«Химия және денсаулық» Брейн-ринг ойыны (сыныптан тыс шара)

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Медетова Ләззат Муталлаповна

Қызылорда облысы Сырдария ауданы №44 орта мектеп

«Химия және денсаулық» Брейн- ринг ойыны (сыныптан тыс шара)

Мақсаты: Химия-биология курстары бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау,бекіту. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру. Тіл байлығын, ой ұшқырлығын, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу. Топпен жағдаяттан шығуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың пәнге қызығушылығы , ізденімпаздығы артады. Жеке ,топпен жұмыс жүргізу дағдылары дамиды . Сыни ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып , өзіндік көзқарастарын қалыптастыруды үйренеді.

7 модульді ықпалдастыру: Сын тұрғысынан ойлау,оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, дарынды және талантты балаларды оқыту, оқушылардың жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту мен оку, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Негізгі идеялар: Мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін

қалыптастырады, ойлау үдерісін жүзеге асырады.

Әдіс-тәсілдер: Дарынды оқушыларды анықтау мақсатында деңгейлік сұрақтар мен тапсырмалар, Де Бононың алты қалпағы, АКТ

Жүргізуші : Көруге бұл сайысқа жиылғандар,

Д. И. Менделеевке құрметпенен сиынғандар.

Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар!

Құрметті әріптестер! Бүгінгі «Химия және денсаулық» брейн - рингке қош келдіңіздер!

Брейн рингке қатысушылар: 10 сыныптан құралған «Болашақ» тобы. Бастап келе жатқан Мақаш Нұрбол, Жақыпбек Аружан, Тоқтарбай Гүлбаршын, Тағайбек Аида, Демжанова Гүлбану, Топ басшысы Қаппар Асқар.

9 сыныптан құралған «Жас қыран » тобы. Бастап келе жатқан Теңізбай Данияр, Жүнісова Насихат, Бақытжанұлы Рақымжан, Нұрлыбекқызы Айгерім, Бисен Жалғас, топ басшысы Әбілда Лайла.

Брейн рингті жақсы көңіл күйде өткізу үшін «Нұрға бөлену» психологиялық тренингін жүргізейік.

Брейн ринг кезеңдері.

1. «Ойлы болсаң, озып көр»

2. «Тауып айтқан- қауып айтады»

3. «Зерек болсаң,шешіп көр»

4. «Химия және денсаулық»

5. «Қара жәшіктегі сұрақтар»

6. «Жанды сұрақтар»

Осы алты кезеңнен жоғары деңгейде көрінген топ мына глобуспен марапатталады.

Бүгінгі брейн - ринг сарапшысы - бастауыш сынып мұғалімі Индира Жұмағалиқызы Алдекешова. Брейн рингті бастамас бұрын топтар алдарыңызда тұрған түймені басып жұмыс істеуін тексеріңіздер.

1-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» шартында сұрақтар қойылады , әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1.Жүйке жүйесінің ауруы және емдейтін дәрігерді атаңыз? (ұйқысыздық летаргия-невролог,психиатр)

2.Қан ауруы және емдейтін дәрігерді атаңыз? (қан аздық, гемофилия-гематолог)

3.Сүйек ауруы және емдейтін дәрігерді атаңыз? (артрит- хирург)

4.Йод жетіспегенде болатын ауру және емдейтін дәрігер?

(Зоб-эндокринолог)

5. Жүрек ауруы және емдейтін дәрігер?(инфаркт-кардиолог)

6. Көз ауруы және емдейтін дәрігер? (глаукома- окулист)

7.Бүйрек ауруы және емдейтін дәрігерді атаңыз? (пиелонефрит- уролог)

8.Шөптесін өсімдіктер, шаң-тозаңнан туындайтын ауру және дәрігер? (аллергия- аллерголог)

9. Тіс ауруы және емдейтін дәрігерді атаңыз? (тіс жегі- стоматолог)

2-кезең. «Тауып айтқан- қауып айтады» шарты бойынша металдар туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

1. Қойдың сүті -... (қорғасын)

2. ...- ді қызған кезде соқ. (темір)

3. От көмір жейді, тот ... жейді.(темір)

4. ...-ды еріте білмеген-ірітер.

