Мал шаруашылығын көркейту мақсатында сарып ауруының алдын алу

      «Мал шаруашылығын көркейту мақсатында сарып ауруының алдын алу» атты тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы 2010-2011 жыл аралығын қамтиды.  Зерттеуге Жарма ауданы Қапай батыр ауылының мал шаруашылығын көркейтуде сарып ауруымен күресіп, оның алдын алу мақсатында үлес қосып жүрген адамдармен тығыз жұмыс жүргізілді. Жалпы Шығыс Қазақстан облысының мал шаруашылығының дамыту жолдары туралы айтылған.       Сарып ауруы тек мүйізді ірі қара малын ғана емес, сонымен қатар адамды да ауыртады. Бұл аурудың...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖАРМА АУДАНЫ ҚАПАЙ БАТЫР АУЫЛЫ

ВАСИЛЬКОВКА НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ



Бағыты: Таза табиғи орта - Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі.

Сек ция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.

Тақырыбы:

Мал шаруашылығын көркейту мақсатында сарып ауруының алдын алу.

Жоба авторы:

8 «А» сынып оқушысы

Мұқатаев Арлан

Жетекшісі:

Қаирбекқызы Әсемгүл










2011 жыл.



8 сынып оқушысы

Мұқатаев Арланның зерттеу

жұмысына арналған

Аннотация

«Мал шаруашылығын көркейту мақсатында сарып ауруының алдын алу» атты тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы 2010-2011 жыл аралығын қамтиды. Зерттеуге Жарма ауданы Қапай батыр ауылының мал шаруашылығын көркейтуде сарып ауруымен күресіп, оның алдын алу мақсатында үлес қосып жүрген адамдармен тығыз жұмыс жүргізілді. Жалпы Шығыс Қазақстан облысының мал шаруашылығының дамыту жолдары туралы айтылған.



На исследовательскую

работу ученика 8 класса

Мукатаева Арлана

Аннотация

С целью развития животноводства с 2010-2011 года ведется профилактическая работа по профилактике бруцеллеза. Ведется тесная взаимосвязь с людьми, которые работают по профилактике бруцеллеза. За основу взять развитие животноводство Жарминского района.


For knowledge work

Mukanov Arlan 8 form

School by name Vasilkovka



Annotation


Exploratory work was organized in 2010-2011 years with aim to develop cattle breeding by preventive measures of illnesses stock breeding. During this exploratory work Arlan always connect with people which work like these illnesses. By the basis was bringing cattle beading's develop in the East of Kazakhstan.



Ғылыми жетекші Қаирбекқызы Әсемгул

Арлан өз жүмысына Жарма ауданы Қапай батыр ауылының мал шаруашылығын көркейтуде сарып ауруының алдын алу жолдарын толық сипаттауға тырысты. Қалбатау ауылдық округіне барып, мал дәрігерлерімен кездесіп, мәлімет жинады. Қапай батыр ауылының сарып ауруына оң нәтиже берген ірі қара малына салыстырмалы анализ жасады. Мал дәрігерімен кеңесіп, сарып ауруының алдын алу жолдарын қарастырды. Авт ор осы тақырып бойынша зерттеу жұмысын болашақта жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ғылыми жұмысты 2010 жылдың қараша айынан бастағандықтан, зерттеу жұмысының нәтижесіне толық жеткен жоқпыз.

Сарапшы Қалбатау ауылдық округінің мал дәрігері

«Мал шаруашылығын көркейтуде сарып ауруының алдын алу» тақырыбына оқушы дұрыс сипаттама берген, жалпы өзінің зерттеу жұмысында тақырыпты аша білген. Мал шаруашылығын дамыту жолдарын толық меңгерген. Жоба бірінші жылы ғана қарастырылғанымен, тақырыптың өзектілігі көрсетілген. Мұқатаев Арлан осы жұмысты 2012 жылы ары қарай жалғастырамын дейді.







Жобаның жоспары:

  1. Кіріспе бөлім

1.1 Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны.

1.2 Шығыс Қазақстан облысы мал шаруашылығын дамыту.

1.3 Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер.

