Презента тақырыбы «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМҒА БЕЙІМДЕУ»

Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарланған. Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу. Зерттеу – адамгершiлiк қарекеттері формал...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМҒА БЕЙІМДЕУ


Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұны әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарланған. Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу.
Зерттеу - адамгершiлiк қарекеттері формаларының бірі. Оның негiзi өзгерту мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білімқұмарлық болып табылады. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған тану. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады.
Зерттеуші оқушы келесі жұмыстарды жасай алуға тиісті: зерттеу проблемасын танымдық есеп түрінде қисынға келтіру, зерттеу мақсатын анықтау, қажетті мәліметтерді жинау, басты бағытты айқындау, зерттеу объектісінің үлгісін жасау, зерттеу әдiстемесiн жасау; зерттеу жұмыстарын өткiзу, алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру, алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау, өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.
Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері

проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау,
проблемаларды табу);

зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);

зерттеу тақырыбын тандау (зерттеу шеңберін белгілеу);

шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін
таңдау);

зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып, материалдарды жинақтау);

есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу
нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау,
сұрақтарға жауап беру).

Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет. Мұндай жағдайда оқушы алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.
Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.
Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.
Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Ғылыми жұмысқа баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ғылыми жұмысқа ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Ғылыми жұмыс тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде ғылыми жұмыс тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Ғылыми жұмыстың жоспарын әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ғылыми жұмыс барысында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Ғылыми жұмыста сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды:

Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі.

Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы.

Талдай білуі, көрнекілік қолдануы .

Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті.

Тақырыпты таңдау ережесі:
Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:

Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;

Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;

Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;

Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;

Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.

Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі

Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.

Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.

Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.

Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.

Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.

Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:

алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;

бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;

тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек.

таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;

зерттеу тақырыбы мектепте ОҒҚ отырысында бекітілу керек.

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ


Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.

Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар пайдалану ретіне қарай цифрленіп белгіленеді.
3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.
Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:
Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).
Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «химиялық ластану...» [ 5 ].
Әдебиеттерді зерделеу мынандай кезеңдерден тұрады:

Жалпы танысу

Бөлімдер мен тарауларды окып шығу

Таңдап алып оқу

Оқыған материалдардан жоспар құру

Окығандардан көшіріп жазу

Осыған материалдарды баскалармен салыстыру

Окығандар мен жазып алгандарға сыни баға беру

Кезеңдердің мазмұны төмендегідей мазмұнды қамтуы тиіс:

Әдебиеттерге жалпы шолу

Мәтіннен манызды жерін бөліп алу

Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу

Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс.

Нақты және толық (цитата)

Мәселені шешуде айырмашылықтары белгіленеді

Шынайылық мен нақтылығына назар аударылады




© 2010-2022