Химиялық реакция теңдеулері танымдық сабақ

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы туралы

оқушыларға түсінік беру;

Дамытушылық: Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы

туралы оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ

Химиялық реакция теңдеулері дегеніміз-химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

Әрекеттесуші заттар-реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады. Сол сияқты жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.

  1. Н2+ О2

  2. Н2+ О2 → Н2О

  3. Н2+ О2 → 2Н2О

  4. 2+ О2 → 2Н2О

«екі-аш-екі плюс-о-екі» тең «екі-аш-екі-о».

  1. Al + O2 → Al2O3

  2. Al + O2 → 2Al2O3

  3. 4Al + 3O2 → 2Al2O3

Химиялық әрекеттесуге кіріскен заттардың массасы одан түзілетін заттардың массасына тең.

Ломоносов реакцияға кірісер алдындағы заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасымен әрдайым бірдей болатындығын заң түрінде 1748 ж.былайша тұжырымдады. «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде біраз материя азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді», - деп жазды.

Кейіннен бұл заңды өз бетінше 1779 ж. француз ғалымы А.Лазуазье де ашқан.

Заттар массасының сақталу заңын атом-молекулалық ілім тұрғысынан да түсіндіруге болады. Химиялық реакцияға кіріскен бастапқы атомдар жойылмайды және жаңадан пайда болмайды, тек қайта топтасады. Реакцияға кіріскен атомдар реакция соңында да сақталады, олай болса олардың жалпы массасы да өзгермейді. Реакцияның басындағы атомдар массасы қанша болса, оның соңында да сонша масса сақталады.

Мысалы: 6 г магний ауада жанып, 10 г оксид түзгені тәжірибе жүзінде анықталса, реакцияға кіріскен оттектің массасы (10-6) г =4 г, өйткені реагенттер мен өнімдердің массасы әрдайым бірдей болады. Заттар массасының сақталу заңы бойынша:

6 г (Mg) + 4 г (О2) = 10 г (MgO)

4.Бекіту.

1.Химиялық реакция теңдеуі деген не?

2.Зат массасының сақталу заңын қалай түсіндіресіңдер?

3.Реагент, өнім деген не?

4.М.В.Ломоносовтың тәжірибесінің мәнін қалай түсінесіңдер? Одан заңның тұжырымы шыға ма?

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма: §15 (4-8), §16 (5-жаттығу)




© 2010-2022