II. Негізгі бөлім

2.1 Сарып ауруы дегеніміз не?

2.2 Қапай батыр ауылының мүйізді іріқара сарыпін жою шараларын өткізудің күнтізбелік жоспары.

2.3 Эпизоотологиялық тексеру картасы эпизоотологиялық ошақтар туралы мәліметтер.

2.4 Жарма ауданы бойынша сарыптың алдын алу

III. Қорытынды



I К і р і с п е б ө л і м

1.1 Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны.

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлік пен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады.

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығының мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998) . Мемлекеттік ауыл шаруашылығының кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 ж. Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылық салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.

Мал шаруашылығын көркейту мақсатында сарып ауруының алдын алу.

1.2 Шығыс мал шаруашылығын дамытуға ден қоймақ

Шығыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын да­мы­ту бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өңірде соңғы жыл­да­ры, нақтырақ айтсақ, өткен жылғы көктем қыс аймақтағы ірі-қара санының күрт кемуіне әкеліп соққан. Бұл ғана емес, сонымен қатар өңірде мал тұқымын асылдандыру жұмыстары да мүлде кенжелеп қалған. Асылтұқымды мал өсі­ру орындары да соңғы жыл­да­­ры көзден бұлбұл ұшқан. Асыл тұқымды малды былай қойғанның өзінде қатардағы төрт түліктің салмағы тым тө­мен­деп кеткен. Бұл ретте облыс­тық ауыл шаруашылығы бас­қар­ма­сы арнайы жоспар жасапты.

Олар әуелі облыста түсіндіру жұмыс­та­рын жүргізуді көздеп отыр. Бұл жұмыс не­гізінен облыстың экспорттық әлеуетін кө­те­руге бағытталатын болады. Мал азы­ғы­ның инфрақұрылымын жетілдіру мен суа­ры­латын жер көлемін арттыру да - бас­қар­ма­ның бас жоспарындағы басты мақ­сат­тар­дың бірі. Және бұл жұмыстарға шағын және орта шаруа қожалықтарын белсене қатыстыруды да жоспарлап отыр. Ал енді жоғарыда айтқан асыл тұқымды мал ша­руа­шылығын дамытуға орай 280 арнайы қо­жалық құрылмақ.

Бұл шаралардың нәтижесінде 2015 жыл­ға қарай жыл сайын сиыр етінен 6 мың тон­на өнім алып, оның 4 мыңын эскпортқа жі­беруді көздеп отырмыз дейді маман­дар.

Сонымен қатар басқарма бұрынғы сов­хоздарды жандандырып, сауын сиыр­лар­дың санын арттырып, 2015 жылға қа­рай облыста 75 сүт фермасын салуды жос­пар­лап отыр.

1.3 Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:

1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестiң және ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
Қоғамда малдың жұқпалы ауруға ұшырауына байланысты алаңдатарлық жағдай жиі орын алып келеді. Мәжіліс депутаты Ержан Рахметов пен Александр Милютиннің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке сауалы осы мәселе туралы.

Депутаттар сауалында еліміздің өңірлерінде, соның ішінде Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында малдың жұқпалы ауруларының жиі кездесуінің себеп-салдарын көрсетеді.

Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайдың себебі малдәрігерлік-санитарлық қызметтің төмендігі, республикада ветеринарлық қызметті қайта құруға байланысты мал ауруларының алдын алу, таратпау және жоюға қарсы жұмыстардың жоқтығы. Саланы қаржыландырудың жеткіліксіздігі, тиісті база мен арнайы техниканың болмауы жергілікті жерлерде ветеринарияда бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді күрделілендіруде.

Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелікке өтуге дайындығына байланысты 2004-2005 жылдары Үкімет малды жұқпалы ауруларға қарсы егуден өткізуді тоқтатып, бүгін егу тек қауіпті аймақтарда ғана жүргізіледі. Қаржының қысқаруы, Штамп-82 сияқты егу түрлерін тоқтату аусыл, күйдіргі ауруларының республикадағы мал басын жоғалтуға, ең бастысы еттік бағыттағы қазақтың ақ бас сиырының тұқымын құртуға алып келуі мүмкін. Өйткені бұрын жоспарлы егу жүргізілген кезде мал аурулары бірен-саран болмаса кездеспейтін. Қазір егуден өтпеген соң, 70-80 пайызы ауруға шалдығуда.

