Сабақ жоспары Атмосфералық ауа

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Атмосфералық ауаСабақ жоспары Атмосфералық ауаСабақ жоспары Атмосфералық ауаСабақ жоспары Атмосфералық ауаСабақ жоспары Атмосфералық ауаСабақ жоспары Атмосфералық ауаСабақ жоспары Атмосфералық ауаСабақ жоспары Атмосфералық ауаКүні: 12.01. 2015.

Сабақтың тақырыбы: § 26. Атмосфералық ауа - газдар қоспасы, ауаны ластанудан қорғау, заттардың ауада жануы. 68 - 70 бет.

Тарау: III Ауа. Оттек. Жану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ауаның құрамы газдардың қоспасы екенін, оның сандық және сапалық құрамын айтып түсіндіру.

Дамытушылық: атмосферадағы ауаны қорғау маңызды шараларын аша отырып логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Фосфор,әк суы, май шам, ауа құрамын анықтайтын прибор,химиялық стақан, сіріңке, т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақ барысы: Сабақ алдында әңгіме өткізу:

  1. Химиялық элемент оттегі табиғатта қандай түрде кездеседі?

  2. Оттегі қандай химиялық қасиет көрсетеді?

  3. Тотығу реакциясына қандай реакция типі жатады?

  4. Ішінде ауа бар ыдысқа жанып тұрған парафинді енгізіп ыдысты жабатын болсақ не байқалады?

  5. Ауа, оттегі,көмір қышқыл газы қай колбада бар екенін қалай анықтауға болады?

  6. Тотығу реакциясы дегеніміз не?

  7. күрделі заттар жанғанда не байқалады?

Жаңа сабақты түсіндіру: Ауаның құрамын алғаш рет француз ғалымы Антуана Лавуазье (1774) жылы анықтады. XVIII ғасырға дейін табиғат зерттеушісі ғалымдар реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін «ауа» деп санап әрқайсын ерекше қасиетіне бола, мысалы: Н2 сутекті «жанғыш ауа», CO2 көмірқышқыл газы «орман ауасы» деп атаған. Тек XVIII ғасырдың аяғында ауа - газдар қоспасы екенін толық дәлелдеді.

Ауа құрамын анықтайтын ерте кезден белгілі тәжірибені қайталайық. Іші ауамен толтырылған қалпақ 21-суреттегідей суға төңкеріледі. Фосфорды темір қасыққа салып жағып, қалпақтың ішіне орнатады. Фосфор жанып біткенше қалпақ ішіндегі су жайлап оның 1/5 бөлігіне дейін көтеріледі, өйткені фосформен әрекеттесетін барлық ауа емес, оның құрам бөлігі - оттек газы. Демек, ол көлемі бойынша ауаның 1/5 бөлігн алып тұр. Қалпақ астында қалған газ жануды қолдамайды, өзі жанбайды. Онда тірі организмдер тіршілік ете алмайды. Сондықтан қалған газ «азот» ( грекше тіршілік қолдамайды дегенді білдіреді) деп аталады.

XIX ғасырдың аяғында ауаның құрамында оттек пен азоттан басқа аргон, ксенон, криптон элементтерінен тұратын салғырт (инертті) газдар болатыны

Анықтал

Азот 78 %

1. Оттек 21 %

2. Салғырт газдар 0,94 %

3. Көмірқышқыл газы 0,03 % Ауаның

құрамы

Ереже: газ күйіндегі оттек пен азот ауа атмосферасының негізгі бөлігі болып табылады. Одан басқа ауа құрамында көлемі бойынша массалық үлесі газдар аз газдар да бар, бірақ олардың мөлшері табиғаттағы түрлі процестерге байланысты көбеюі де мүмкін. Сондықтан ауа атмосферасын ластамай, оны дұрыс пайдалану үшін заттардың қасиеттерін білудің маңызы зор.

Экология: ауа мұхиты жерде тіршілік ететіндердің бәрінің мекені болғандықтан, оны ластаудан қорғау барлық адамзаттың міндеті. Сыртқы ортаны, ауаны ластайтын электростанциялардың, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары т.б. зиянсыз болу үшін ғалымдар жаңа технологиялар ойлап табуда. Адам өзі өмір сүретін жер бетіндегі экологияны жақсартуды

Формуланың аты

Формула

Табиғаттағы өзгерісі

1

Азот оксиді

2

Күкірт оксиді

3

Күкіртсутек

Осы формулаға массалық есеп шығар.

  1. Ауаның қоспа екенін қалай дәлелдеуге болады?

  2. 1литр және 0,5литр көлемді колбада қанша мл оттегі болады?

  3. Неліктен жанған шырпы төмен қаратылса тез жанып, ал жоғары қаратылса сөніп қалады?

  4. Баяу тотығу дегеніміз не?

