Презентация + доклад по химии на тему Галоген

Сабақтың мақсаты:   Фтор, хлор, бром, йод галогендерінің жалпы сипаттамасы, қасиеттері мен қолданылуын үйрету. Міндеті: 1 . Галогендердің атом құрылыстарын, химиялық формулаларын  және қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін  жазуды үйренеді. 2 . Оқушылардың тақырыпқа  байланысты заттардың жағымды және жағымсыз жақтарын ажыратып,  жеке жұмыс  жасау арқылы  ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады. 3 . Топтық жұмыс арқылы тапсырманы бірлесе шешуге, топтық ережені сақтауға, өзінің және ө...
Раздел Химия
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Галогендер топшасының жалпы сипаттамасы

Сабақтың мақсаты: Фтор, хлор, бром, йод галогендерінің жалпы сипаттамасы, қасиеттері мен қолданылуын үйрету.

Міндеті:

1 . Галогендердің атом құрылыстарын, химиялық формулаларын және қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазуды үйренеді.

2 . Оқушылардың тақырыпқа байланысты заттардың жағымды және жағымсыз жақтарын ажыратып, жеке жұмыс жасау арқылы ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

3 . Топтық жұмыс арқылы тапсырманы бірлесе шешуге, топтық ережені сақтауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасуды үйренеді.

Күтілетін нәтиже :

1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді;

2. Өз ойын еркін жеткізе біледі;

3. Тақырыпқа байланысты заттардың химиялық формуласын қатесіз жазуды және ажырата білуді үйренеді;

4 . Реакцияны дұрыс теңестіріп, есептер шығаруға үйренеді;

Оқыту технологиясы: СТО

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі : Ментальді карта, семантикалық кесте, автор орындығы, синквейн, анализ, қолданыс, бағалау сұрақтары, реакция теңдеулерін жазу, есептер шығару, ой толғаныс.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, натрий хлориді, натрий бромиді, натрий йодиді, күміс нитратының ерітінділері, сынауықтар, қауіпсіздік ережесі, стикерлер, форматты қағаз.

Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, физика.

Сабақтың жоспары:

I Ұйымдастыру кезеңі: (қызығушылықты ояту)

1. Сәлемдесу

2. Түгендеу

3. Топқа бөлу

Химиялық элементтердің формулалары арқылы топтастырымын:

I топ: "Фтор"

II топ: "Хлор"

III топ: "Бром"

IV топ: "Йод"

II. Жаңа сабақ:

Іс - әрекеттерім:

1. Миға шабуыл

Мақсаты: Слайдтан суреттер көрсету арқылы: мына заттардың ішінде қандай химиялық элементтер бар? -деген сұрақ қойылады.(Тіс пастасының, тістің , йод, йодамариннің, белизнаның, кометтің фотопленканың суреттері көрсетіледі ).

2. Ментальды картамен жұмыс (Джигсо -2)

Мақсаты: топтарға мәтінді оқытып, топ мүшелерінің өзара жұптық, топтық сосын бүкіл аудитория болып өздеріне берілген бейметалды талқылайды.



Iтоп: Фтор IIтоп: Хлор

(периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы,

алынуы, қасиеттері, қолданылуы, маңызы,

қосылыстары, биохимиялық ролі.)

IIIтоп: Бром IVтоп: Йод

БҮҮ кестесі

Білгенмін

Үйрендім

Үйренгім келеді

Галогендердің химиялық формуласы, салыстырмалы атомдық массасы, валенттігі.

Қасиеттерін, қолданылуын, пайдасы мен зиянын, биохимиялық ролі, қосылыстарын.

Галогендердің өндіріс орнының жұмыс істеуін.



3. Ішіне және сыртына кестесі

Мақсаты: Кестенің ішіне галогендердің(F,CL,Br,I) пайдасын, сыртына зиянды қасиеттерін жазу

Пайдасы

Зияны

Хлор-зарарсыздандырады. Ересек адам күніне 4-8г натрий хлоридін қажет етеді, ол қанға түсіп қысымды реттейді. Ауыз суды тазарту үшін, 1м3 суға 1,5кг хлор қосылады.