Осының салдарынан фермерлер үлкен шығынға қалуда. Төлінен өспейді, салмақ қоспайды. Шығынды жабуға мемлекет көмектеспейді. Мұндай зиянды бизнес содан соң өз мәнін жоғалтады. Сондықтан, мысалы, сарыпбен ауырған малды ет комбинатына өткізуге мәжбүр болған жағдайда өткізілген ет үшін дотация ретінде, немесе бағадағы айырмашылықтың орнын толтыру түрінде әлемдік практикаға сәйкес мемлекеттің зиянның орнын толтыру мәселесін шешуге міндетті екенін айтады. Болжаммен нарықтық бағаның 80 пайызы.

Сауалда, сондай-ақ, мал дәрігерлік қызметтің дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуде арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілмейтіні, қалалық әкімдіктер ветеринарлық қызметкерлерінің, ауылдық мал дәрігерлердің автокөлікпен қамтамасыз етілмегендігі, олардың ветеринария саласындағы заңнама талаптарының орындалуын бақылауға және қалыптасқан жағдайға ықпал етуге қауқарсыздығы да атап көрсетіледі. Сол себепті малдың ауылдық округтер, аудандар мен облыстарда араласып жүруіне мемлекеттік мал дәігерлік-санитарлық бақылау жасалмайды. Малды карантинге қоймай, еркін ауыстыру барлық жерде орын алып отыр.Ветеринарлық препараттарды сақтау, қызмет көрсету тендерлерін өткізудің мерзімі де дұрыс емес.

Бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке қатысты. Бұрын Семей ет комбинаты өндірген етпен армияны, барлық аймақты, тіпті Мәскеу қаласын қауіпсіз жабдықтау мүмкін болса, қазір халықты улайтын еттің қандай екенін білмейсің.

II. Негізгі болім

2.1 Сарып ауруы деген не?

Конопаткин А.А-ның /1984 / мәліметіне сүйенсек сарып /brucellosis/-аналықтардың іш тастауымен, шу түспеуімен, эндометриттермен, еркектерінің жиірек симптомсыз өтетін орхиттарымен сипатталатын малдардың созылмалы ауруы.

Сарып жер шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек кездесетін Африка, Орталық және Оңтүстік Америкада. Азия мен Европаның кей елдерінде.

Қоздырғыш Brucello туысының 6 түрі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus, Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық бруцеллалар полиморфты, /0,6-1,5*0,5-0,7 мкм/. Микробтар қозғалмайды, анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула түзеді.

Бруцеллалардың физикалық жэне химиялық факторларға төзімділігі жоғары емес. 60 С-да 30 минутта 70 С-да 5-10 минутта, 90-100 С-та бірден өледі. Ашылған және салқын сүтте, қаймақта микроб 4-7 күнге дейін сақталады, киімде - 14 күн, ірімшік, май, тұздалған теріде - 67 күн, тұздалған етте - 3 айға дейін сақталады. Топырақта, суда, ірі азықта - 4 айға дейін өміршендігін сақтайды. Шіріген материалда микроб тез жойыла бастайды. Тіке түскен күн сәулесі 3-4 сағатта, креомин, фенол, формальдегид (1%) ерітінділері бір сағатта, 5%-к жана сөндірілген әк - 2 сағатта өлтіреді.

Мал шаруашылығын көркейту мақсатында сарып ауруының алдын алу.

Індеттік ерекшеліктері. (Сайдулдин Т. 1999) мәліметі бойынша бұл аурудың табиғи ошағы болмайды.

Инфекция қыздырушысының бастауына сарыппен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай жануарлар маранамен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады. Қыздурышы микроб сонымен қатар сүтпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді. Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталып, оқтын-оқтын сүтпен бөлініп тұрады.

Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде карантиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайғанда, бір суаттан суарғанда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар сарыпқа шалдыққан малдардың шуымен не тастанды төлемін жанасқан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.

Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға шалдығу мүмкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы мумкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байқалмайды, ал шеттен мал косканда індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын ауырған малдарды қоса қамтып, тастау қайтадан қаулауы мүмкін. Малды араластыру індетті өршітіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады.

Малды өсіргенде, бағып күткенде ветеринарлық - санитарлық талаптарды дұрыс орындамау, соның нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау, дезинфекцияны ретті түрде жасамау сарыптың шығуына жағдай тудырады.

И.А. Тарасовтың (1937) мәліметі бойынша салыстырмалы түрде қойлар сарып инфекциясына төзімді және олардың кілегейі қабығы мен тері арқылы зарарлануы үшін бруцеллалардың көп мөлшері керек.

Еліміздің әр түрлі мекемелерінде бруцеллалардың вируленті штаммдарын титрлеген кезде Br.melitensis штаммынын конъюктива ішілік және тері астына егіп жұктырудағы салыстырмалы шамамен орташа көрсеткішінің 25 тен 100 мың микроб денесі екенін анықтады (М.М. Иванов, Е.С. Орлов) Бұл жағдайда белгілі уақыттан кейін қанда спецификалық антидене тудыратын, аз уакытты бактериена және жануар ағзасының бөлек органдары мен ұлпаларына қоздырғыштың енуін тудыратын бруцелла дозасы айтылған.

Латентті микроблоздың қалпы, яғни ағзада қоздырғыш тіршілік ете тұра, ана органдарын зарарламауы, адам мен жануарлардың әртүрлі инфекциялық ауруларының біліну қалпы екенін естен шығармау қажет. (А.Зильбер, 1958)

А.Триленко (1956), Плане (Plomet, 1971) және басқа авторлар көрсетуінше, инфекция көзі болып қалыпты бұзаулау кезіндегі бруцелла бөлетін сиырлар да жатады.

Бұдан шығатын қорытынды, бруцелла инфекциясының ең кішкене аз деген көзінің өзі қауіпті, себебі бұл ошақтан жануар анасына әлсін-әлсін ең минимальды дозасының енуінің өзі инфекция активизациясына және клиникалық сарыпке әкеліп соғуы мүмкін. (Трипенко А.,1976)







2.2 Жарма ауданы Қапай батыр ауылындағы сарыпты жою шараларын өткізудің күнтізбелік жоспары.

Шаралар

Орындау мерзімі

Жауаптылар

Ескерту

1

Диспансерлеу

Жылына 2 рет, көктемде көзде.

Бас мал дәрігері

2

Анықталған ауру малдарды оқшаулау және жою

үнемі

Бас мал дәрігері

Ауру мал тез арада сойылуы тиіс

3

Шектеу енгізу

Ауру анықталғаннан кейін

Аудан әкімі

4

Ауру малдарын залалсыздандыру

1 рет

Бас вет инспектор

5

Мал дәрігерлік ағарту жұмыстарын жүргізу

Жылына 1 рет

Бас вет инспектор



Қапай батыр ауылының

2010 -2011 жылғы сарып ауруының таралуына мониторингі

Мал шаруашылығын көркейту мақсатында сарып ауруының алдын алу.

2.3 Эпизоотологиялық тексеру карточкасы

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Қапай батыр ауылы.

Хабар: «9» қазан 2010 ж. жіберілді.

Тексеру: «10» қазан 2010 ж. басталып 10 қараша 2010 ж. аяқталды. Ауру түрі сарып, мүйізді ірі қара малбасы - 1208. Ауру мал саны 55, оң нәтиже бергендер 25, сойылганы 35, өлгені 0. Басжам диагноз: мүйізді ірі кара сарыпі.

Уақыты: 10 караша 2010 ж. Диагноз дәлелденді 10 караша 2010 ж. Соңғы диагноз мүйізді ірі қара сарыпі.

Уақыты: 11 караша 2010 ж. Бұрын осы аурумен ауырып жазылған 36, құжат бойынша 40, қашан 1 қараша 2009 ж.

Аурумен күрес шаралары.

