© 2010-2022