Тұншықтырғыш, улы,өте қауіпті, немістер хлорды және оның қосылысы иприт немесе дихлордиэтилсульфидті соғыс кезінде қолданып

15 000 әскерді уландырған. Хлормен уланған адам дамылсыз жөтеледі.

Фтор - сүйек пен тісті эмалін берік қылуда организмге су арқылы келеді. Пияз бен қарамық өсімдіктерінде фтор көп. Фторды пластмасса, майлағыш заттар, тоңазытқыш сұйықтар - фреондар алуға жұмсайды. Өсімдік зиян кестерін өлтіретін препарат.Суды фторлауда қолданады. Шыныны беріктетуде.

Улы

Бромның күміс тұзы -фотографияда , кино түсіруде, бояғыш заттар жасауда, күшті тотықтырғыш, дәрі -дәрмек дайындауда қолданылады. Шипалық қасиеті де бар, бромидтері жүйкені тыныштандыратын дәрі - дәрмек дайындауда.

Бром булары улы, денеге тисе күйдіреді, жазылмайтын жара қалдырады. Абайсызда бром денеге тисе, аммиактың немесе соданың сұйық ерітіндісімен жуу қажет. Броммен тартпа шкафта резеңке қолғапты пайдаланып, сақтықпен жұмыспен істеу керек.

Йодтың спирттегі ерітіндісі -медицинада қан тоқтатуда қолданады, ас тұзын йодтауда, күшті тотықтырғыш, дәрі-дәрмек дайындауда, аз мөлшері микробтарды өлтіреді. Йод крахмалды анықтау үшін реактив ретінде қолданылады. Йод тіңіз суында "Ламинария" балдырының 1 тоннасында 5 кг болады. Йод көбінесе пиязда, жұмыртқада, сүтте, теңіз балықтарында болады.

Йодтың көп мөлшері улы, 2-3 гр адамды өлтіруге жетіп жатыр. Йодтың буы тұншықтырып, тыныс жолдарын бүлдіреді. Йод жетіспеген жағдайда зоб ауруына шалдығады. Таулы аудандардың суында, топырағында йод өте аз болады, ондағы адамдар алқымның ісік ауруына жиі шалдығады.





4. Зертханалық столда

Мақсаты: Үш сынауықты алып: № 1) NaCL № 2) NaBr № 3) NaI ерітінділерін құйыңдар. Әр қайсысына AgNO3 тамшылатып қосыңдар. Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер? түзілген тұнбаның түсіне көңіл аударыңдар? Жазғандарыңызды екеуара, топпен тексеріңіздер:

Химиялық зат

NaCL

NaBr

NaI

AgNO3



AgCl



AgBr

AgI

Түсі:

Ірімшік тәрізді ақ тұнба

Сарғыш тұнба

Сары тұнба

Реакция теңдеуі:

NaCL+AgNO3=AgCl+NaNO3

NaBr+AgNO3=AgBr+NaNO3

NaI+AgNO3=AgI+NaNO3



5. Семантикалық кесте

Мақсаты: Галогендер тақырыбы бойынша білімдерін жинақтау.

Жеке, жұппен сосын топпен жұмыс жасап "Автор орындығында" қорғау

Химиялық элемент

Атом құрылысы

Салыстырмалы атомдық массасы ( Ar)=

Валенттілігі

Тотығу дәрежесі

Алынуы

(Кім және қай жылы ашты)

Молнкулалық формуласы

Сутекті қосылыстары

Тұздары

F

9p,10n,9e

19

I,III,V,VII

-1,0,

+1,

+3,+5,+7

1886ж. француз химигі Г.Муассан ашты

F2

HF

NaF

Натрий фториді

CL

17p,18,5n,17e

35,5

I,III,V,VII

-1,0,

+1,

+3,+5,+7

1774ж. швед оқымыстысы Карл Шееле ашты

CL2

HCL

NaCL

Натрий хлориді

Br

35p,45n,35e

80

I,III,V,VII

-1,0,

+1,

+3,+5,+7

1826 жылы француз оқымыстысы Ж. Балар ашты.