Оқшауланған уақыты 9 қараша 2010 ж. Шек салынған күн 10 караша 2010ж. Саналған уақыты 10 караша 2010 ж. Зарар сыздандыру мерзімі 20 караша 2010 ж

Аурудан сақтандыру шаралары:

Қапай батыр ауылында аурудан сақтандыру шаралары жүргізілмейді. Менің ойымша бұл үлкен кемшілік. Аурудың алдын алмаса онымен күресу өте қиын деп ойлаймын.

Эпизоотологиялық ошақтар туралы мәліметтер

Соңғы екі жыл бойы сарып ауруынан сәтсіз деп саналып келеді. Аурудан таза емес деп жарияланған күннен бастап, сарыпге оң нәтиже беруіне байланысты ауылда екі жыл барысында 150 сиыр малы жойылды.

Ауруды уақытында анықтау үшін сарыпты індеттік жағдайға байланысты жылына бір немесе екі рет малдарды жоспарлы жаппай диагностикалық тексеруден өткізіледі. Сарыпқа тән ине тастаудың басталу белгілері немесе басқа симптомдарды байқаса, малды дереу оқшаулайды.

Аурудан сәтсіз болуына байланысты шаруашылық ұйымдастыру, санитарлық және арнайы мал дәрігерлік шаралар енгізілген арнайы даярланған календарлық жоспар сауықтырылуда.

Ауру анықталған жеке мал иелерін, түрін, мал басы тексеріледі және оң реакция бергендерін олардан алынған төлдермен қоса оқшаулайды және 5 күннен кешіктірмей етке тапсырылуын қадағалайды.

Бактериалогиялық зерттеу көмегімен сарып қоздырғышының Br.abortus түрі бөлініп алынады.

Соңғы жылдары аудан тұрғындарының бойдақ малдарын табындар құрылып, жаз бойы бағымда болады. Сол бағымдағы табындар мал дәрігер мамандарымен тексеріліп тұрады. Қысқы мезгілде малдар әр мал иесінің қора жайларында ұсталынады. Аурудың аудан аумағында сақталып қалуына, аудан тұрғындарының жеке малдарын түгелдей көктемгі және күзгі диспансеризациялауға апармауы, себебі болып түр және кейбір іш тастау фактілері айқындалмай, мал иелерінің жасырып қалуы орын алуда.

Қорытынды: мүйізді ірі қара арасында сарып инфекциясының кеңінен таралуына байланысты аудан аумағында мал басын толығымен зерттеуден өткізіп ауру анықталған малдар дереу жойылып, тұрған орындары зарарсыздандырылуы керек. Және аудан аумағындағы барлық аталық малдар (бұқалар) қатаң есепте болуы тиіс және ай сайын брузеллезге тексеріліп тұруы қажет.

Сонымен қатар аудандық аумақтаң басқармада жұмыс жасайтын мал дәрігер мамандарын осы ауруға байланысты шаралар жауапкершілікпен жүргізілуін қолға алу керек.

Медицина қызметі бір ай ішінде ауыл аймағында анықталған ауру мал иелерінің жанұясын сарыпқа қарсы тексеруден өтуге баса назар аударуы қажет.





2.4 Жарма ауданы бойынша сарыптың алдын алу

Жарма ауданында 2011 жылдың 1 тоқсанында адамдар арасында сарып оқиғасы тіркелген жоқ. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сырқаттанушылық 2 оқиғаға төмендеген.

2011 жылы мал дәрігерлері қызметімен сарыпқа- 50300 бас ірі-қара мал тексерілуге жоспарланып, 1 тоқсанда 6386 бас ірі- қара мал тексеріліп, оң нәтижелі- 101 бас бөлініп алынды. 125800 бас ұсақ мал тексерілуге жоспарланып, 1 тоқсанда 16612 бас ұсақ мал тексеріліп, оң нәтижелі-184 бас бөлініп алынды. Оң нәтижелі ірі қара малдар «ВК Иртыш» ЖШС тапсырылды, оң нәтижелі ұсақ малдар өртеу арқылы жойылды. Оң нәтижелі малдармен қарым- қатынаста болғандар саны- 292, тексерілгендер саны- 292.