Теріні илей білмеген -шірітер.(алтын)

5.Аз сөз-..., көп сөз-... (алтын, күміс)

6.... кессең ұзын кес, соға келе ұзарар, Ағаш кессең ұзын кес,шаба келе қысқарар. (темір)

7. Өнерлінің қолы...

Өленшінің сөзі ... (алтын)

8. ... шыққан жерді белден қаз. (алтын)

9.Ақыл байлық -азбас байлық, ... байлық-тозбас байлық ( темір)

10. Асы жоқ ... аяқтан, айраны бар бар тостақ артық. (алтын)

3-кезең. «Зерек болсаң, шешіп көр» кезеңі. Бұл кезеңнің шарты: Сөзжұмбақ шешу.Әрбір дұрыс жауапқа 3-ұпайдан беріледі.

1.Күмістей ақшыл, жеңіл, тісте, бұлшықеттерде кездесетін металл. (магний)

2.Магнитті қасиеті бар, қанда кездесетін металл.(темір)

3. Көз, жұлын сұйығында,ас қорыту сөлінде, сүйек ұлпасында кездесетін сілтілік металл.( натрий)

4.Шашта, өкпеде, мида кездесетін, электр өткізгіш металл. (алюминий)

5. Ол өте аз мөлшерде қанның құрамында шашта болады.Адамды ерте қартаюдан сақтайтын металл. (ванадий)

6.Қанда,бүйректе,сүйек ұлпасында кездесетін, сілтілік жер металл. (кальций)

7. Гипофизде кездесетін ең қатты металл. (хром)

8. Өзім газбын менімен демаласын,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (оттек)

9.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап)

10. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада , өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Азот)

11.Көз сұйықтығында кездесетін металл? (натрий)

4-кезең . «Химия және денсаулық» Әрбір дұрыс жауапқа 4 ұпайдан беріледі.

1. Адам ағзасында 4 г темір болады. Оның 65 пайызы қайда болады? (қанның гемоглобинде)

2. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (белсендірілген көмір)

4.Аммиак суда жақсы еритін өткір иісті газ . Оны суда әртүрлі мөлшерде ерітуге болады. Құрамында 3-10 пайыз аммиак бар ерітінді халық арасында қалай аталады?( мүсәтір спирті)

5.Бұл элементке кейбір омыртқасыздар- былқылдақденелілер мен буынаяқтылар бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ,ғалымдар қанның көгілдір болуы осы элементке байланысты екенін дәлелдеді. Ол қай элемент деп ойлайсыздар? ( мыс)

6.«Күлдіргіш газ», оның 20% оттегімен қоспасын медицинада жансыздандырғыш ретінде қолданады. (N2O)

8. Ол өте аңғал болған. Ол бірде жұмыртқа қайнатамын деп ойлап, қолындағы сағатын 3 минут қайнатып, қолына жұмыртқа ұстап тұрған. Ол кім? (Ампер)

9.Бір таудың алпыс екі саласы бар,

Он екі жанында қаласы бар.

Бау-бақша, түрлі өсімдіктер,

Барлығының билеп тұрған анасы бар. (адамның 62 тамыры, 12 мүшесі)

10.Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? Натрий хлориді

5- кезең . «Қара жәшіктегі сұрақтар». Әрбір дұрыс жауапқа 6 ұпайдан беріледі.

Ортаға қара жәшік .

1.Құрамында кремний қосылыстары болатын техникалық материал . Саз бен ізбес тасын өртеу арқылы алынады. Бұл заттан ұнтақ түрдегі кальций, алюминий силикаттары түзіледі.Егер осы ұнтаққа су қосылса, ауада біртіндеп қатаятын ерітінді түзіледі. Бұл затқа құм мен ұсақ тастар қосу арқылы бетон алынады . Құрылыста аса көп мөлшерде қолданады.

Бұл қандай зат? Ойлануға 20 секунд

( цемент)

Ортаға қара жәшік

2. Атақты суретші Леонарда До Винчидің айтуы бойынша барлық түстер, пішіндер осы заттың нүктесінде тоғысады. Ол қандай зат.

