Конспект урока на тему «Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері»

Раздел Химия
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері»

Мақсаттары:

Білімділік:жаңа сабақты меңгеру, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып, оқушыларыдң білімдерін одан әрі дамыту, жаңа білімге деген ынтасын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, инабаттылыққа, т азалыққа, шыдамдылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақ көрнекілігі: Менделевтің периодтық жүйесі, қышқылдардың негіздердің, тұздардың ерігіштік кестесі.

Пән аралық байланыс: экология, биология.

Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі.психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сәйкестендіру тестісі.

Төмендегі сұрақтарға сәйкес жауапты табыңдар.


  • Оксидтер дегеніміз не?

  • Негіздер дегеніміз не?

  • Тұздар дегеніміз не?

  • Қышқылдар дегеніміз не?



4. Сутек атомдарының және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

1. Екі элементтен тұрып, оның біреуі міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.

2. Металл атомымен және бір немесе бірнеше гидроксотоптардан құралған күрделі заттар.

3. Металл атомдарымен және қышқыл қалдықтарынан құралған күрделі заттар.

1. Оксидтердің қышқылдық формулалары?-

2. Негіздердің химиялық формулалары?-

3. Тұздардың химиялық формулалары?-

4. Қышқылдардың химиялық формулалары?-

2. KON, Ca(OH)2, Cu(OH) 2

4. H2SO2, HNO3, H2CO3

1. AI2O3, ZnO, CaO

3. MgSO4, Na2SO4, Ca(NO)3

1. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп не түзеді?

2. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде не түзеді?

2. Тұз түзеді.

1. Негіз (сілті)

ІІІ. Жаңа сабақ. Негіздер дегеніміз - молекулалары металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксо-тобынан тұратын заттар.

  1. Кестемен жұмыс. «Негіздер»



  1. Негіздердің алынуы.

  1. Белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіреді.

2Na+2H2O=2NaOH+H2

Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2

Кальций мен судың әрекеттесуіне тәжірибе жасап көрсету.

А) Ca+2H2O=Ca(OH)2+H2

Ә) Ca(OH)2 + фенолфталин = қызғылт күрең түске боялады.

Егер кальций гидроксиді қызғылт күрең түске боялса, реакция жүріп жатыр деген сөз.


  1. Белсенді металл оксидтері сумен қосылғанда түзіледі.

Na2O+H2O=2NaOH

CaO+H2O=Ca(OH)2

  1. Суда ерімейтін және екідайлы гидроксидтерді алу үшін металлдардың ерімтал тұздарына

CuCl2, FeSO4 AlCl3 сілті қосады.

CuCl2 + 2NaOH = Cu (OH)2 + 2NaCl

FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH)2 + Na2SO4

AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3 +3NaCl

3. Негіздердің химиялық қасиеттері

а) Сілтілер қышқылдық окситтермен әрекетесіп, тұз бен су түзеді.

2NaOH+SiO2=Na2SiO3+H2O

2NaOH + СO2 = Na2СO3 + H2O

натрий

корбанаты

ә) Негіздермен қышқылдар арасында бейтараптану реакциясы жүреді.

2NaOH + Н2SO4 =Na2SO4+2H2O

Fe(OH)2 + 2HNO3=Fe(NO3)2+2H2O

Б) Сілті мен металл тұздары әрекеттесіп, жаңа тұз және ерімейтін негіз алынады.

3NaOH+FeCl3 = Fe(OH)3 +3NaCl

В) Екідайлы гидроксидттер негіздік қасиет көрсетіп қышқылмен, сол сияқты қышқылдық қасиет көрсетіп негіздермен әрекеттеседі.

Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O

Al(OH)3 + 3NaOH = Na3AlO3 + 3H2O

натрии алюминаты.

Г) Суда ерімейтін негіздер тұздармен әрекеттеспейді. Оларды қыздырғанда ыдырайды.

Cu(OH)2 = CuО + Н2О

2Fe(OH)3 = Fe2О3 + 3Н2О

Негіздерді өнеркәсіпте, тұрмыста кеңінен қолданылады.


  1. Негіздердің физикалық қасиеттері:

Негіздердің түстері әр түрлі болады және қатты күйде кездеседі. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және терімен матаны күйдіреді, сондықтан да күйдіргіш сілтілер деп аталады.(Сақтық ережесін еске түсіру)

Сілтілер индикатор түсін өзгертеді. Қызыл лакмус көгереді, метилорнж сары түске өзгереді, ал түссіз фенолфталеин таңқурайдың түсін береді.

Тәжірибе жасау

1.NaOH + лакмус = көк

2. NaOH + метилоранж = сары

3. NaOH + фенолфталеин = малина

ІҮ. Оқулықпен және тапсырмалармен жұмыс.

Ү. Сергіту.

ҮІ. Ой қорыту: Есеп шығару.

1. Мырыш оксидінің екідайлығын көрсететін реакция теңдеуін аяқта.

ZnO+KOH=

ZnO+HNO3=

2. Төмендегі реакция теңдеуін жаз.

Сілті + қышқыл → Тұз + су

3. Массасы 28г натрий суда ерігенде сутектің (қ.ж) қанша көлемі түзіледі?

VI. Ойын қызығушылықты ояту. «Сақиналарды жинау, берілген жапыраққа орналастыру»

Na, S, P, Al, Sn, Pb, C, Cl, K, O, Fe, Fe

VII. Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

1. NaOH + лакмус = ( қандай түс пайда болады ) көк

2. NaOH +метилоранж = ( қандай түс береді) сары

3. NaOH +фенолфталеин = ( қандай түс береді ) малина

ҮІІІ. Үйге тапсырма.


© 2010-2022