2010 жылдың 10 тамызындағы Жарма ауданы әкімдігінің «2010 жылғы 6 айдағы аудандағы туберкулез, сарып бойынша эпидемиологиялық жағдайы туралы» №31 қаулысы қабылданды. 2011 жылдың 7 сәуірінде аудан әкімдігінде осы қаулының орындалуы жайлы отырыс өткізілді.

Аудан емдеу алдын-алу мекемелеріне және шаруа қожалығы басшыларына мал төлдеу науқанына қатысатын малшылар, сақманшылар және олардың отбасы мүшелерін профилактикалық медициналық тексеруден өткізу жайлы санитарлық-ұйғарымдар берілді. Аудан бойынша барлық малшы саны- 641 малшы, 125 сақманшы, 267 отбасы мүшесі бар.

Мал төлдеу науқаны басталар алдында 612 малшы клинико-серологиялық тексерілуге жоспарланып, 100 пайыз тексерілуден өтті, нәтижесінде 2 малшы анықталып, дәрігер инфекционистке жіберілді.
ШҚО ДСБ және ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша Департаментінің 2011 жылғы 25-28 ақпандағы «Мал шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтардың сарып ауруына шалдығуының алдын алу шаралары және халықтар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізу жайында үш айлық өткізу туралы» №126/44 бұйрығы негізінде, Жарма ауданының медициналық бірлестігі мен Жарма ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 2011 жылғы 2 наурыздағы «Мал шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтардың сарып ауруына шалдығуының алдын алу шаралары және халықтар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізу жайында үш айлық өткізу туралы» № 26/7 бірлескен бұйрығы бекітілді. Осы бұйрықты жүзеге асыру мақсатында сарыпты алдын алуды насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары құрастырылды.

Сарып ауруынан қолайсыз елді мекендер тұрғындары арасында қазақ және орыс тілдерінде жадынамалар тарату арқылы кең түрде санитарлық- ағарту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ аудандық газетке сарыптың алдын алу туралы 1 мақала жарияланды.







































III . Қорытынды

Менің зерттеу тақырыбымның өзектілігі: Қазіргі таңдағы өзекті болып отырған негізгі мәселе - мал шаруашылығын дамытуда жұқпалы аурулардың алдын алу.

Зерттеу тақырыбымның мақсаты: Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін және шығынды шама келгенше азайту үшін, ауруды уақытында анықтап оны емдеу жолдарын анықтау.

Міндеттерім:

  1. Жарма ауданы Қапай батыр ауылының ірі қара малдарында сарып ауыруының шығу себептерін зерттеу.

  2. Сарыптың алдын - алу жолдарын анықтау.

Зерттеу тақырыбымның жаңалығы:

Сарып ауруын анықтап қана қоймай, оның алдын - алу жолдарын анықтау.Себебі, осы ауылда сарыптың алдын алу шаралары мүлдем жүргізілмейді екен.

Сарып ауруы тек мүйізді ірі қара малын ғана емес, сонымен қатар адамды да ауыртады. Бұл аурудың көріністері айқын білінбейді, сондықтан бұл ауруды анықтау арнайы бактериалогиялық зерттеулер арқылы жүзеге асады. Ауданда малдар түгел дерлік жеке шаруашылықта болғандықтан, малдардың бұл ауруға шалдығуы және әрі қарай таралуы тек мал иелеріне байланысты десек қате болмас. Өйткені қазіргі таңда мал көптеген от басылардың күн көрініс көзі, сондықтан малдың ауырғандығын жасыру фактілері тіркеліп отыр. Мүйізді ірі қара арасында сарып ауруы негізінен жыныстық жолмен таралып отыр, сондықтан аудан аймағындағы әрбір бұқа қатаң түрде бақылауда болу керек.

Осы ғылыми жұмысымды қорытындылай келе, мынадай ой түйдім.

Осы ғылыми жұмысымды жазу үшін мен Жарма ауданының сарып ауруына қарсы жүргізіліп жатқан күнтізбелік жоспарымен таныстым.

