Зат формуласындағы элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықтау 8-сынып

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10а сынып. №27

Тақырыбы: Сандық есептер мен жаттығулар: Зат формуласындағы элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықтау,тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаты: кез-келген заттың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай отырып,Тотығу - тотықсыздану реакцияларын жазу дағдысын қалыптастыру,

Дамытушылық мақсаты:реакция теңдеулеріндегі тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды ,тотығу,тотықсыздану процестерін анықтау арқылы оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өз еңбегін және жолдастарының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен тақырыптарға шолу

    1. Химиялық реакциялар неше түрге бөлінеді

(түрлерін атайды,мысал келтіреді,анықтамаларын айтады) ауызша-сұрақ-жауап, тақтада мысал келтіру

2.реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша :

CaCO3----CaO+CO2-180 кДж, 200 кг кальций оксидін алу үшін қанша жылу жұмсау керек?

3.құрамында 49 г күкірт қышқылы бар ерітіндіге 6,5г мырыш салынды.бөлінген сутектің (қ.ж)көлемін табыңдар?

Жаңа сабақ:

  1. Мақсатымен таныстыру

  2. Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушыларға мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды:H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7.

Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

2. Мына қосылыстардағы фосфордың:PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, H2SO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады:

  1. Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді?

  2. H2,HCI,H2O,F2,PCI5 қосылысындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар.

  3. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР - на жатады. Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2

ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 - 2е = Mg+2 тотығады

S0 + 2е = S-2 тотықсызданады

Mg-тотықсыздандырғыш, S -тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады.

Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6

Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді:

Оқушыларға тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Алгоритмі:

  1. Химиялық теңдеуді құру.

  2. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, оны жазу.

  3. Тотығу дәрежесі өзгерген элементті табу.

  4. Электрондық баланс теңдеуін құру.

  5. Химиялық теңдеуге коэффициенттерін қою.

  6. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі оттегінің саны бойынша коэффициенттің дұрыс қойылғандығын тексеру.

  7. Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты, тотығу - тотықсыздандыру процесін анықтау.

Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау.

  1. Тотығу - тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру:

AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 =

2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар.H2S + CI2 = HCI + S ; HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O;

Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау.

Бағалау















1 - нұсқа.

1- есеп. Берілгені: CI2, NaCI, C, H2O, CO2, SiC, CaCI2

а) осылардан атомдық, иондық молекулалық кристалдық торға сәйкес қосылыстарды бөліп жазыңдар.

ә) осылардан иондық,ковалентті полюсті,ковалентті полюссіз байланыстарға сәйкес қосылыстарды бөліп жазыңдар.

б) осы қосылыстардың тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

2-есеп. Төмендегі реакция теңдеуін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер.

K + CI2 = KCI

Fe + CI2 = FeCI2

Mg + O2 = MgO

2 - нұсқа.

1.Мына заттардың: хлор, бромсутек, натрий хлориді, калий сульфиді, күкіртсутек, формуласын жазыңдар және иондық байланыстағы қосылысты бір сызықпен, ковалентті полюссіз байланыстағын екі сызықпен,ал ковалентті полюсті байланыстағын ирек сызықпен сызыңдар.

2. Хлор және су молекуласының түзілу сызбанұсқасын бейнелеңдер. Ондағы байланыс түрлері қандай?

3.Мына элементтер: AI0, AI3+, CI0, CI - атомдардан иондарға айналады, олардың түзілу процесін қалай бейнелеуге болады?

4. Төмендегі реакция теңдеулерін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер.

СІ2 + КІ = KCI + I2

Na + H2O = NaOH + H2

3 - нұсқа.

1.Егер: а) элемент атомында 3 электрондық қабат болып, ең сыртында электрон саны бес болса;

ә) элемент атомында 13 протон болса қай элементтер жайында сөз болғаны? Бұлар өзара әрекеттесе ме? Өзара қандай химиялық байланыс түзетінін тауып, оны сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер.

2. Мына қосылыстардағы: SO2, CaCI2, AI2O3, CuCI, FeS, Br2 элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықта, атомдар арасындағы байланыс түрлері қандай?

3. Мына элементтер:Br0,Br -,N0,N3+атомдардан иондарға айналады,олардың түзілу процесін қалай бейнелеуге болады?

4. Төмендегі реакция теңдеулерін тотығу - тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар.

AI + O2 = AI2O3 H2 + FeO = Fe + H2O



© 2010-2022