Химия пәнін бағдарлы оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары

Химия пәнінің бағдарлы оқыту ерекшеліктері мен тиімді жолдары. Мұңайтбасова Айгульжан Хамитқызы Мұғалжар ауданы, Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің  химия пәні мұғалімі.             Химиядан бағдарлы оқытудың алдында тұрған мәселе  8 – 9 кластарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы жаратылыстану ғылымының ішіндегі төрден орын алатын химия ғылымының  қыр – сырын зерттеуге баулу. Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданы...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облыстық білім басқармасы

Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығы





Эссе

Тақырыбы: «Химия пәнін бағдарлы оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары»





Орындаған: А.Х.Мунайтбасова

Мұғалжар ауданы

Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің

химия пәнінің мұғалімі





Ақтөбе - 2014



Химия пәнінің бағдарлы оқыту ерекшеліктері мен тиімді жолдары.

Мұңайтбасова Айгульжан Хамитқызы

Мұғалжар ауданы, Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі.

Химиядан бағдарлы оқытудың алдында тұрған мәселе 8 - 9 кластарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы жаратылыстану ғылымының ішіндегі төрден орын алатын химия ғылымының қыр - сырын зерттеуге баулу. Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі - еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Осы ретте бұл ағымды іске асыру дидактикалық принциптердің бірі - саралап оқыту принципі арқылы жүзеге асырылатындығы мәлім.

Саралап оқыту формаларының бірі сыртқы саралау. Бұл саралау бойынша таңдау курстарын өткізу арқылы жүзеге асырамыз. Осыған орай «Қызықты химия» таңдау курсы бағдарламасын жасадым , ол «Химия мектепте» ғылыми - педагогикалық журналдың 2010ж №3 де жарық көрді.

Негізгі мақсатымыз оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын тудыру үшін балаға пәнді түсіндіру барысында теориялық білімді практикамен, өмірмен байланыстыра отырып, зертханалық тәжірибелерді біріге отырып, өз беттерімен эксперимент жасауға үйрету, химия лабораториясындағы құрал - жабдықтармен таныстырып, сол құралдарды өз қолдарымен ұстап, тәжірибе жасау біліктілігін арттыру. Қызықты тәжірибе сырын ашу. Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың білімін тереңдету, өз бетімен ізденуіне бағыт беру. Болашақта мектепте жоғары класқа келгенде оқушының қай бағдарлы класты, мектепті таңдауына ықпал ету.

Таңдау курсын өткізуде біліммен қатар рухани - адамгершілік тәрбиеге аса назар аудару. Аталған курс бағдарламаларға қойылатын талаптар мен критерийлерге сай құрастырылды. Атап айтсақ ғылымилық , жүйелік , практикалық бағыттылық , уақыт қорына лайықтылық, химиялық тілдің түсініктілігі принциптерге сай жасалды.

Қызығушылығына қарай өтілетін курстар барлық оқушылар үшін міндетті емес.Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал. Таңдау курстарын оқыту бағдары аясынан тыс, оқушы компоненті есебінен іске асырылады.

Ал қолданбалы курстар класс оқушылары үшін міндетті. Бұл курстар оқыту бағдарының құрамына кіреді және мектеп компоненті есебінен жүзеге асырылады.

Жоғары сатыда оқушының қай бағдарлы класты, мектепті таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына рухани ерекшелігі, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты. Мектепте жоғары сатыда оқытудың негізгі міндеті оқушыларды мамандық таңдауға, болашақта өндірістің қай саласында еңбек ету мүмкіндіктерін болжауға жағдай туғызу.

Мектеп жергілікті жердің сұранысын, ерекшелігін ескере отырып, кәсіптік бағдар беруге толық мүмкіндігі бар. Саралап оқытудың негізгі бағыты бойынша сол аймақта барлық өндіріс салаларын төмендегідей өнеркәсіп салаларына жіктеуге болады:

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі; түсті металлургия; химиялық және цемент өнеркәсібі; машина құрылысы; машина жөндеу және ағаш өңдеу өнеркәсібі.

Қазақстанда табиғат байлығы кең таралғандығы жер қойнауында тас көмір, мұнай, газ, түрлі рудалар, металдар, фосфориттер және тағы басқа пайдалы қазбалар қоры бар екендігі мәлім.

Мұғалім сабақ барысында химиялық өнеркәсіптің шикізаттары туралы ғана емес, сонымен қатар олардың құрамы мен қасиеттері, өндіру әдістері және олардың табиғатта таралуы мен қолданылуын , олардың физика - химиялық негізде қайтау өндеу әдістері туралы кең мағлұмат береді.

Республика аймақтарының әр түрлілігі тек климаттық, географиялық, экологиялық жағдайлары жағынан ғана емес, сонымен қатар шаруашылық - өндірістік жағынан да айырмашылықтары болады.

Бүгінгі таңда «Өнеркәсіптегі химия» қолданбалы курсын өткізу бағдарламасына сұраныс бар деп ойлаймын.

Әсіресе өнеркәсіп , өндіріс салалары жақсы дамыған аймақтарда (батыс аймақтар) өткізу бірден - бір қажет.

Қазіргі заманның табиғатына сай қоғамымыздың әлеуметтік - эканомикалық және ғылыми - техниканың дамуына байланысты білім мазмұнын жетілдіру мәселесі тұр. Сонымен қатар білім мазмұнының жылжымалы (вариативті) бөлігін іске асыруда «Өнеркәсіптегі химия», «Мұнай химиясы және аймақтың экологиясы » қолданбалы курстарының жобасын ұсынып, «Химия мектепте» ғылыми- педагогикалық журналдың 2009ж №2 де жарық көрді. Бұл бағдарламаларды мұғалімдер негізге ала отырып, өз ерекшеліктеріне қарай өзгерте алады.