Br2

HBr

NaBr

Натрий бромиді

I

53p,74n,53e

127

I,III,V,VII

-1,0,

+1,

+3,+5,+7

1811 жылы селитра қайнатушы француз химигі Бернард куртуа ашты.

I2

HI

NaI

Натрий йодиді



III. Жаңа сабақты бекіту:

1.Синквейн (бес жолды өлең)

I топ: F

II топ: CL III топ: Br

IV топ: I

1. Фтор

1. Хлор

1. Бром

1. Йод

2. Улы, түссіз, газ.

2.Улы, сарғыш-жасыл түсті, өткір иісті, газ.

2 . Улы, сұйық, сасық, қызылқоңыр.

2. Қара күлгін түсті, қатты

3 . Ұшады, ауада түтінденеді күшті тотықтырғыш

3. Уландырады, тұншықтырғыш,

Күйдіреді, ағартқыш.

3. күйдіреді, ұйқтатады

(тыныштандырады, уландырады

3.тоқ өткізеді, спиртте ериді, 2-3г адамды өлтіреді.

4.Ракета отынының тотықтырғышы,

тіс эмалінде болады

4.Ауыз суды тазарту үшін, дәрі дәрмектер жасауда.

4.Дәрі ретінде, фотографияда, кино түсіруде қолданылады.

4.Микробтарды өлтіреді.

5 .Галоген

5 .Галоген

5. Галоген

5 .Галоген





2. Есеп шығару

Мақсаты: Галогендер тақырыбына есептер шығарып үйрену:



Есептер

F- тобы

CL -тобы

Br - тобы

I- Тобы

Берілгені

0,5моль Xл

H2 + F2= 2HF

1моль 44,8л

5моль Xл

H2 + CL2= 2HCL

1моль 44,8л

10моль Xл

H2 + Br2= 2HBr

1моль 44,8л

0,1 моль Xл

H2 + I2 = 2HI

1моль 44,8л

Шығарылу жолы:

0,5моль*44,8л\1моль=

22,4л

5моль*44,8л\1моль=

112л

10моль*44,8л\1моль=

224л

0,1моль*44,8л\1моль=

2,24л

Жауабы:

V(HF)=22.4л

V(HCL)=112л

V(HBr)=112л

V(HI)=2,24л



IV . Үй тапсырмасын беру:

1. "Галогендердің және олардың қосылыстарының организмге тигізетін әсері" жайында 50 сөздік "Эссе" жазу.

2. Мына өзгерістерді қалай іске асыруға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

а) HCL-CL2-FeCl3

б) HBr-KBr-Br2



V. Бағалау

Бағалаудың нақты критерилері:

1. Білім деңгейіндегі сұрақтар бойынша;

2. Анализ деңгейіндегі сұрақтар бойынша;

3. Семантикалық кесте бойынша;

4. Синквейн (бес жолды өлең) арқылы;

5. Есептер шығару арқылы;

Аты- жөні

Білім деңгейіндегі сұрақтар

Анализ деңгейіндегі сұрақтар

Семантикалық

кесте

Синквейн

Есептер шығару

Асел

5

5

5

5

5 5

Арна

5

5

5

5

5 5

Ажар

5

4

5

5

5 5

Төле

5

4

5

5

5 5

Әділет

4

4

4

5

3 4

Жансая

Амина

4

5

3

5

4

5

4

5

4 4

5 5

Айнұр

4

4

5

5

5 5

Жанель

4

4

4

5

4 4

Қарлыға

4

4

4

4

4 4

Маржан

5

5

5

5

4 5

"А" =7

"Б" =4

"С" =0

"Д" =0

VI. Кері әсер парағы

1. Бүгін мен не үйрендім?

2. Маған не ұнады/ұнамады?

3. Тапсырманы орындау барысында қандай қиыншылықтар болды?

Сабақтан соңғы ойтолғаныс:

Бүгінгі қолданылған әдістер баланың дамуына әсер етті ме?

Қай балаларға әсер етті, қай бала сөйлей алмады?





© 2010-2022