Негізінен қорыта айтқанда шаруашылық ұймдастыру, санитарлық және арнайы мал дәрігерлік шаралар, жоспар бойынша сақтандыру қажет.

Қапай батыр ауылының мүйізді ірі қара арасындағы сарып ауруы көптеп кездеседі және жыныстық жолмен тарап отыр. Сондықтан бұл аурудың алдын - алу мақсатында мына шараларды ұйымдастыруды ұсынамын:

-Малды тек сарыпге сәтті шаруашылықтан алу;

-30 күндік карантинге қойып, сарыпге тексеріп, нәтиже теріс болған жағдайда ғана табынға қосу керек;

-Сарыпге диагностикалық тексеруді жылына екі рет жүргізу керек;

-Сарып белгісі бар малды тез оқшаулап, орнын дезинфекциялайды;

-Алдын-алу мақсатында вакциндеу жүргізу қажет;

-Адамға жұқтырмас үшін сүтін қайнату мен өңдеу арқылы ерітілген шикі майға айналдырып, қалған сүтті пастерилизация жасау керек;

-Ауру емделмейтін болғандықтан етке тапсыру керек.

Ауру шыққанда шарушылықтың тартатын қаржылық шығындарын ескерсек, сарып ауруын болдырмай алдын-алған экономикалық жағынан тиімді, әрі жануар мен қоса адам да ауыратынын ескерсек алдын-алған денсаулықтың кепілі болады дегім келеді.







Қолданылған әдебиеттер:

  1. А.А.Конопаткин «Сарып ауруы». 1984 ж.

  2. И.А.Тарасов «Мал шаруашылығын дамыту». 1937ж.

  3. А.Зильбер «Сарып ауруын алдын алу жолдары». 1958 ж.

  4. Ордабеков С., Тәжібенов «Денім сау болсын десеңіз...» [Мәтін] С. - Алматы : Қазақстан, 1982ж. - 80, б. - 0-15.

  5. Б.Бисенов «Мал бруцеллезі» Алматы,1985ж.

  6. Н.Шәріпбаев «Мал шаруашылығы комплекстерінде мал ауруыны алдын алу». Алматы, 1982.

  7. Абишев Э.,Әбуғалиев «Отарда мал дәрігерлік -санитарлық шаралар» Алматы,Қайнар,1977ж. 96бет.

  8. И.Наурызбаев. «Фермадағы мал дәрігерлік дезинфекция».Алматы, Қайнар,1975 ж.144 бет.

  9. Көпбосынов.,Т.Султанқұлов «Мал санитарынын кітапшасы» Алматы, Қайнар,1978 ж.125 бет.

  10. Е.Әбдірахманов «Зооноздық аурулар және олардан сақтану жолдары».Алматы, Қайнар, 1978 ж.113 бет.

  11. Қалдыбек Сәбденов «Төрт түлік» Қайнар, 2002 ж.

  12. Жанұзақов Н.Ж. «Мал фельдшерінің анықтамалығы». Алматы,Қайнар,1985ж.232бет.

  13. Х.Қашағанов Ж.Бердімұратов «Мал дәрігерлік түсіндірме сөздік». Алматы,Қайнар ,1982 ж.240 бет.

  14. Н.Шәріпбаев, Б.Қуанышбеков «Малды қысыр қалдырмау шаралары». Алматы,Қайнар 1986 ж.

  15. Ж.Бердімұратов «Ірі қара аурулары» Алматы,Қайнар, 1976ж.

  16. П.Н.Доброхотов «Зоотехниктін шағын анықтамалары». Алматы,Қайнар, 1977 ж.

  17. К.Віләмов «Шалғай жайылымдардағы мал дәрігерлік қызмет» Алматы,Қайнар 1983ж.

  18. Ж.Шоқыбаев. «Химиялық препараттарды мал шаруашылығында қолдану».Қайнар 1986 ж.

  19. «Қазақстан мал дәрігері» Алматы, Қайнар 1972 ж.380 бет.

  20. «Мал дәрігерлігі жөніндегі анықтамалық» Алматы,Қайнар 1982 ж.







© 2010-2022