Егер химиядан қолданбалы курстар тізімін жаза бастасақ, мысалы: химиялық анализ негіздері, химия өнеркәсіпте, химия ауылшаруашылығында, биотехналогия негіздері адам және қоршаған орта, мұнай химиясы , мақта химиясы , химик және полимер материалды дайындау техналогиясы, химия және тамақ өнеркәсібі , химия және жеңіл өнеркәсібі, химиялық өндіріс және экология, яғни қолданбалы курстар - пәндік пәнаралық кәсіби бағдарланған бағытта түрлері баршылық .

Бағдарлы оқытуды іске асыратын мұғалім оқытудың әдістемелерін тиімді пайдалана білуді негізгі мәселе етіп қояды.

Қолданбалы курс сабақтарының сапалы өтуіне ақпараттық коммуникациялы технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар материалдарды вертуальды көру,еске сақтауларына мүмкіндік туғызады. Видеофильмдер, видеокадрлар, слайдтар тақырыпқа сай және мектептегі бар ресурс қорларын пайдалану қажет. Қолданбалы курс болғандықтан ең өзекті мәселе теориялық білімді практикамен байланыстыру.

Мектептің жоғары сатысында жоғары оқу орнына түсуге бағыттап ,терең білім беру болғандықтан жоғары оқу орындарында қолданылатын әдістердің бірі лекция-семинар сабақтары, бұл жерде оқушыларға таныс материалдарға көп тоқтамай қосымша тереңдетілген бағытта жұмыс көзделеді. Сонымен қатар жобалау технологиясы оқушылардың өз бетімен ізденуіне,ой түйінін жасай білуге,қосымша әдебиеттер мен, кітапханада картотекамен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Оқушылар іздену барысында интернеттен материалдарды таба білу іскерліктерін дамытады.

Жоғарыдағы аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл істе осы бағдарлы оқытуды жүзеге асыруда жауапты саладағы мамандардың құзырында. Басты жұмыс- дайындық этапы. Бұл этапта мектептер оқушының бағытын таңдауына мүмкіндік жасап, өз мектептерінің бағытын презентациялап, картасын жасау керек.Ол үшін қала,аудан бойынша мектептерді қалыптастыру қажет. Дәлел болу үшін 9 класты бітірген оқушы бағдарын таңдауы жауапты іс, соған байланысты таңдауына дейін оқушының салмақты жұмыспен ( олимпиада, ғылыми жоба, таңдау курстары) айналысқан балаларға қиындық туғызбайды, ал өзі әлі шешім қабылдауға қиналатын балаларға мұғалім, класс жетекшісі, мектеп психологы, ата-анасының көмегі қажет.

Қазіргі таңда біз бағдарлы кластарды таңдасақ, болашақта бағдарлы мектептерді таңдауда мектеп ұжымы жүйелі жұмыс жасап,оқу орнының портфелін жасақтау қажет болады.Ал химияда жауапты аудандық,қалалық білім бөлімдерінің қызметкелері пән мұғалімдеріне көмек ретінде бағдарлы курстардың базалық қорын жинақтап, барлық республика, аймақ бойынша бар бағдарламаларды жинақтап,оны толықтырып,мектептердің базалық қорына жіберіп отыру керек. Егер ауыл мектептерінің жағдайына келсек, мұғалімдер өз пәндерінен қолданбалы курстарды жүзеге асыруында күмән жоқ,тек бағдарлы мектептерді қалыптастыру механизмін 2015 жылға дейін мектеп интернаттардың жұмыстарын ірі ауылдар мен аудан орталықтарында шоғырландыру жұмыстары басталары сөзсіз деп ойлаймын.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бағалауда оқушы портфолиосын жинақтау көзделеді. Репродуктивті деңгей бойынша бағалау курстың негізгі мазмұнын нақты меңгергендігімен бағаланады.

Конструктивті деңгей бойынша бағалау оқушының өз бетімен ізденісі, баяндама, реферат, ғылыми жобаны орындауы, сол еңбектерді қорғау іскерліктері мен сын тұрғысынан ойлай білуі арқылы іске асырылады.

Шығармашылық деңгей бойынша бағалау ғылыми зерттеу жұмысын жоба түрінде талаптарға сай қағазға түсіріп, интерактивті тақтаны қолдана отырып қорғау, білімдік сайыстарда дискуссия жасауда өз көзқарасын дәлелдей білуі және өзін мәдениетті ұстауы ескеріліп барып орындалады.

Сонымен қолданбалы курстардың мазмұны мен күтілетін нәтижелеріне бағытталып оқыту жеке тұлғаға бағдарланған тұрғыда іске асырылуы тиіс және жобалық, зерттеушілік бағытта ұйымдастырылған курстар шығармашылық іс-әрекетін тәжірибемен байланыстыруы, болашақта білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруында көп көмегі болатындығы химия саласындағы оқу орындарында оқып жүрген шәкірттерімнен байқап толыққанды айтуыма болады.

Себебі оқушы мектеп қабырғасынан қосымша әдебиеттермен жұмыс, ғылыми жобаны қорғап, презентациялау, жаңа ақпараттық материалдарды жинақтап, қолдану жолдарын,пәндік олимпиадаларға дайындық барысында түрлі қиындықтағы есептерді шығару әдістерін меңгергендіктен қиындық келтірмейтіндігін дәлелдеуде.

© 2010-2022