Ойлануға 20 секунд

Көз (көздің қай жерінде тоғысады сары дағында )

6-кезең. Жанды сұрақ : Сіздерге экраннан 2 сұрақ қойылады, әрбір сұрақтың ұпай санын өздеріңіз белгілейсіздер. Егерде жауап дұрыс болмаған жағдайда барлық жинаған ұпай санынан өздеріңіздің тіккен ұпай саны шегеріліп тасталынады.Ұпай саны 6-10 аралығында.

«Болашақ» тобы тіккен ұпайларыңыз ---------

«Жас қыран» тобы ұпайларыңыз -------------

Бірінші сұрақты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Динахмед Исламбекұлы Аширов қояды. Назарларыңызды экранға аударыңыздар.

Сұрақ _______________

1. Атақты грек қолбасшысы А.Македонскийдің көптен бергі арманы Орта Азияны жаулап алып, Үндістанды құлдыққа салу болатын. Сол б.д.д. 326 жылдың көктемінде Орта Азияны жаулап алып, үлкен той жасады.Содан әрі Үндістанға беттеді. Бірақ оның әскері жолда екі бірдей кедергіге тап болды.Оның бірі - әділеттілікті сүйгіш халықтардың тосқауылы болса, екіншісі- адамдардың іш сүзегі ауруына ұшырауы болды. Жағдайларының бірдейлігіне қарамай, іш сүзегі ауруымен әскери қолбасшыларға қарағанда солдаттар көп ауырды.Тіпті әскери басшылар бұл аурумен ауырмады. Бұл құбылыс сол кезде А.Македонскийдің өзін де таң қалдырды.Бірақ мұнда үлкен сыр бар екен.Бұл құпия құбылыстың сыры А.Македонскийден 2250 жылдан кейін белгілі болды.Менің сіздерге қояр сұрағым : осының құпиясы неде?

Ойлануға 30 секунд

(Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған, ал күмістің бактерицидтік қасиеті бар)

Ұпай санын белгіліңіздер.

Екінші сұрақты тарих пәнінің мұғалімі Үлпат Сембекқызы Қожаназарова қояды. Сұрақ ...............

2. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде ойламаған жерден адамдарды жаппай қыру қаруына айналды. М.Шолоховтың «Тынық Дон» романында сарғыш- жасыл түсті бұл газдың мыңдаған адамдардың өліміне себепші болғаны жан-жақты баяндалған. 3 қазан күнінің таңында немістер бұл газбен алғашқы шепте орналасқан №256 жаяу жүргінші үш батальонның жауынгерлерін жаппай қырғынға ұшыратқан. Бұл оқиғаға куә болған жауынгер Валет окоптарда батпаққа аунай-аунай кейіптері адам шошырлық күйге енген, көздері ұясынан шығып, тілдері салақтап кеткен жауынгерлердің көргендігін айтады.Шын мәнісінде , ол өте улы. Ол көз бен тыныс жолдарының қабындырады. Демде адамның улануына әкеліп соқтырады. Оны жұтқан кезде көкірек тұсы қатты ауырып, құрғақ жөтел пайда болады. Жұрек соғысы жиіленеді, көзі ашыйды, жасаурайды, қандағы лейкоциттер көбейеді, температурасы көтеріледі. Бронхопневмонияға, өкпенің қабынуына, депрессиялық күйге енуіне, аяқ-қолының еріксіз қалтырауына әкелуі мүмкін. Уланудың жеңіл түрінде адам 3-7 күнде айыға бастайды. Менің сіздерге қояр сауалым бұл қандай элемент ?

Ойлануға 30 секунд

Жауабы: Хлор

Сарапшымыз ұпай сандарын есептеймін дегенше «Ақылдың алты қалпағы» арқылы бүгінгі «Химия және денсаулық» атты брейн-рингімізді қортындылағым келіп отыр. Қазір екі топқа 3 қалпақтан беремін , жұптаса отырып қалпақ түстеріне қарай өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Ойлануға 1 минут.

Бүгінгі «Брейнг ринг» сайысымызды бағалау үшін сөз сарапшы Индира Жұмағалиқызына беріледі. Сөз кезегі өзіңізде.

Жеңген топты марапаттау үшін сөз директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Айдос Қарсақбайұлы Оспановқа беріледі.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның білім пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай - деп жырлаған Абай атамыздың даналық сөзімен

бүгінгі «Химия және денсаулық» атты брейнг - рингімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет !

Сау болыңыздар.



«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



© 2010-2022