Оттегі. Оксидтер. Жану 9 СЫНЫП

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Оттегі .Оксидтер. Жану»

Сабақтың мақсаты: білімділік: оксидтердің түрлері,аталуы,жану реакциялары туралы

біліктерін қалыптастыру

дамытушылық: ойын элементтерін қолдана отырып ойлау

дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру

тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,рухани азаматтық

қабілеттерін қалыптастыруға,қоршаған ортаны сүюге

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту,қорытындылау сабағы

Оқыту әдісі: ұжымдық

Сабақтың жоспары: 1. «Жұбыңды тап»

2. «Мені таңда»

3. «Жұмбақ тізбек»

4. «Миға шабуыл»

5. «Жорға»

6. «Ой-түйін»

Сыныпты 4топқа бөлдім.

І-кезең «Жұбыңды тап»

Тапсырмалар:

1-топқа: Сынап, марганец (IV),мыс (ІІ),күкірт (VІ),хлор (VІІ),темір (ІІ),марганец (VІІ).

2-топқа: Темір (ІІІ), көміртегі (ІІ), магний, мыс (І), кальций,мырыш, литий.

3-топқа: Алюминий, азот (ІІІ), көміртегі (ІV), фосфор (V),күміс, калий, натрий.

4-топқа: Бор, барий, күкірт (ІV), хром (ІІ), хром (VІ), марганец, (ІІ) оксидтерінің формуласын құрастыру.

ІІ-кезең «Мені таңда»

Тапсырмалар:

1-топқа:

P2O5 ,,NаОН ,SO3 , CrO , MgSO4 , MgO, H2 SO4, HCl , CrO3

2-топқа:

KCl, Н2СО3, CаO, Si2 О, Са(OH)2 , СО2 , Fe (OH)3 , BaO, Cl 2 O7

3-топқа:

KOН, BaSO4, CO, HCl , Al2О3 , Na2 O, Н34, FeO, Na2CO3 , CO, Fe2O3

4-топқа:

NаОН, K2O, Na 2 SO4 , BaO, HCl, MgO, K2 SO4 , HgO, P2O5 , HNO3

Бұл кезеңде оқушылар оксидтердің формуласын теріп жазып, аттарын атау керек.

ІІІ-кезең «Жұмбақ тізбек»

Тапсырмалар:

1-топқа: 3-топқа:

P→ P2O5 , S→SO2 Al→Al2О3 , Cа→CaO

2- топқа: 4-топқа:

K→K2O , C→CO2 Mg→MgO , Na→Na2O

Бұл кезеңде реакция теңдеуін жазу керек.

IV-кезең «Миға шабуыл»

Тапсырмалар:

1-топқа: K2O, MgO 3-топқа: CO, P2O5

2-топқа: FeO, SO3 4-топқа: CO2, Na2O

Осы оксидтердің құрамындағы оттегінің массалық үлесін табу керек.

V-кезең «Жорға»

1-топқа:

1.Оттегінің физикалық қасиеті қандай?

2.Өнеркәсіпте оттегіні қайдан алады?

3.Оксидтер деген не?

4.Медицинада оттегін не үшін пайдаланады?

2-топқа:

1.Сұйық оттекті сақтауға арналған ыдыс?

2.Атмосферада оттек бос күйінде қанша % болады?

3.Оттегін ашқан ғалым?

4.Өршіткі деген не?

3-топқа:

1.Табиғатта оттегі неше % болады?

2.Лабораторияда оттегін қайдан алады?

3.Оттегінің агрегаттық күйі қандай?

4.Жану реакциясы деген не?

4-топқа:

1.Сұйық оттегі қайда қолданылады?

2.Өсімдіктер әлемі жыд сайын атмосфераға қанша оттек бөледі?

3.Оттек молекуласы неше атомнан тұрады?

4.Қанша градуста оттегі қатады?

VI-кезең «Ой-түйін»

Бұл кезеңде ортаға тапсырмалар тасталады, әр топтың жетекшісі осы тұрғыда пікірлерін қорғайды.

  1. «Орман-планета өкпесі» деп не себепті аталған?

  2. Жер бетінде орман азайса не болады?

  3. Оттектің адам өміріндегі маңызы қандай?

  4. Өсімдік. Жануар. Оттегі. Қоршаған орта ұғымдарын байланыстыр.

Бағалау: Әр топтың бағалары есептеліп, көп ұпай жинаған топ мадақталады.

Үйге тапсырма беру:




© 2010-2022