Логикалық есептер:

Есептің шарттары

Дұрыс жауабы

Оқушының аты жөні

Балл

1

Тәулігіне бір ағаш, бір адамға жететін оттегіні бөледі. Қалаға қажетсіз газдардың бөлінуіне байланысты бұл оттегінің бөлінуі 10 есе кемісе, бір жарым миллион халқы бар Алматы қаласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет?

2

Автомобиль тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады.

3

Бамбук ағашы тәулігіне жуық шамамен 30 см -ге өседі. 12 сағаттан кейін оның биіктігі қанша болады?

4

Жұлдыз құрт бір тәулікте 30 жапырақты жесе, осындай 10 немесе 50 жұлдыз құрт бір тәулікте қанша жапырақ жейді.

5

1 гектар орман ағаштары 1 жылда 28 тонна оттегі бөліп шығарады. Ал бір жылда 12 мил. гектар ағаштар кесілсе, біз қанша оттегін жоғалтамыз?

6

1 үйеңкі ағашы бір жылда 2 кг 100 г оттегі бөліп шығарады. Ал шегіршін ағашы одан 7 есе көп оттегін бөліп шығарса, онда жылына бір үйеңкі және шегіршін ағаштары қанша кг оттегін бөліп шығарады?

7

Жөке ағашы 500 жыл, ал емен ағашы 2000 жыл өмір сүретін болса, жөке ағашы еменнен неше есе кем өмір сүреді?

8

Жер бетінде 250 мың түрлі өсімдіктердің 10/1 бөлігі құрып кету қауіпінде болса, қанша түрлі өсімдіктер құрып кету қауіпінде?

9

Бір шегіршін ағашы мамыр айынан қазан айна дейін 120 грамм улы газды тазартады. Егер шегіршін ағашы 400 өмір сүрсе, ол өз өмірінде қанша улы газды тазартады?

10

Емен орманы бір жылда 830 кг, ал қайың орманы 540 кг оттегін бөліп шығарса, емен орманы қанша кг артық оттегі бөліп шығарады?

11

Атмосферадағы ауаның ластану нәтижесінде 1 жылда 16 миллиарт ақшаға залал келеді, 10, 20, 50, 100 жылда қанша зиян шегеміз.

12

1 гектар орман ағашы сағатына 200 адамнан бөлініп шығатын көмір қышқыл газын бойына сіңіретін болса, тәулігіне орман ағашы қанша адамнан бөлініп шыққан көмірқышқыл газын бойына сіңіреді?

13

Бамбук ағашы тәулігіне 30 см өседі, ал терек ағашы тәулігіне 2 см өссе, бамбук ағашы тәулігіне неше есе артық өседі?

14

60 кг макулатура бір ағаштың өмірін қорғаса, оқушылар жинаған 420 кг макулатура неше ағаштың өмірін қорғайды?

15

Әр адам бір жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланып жұмыс істейді. Сенің жанұяңа қанша ағаштан жасалған қағаз керек? (Бір жылда)

«Білімпаз»

  1. Жер қыртысында неше пайыз оттек бар?.

  2. Оттектің физикалық қасиеттері қандай?.

  3. Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?

  4. Қандай реакцияны тотығу реакциясы деп атайды?.

  5. Қандай заттар оксидтер деп аталады?

  6. Табиғатта оттекті бөліп шығаратын реакция.

  7. Ауаның құрамы?.

  8. Қандай реакция экзатермиялық реакция деп аталады?.

  9. Молярлық көлем.

  10. Газдардың салыстырмалы тығыздығы?

  11. Атмосферада неше пайыз оттек бар?

  12. Озонның физикалық қасиеті қандай?

  13. Зертханада оттекті қандай заттардан алады?

  14. Қандай реакция жану реакциясы деп аталады?.

  15. Өршіткі дегеніміз не?

  16. Оттек қайда қолданылады?

  17. Аллотропия дегеніміз не?

  18. Эндотермиялық реакция дегеніміз не?

  19. Қ.Ж газдардың көлемі қандай?

  20. Газдың тығыздығы қандай?

Оттектің табиғатта таралуы туралы айтып беріңдер. Схема құрастырыңдар. 3 балл

Оттегінің қолданылуы туралы айтып беріңдер. Схема құрастырыңдар

3 балл

Оттектің қасиеттерін неге зерттедік? 1 балл

Тіршілік үшін маңызды қандай заттардың құрамыны оттек кіреді? 1 балл.

Біздің планетемыздағы оттек көзі неде? 2 балл.

Оттектің физикалық қасиеттерін атап шығыңдар. 1 балл.

Катализатаор дегеніміз не? 1 балл.

Оттекті лабораторияда неден алады ? 1 балл.

Оттекті жинау әдістерін айтып беріңдер. 1 балл

Жалпы есеп: Осы есепті уақытқа қарай немесе балалардың қызығушылығына қарай түрлендіруге болады (бір күнде, бір аптада, бір айда)

Үйге тапсырма беру: § 26. Атмосфералық ауа - газдар қоспасы, ауаны ластанудан қорғау, заттардың ауада жануы. 68 - 70 бет.

  1. 6 жаттығу.

© 2010-2022