Химия пәнінен сабақ жоспары Жас химиктер (8 сынып)

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы, Дербісек елдімекені

№11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебі

Химия-биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы

Сабақтың тақырыбы: «Жас химиктер»

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік - оқушыларды өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс жасауға,

ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

Дамытушылық - оқушыларға химия ғылымның құпиясы мен қызығы мол

екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы қосымша

материалдардан мағлұмат беру, ой-өрісін дамыту.

Білімділік - оқушылардың химия пәнін өтілген тақырыптар бойынша

білімдерін нығайту.

Сабақтың жабдықталуы: химия ғылымы бойынша қанатты сөздер, химиялық құрал-жабдықтар: сынауықтар, штативтер, құм, су, тамшуырлар, сүзгі қағаз, колбалар, ас тұзы, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ, интербелсенді тақта.

Сабақтың әдісі: топтастыру, іздендіру әдісі, сұрақ-жауап, сергіту сәті

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Жыл сайын химия пәнінің алғашқы әліппесін бастайтын 8 сыныпқа келген мұғалім мен оқушыдан үлкен жауапкершілік талап етіледі. Химия әлімнің беймәлім тылсымына оқушылар үлкен қызығумен қараса да қорқыныш сезімі болмай қалмайды. Өйткені, бұл пән жаратылыстану пәндерінің ішінде оқушы үшін «қиын» пәндер қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Сондықтан оқушының пәнге қызығуын арттыру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану қажет. Бүгінгі таңда оқытудың озық техноло - гияларын пайдаланау оң нәтижелерін беріп жүр.

Енді бүгін 8 сыныптар арасында химия пәнінен «Жас химиктер» атты сайыс сабақ өткіздім. 8 сыныпта бүгінгі күнге дейін химиялық алғашқы ұғымдары туралы өтілген тақырыпты оқушылар қаншалықты меңгергенін байқап, алған білімдерін жүйелей отырып, валенттілік бойынша формула құрастырып, химиялық реакция теңдеуді теңестіргенін көрсетеді.

Сабақтың жоспары:

І. Сергіту сәті

ІІ. «Бақытты сәт» ойыны

ІІІ. «Бағдаршам» ойыны

ІV. «Мен зертханашымын»

V. «Полиглот»

VІ. «Суретші»

Сынып бөлмесін безендіру, оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындығын тексеру, оқушыларды топқа бөліп, ортаға шақыру.

Сергіту сәті:

«Жарнама». Бұл жарнамада әр топ мүшелерінен өздерімен бірге алып келген заттарын жарнамалау.

Жүргізуші:

Қызық думан, өміріміз ғаламат!

Қас қақанша жаңа қала, жаңа бақ.

Қыруар істің қайсысында болса да,

Құдіретті химия жүр аралап.

Жарқырап күн көзінде болашағы,

Химия қиындықпен таласады.

Химия-ырыс, құтты көкке шырқай

Ертеңгі болашаққа жол ашады - дей

отырып, ортаға сайыскер топтарды

шақырамыз.

І топ «Жас химик» - әр топ 5 мүшеден қатысқан.

ІІ топ «Менделеев»

ІІІ топ «Химиялық элемент»

Жүргізуші:

Сәлем - сөздің атасы,

Кең далама қарашы.

Біздер келген мекен де,

Химияның қаласы.

Химиктерге сәлем деп,

Бас иемін мен бүгін - дей отырып, алғашқы кезең таныстыру, әр топ мүшелері өздерін таныстырады.

ІІ. «Бақытты сәт» ойыны.

Білім беріп жас ұрпаққа сапалы,

Меңгертеміз талай-талай сананы.

Күш саламыз жаңа мына ғасырда

Тәрбиелеп, шәкірттерді саналы.

Бұл ойында лездемелік сұрақтар қойылады. 1 минут аралығынды 10 сұраққа жауап беріп бақытқа кенеледі де, әр жауапқа 1 ұпайдан алады.

І топ

  1. Заттар дегеніміз не? (денелерді құраушы)

  2. Заттардың басқа заттарға айналып түрленуін зерттейтін ғылым? (химия)

  3. Егер атомдар бір түрінен түзілетін заттарды қалай атаймыз? (жай зат)

  4. Плюмбум - (қорғасын)

  5. Салыстырмалы атомдық массасы 108-ге тең болатын элемент: (күміс)

  6. Жұмыртқаның пісуі қандай құбылыс? (химиялық)

  7. Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті дегеніміз не? (валенттілік)

  8. Оттегінің валенттілігі неше тең? (ІІ)

  9. Химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу дегеніміз не? (химиялық теңдеу)

  10. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан ғалым кім? (Л.Пруст)

ІІ топ

  1. Атомдардың белгілі бір түрін қалай атайды? (химиялық элемент)

  2. Элемент таңбасының оң жағынан көміртекте атомдардың санын көрсететін қалай аталады? (индекс)

  3. Бұлттану қандай құбылыс? (физикалық)

  4. Адам тыныс алатын газ - (оттегі)

  5. Оқылуы эн болатын элемент: (азот)

  6. Химиялық элементке бірінші әрпін латынша енгізуді ұсынған ғалым кім? (Берцелуис)

  7. Салыстырмалы атомдық массасы 28-ге тең элемент? (магний)

  8. Валенттілік мәні өзгермелі болатын валенттілікті қалай атайды? (ауыспалы)

  9. Алюминийдің валенттілігі нешеге тең? (ІІІ)

  10. Латынша гидраргирум деп - (сынап)

ІІІ топ

  1. Мұздың еруі қандай құбылыс? (физикалық)

  2. Ас тұзының судағы ерітіндісі қалай аталады? (біртекті)

  3. Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді қалай аталады? (сүзінді)

  4. Заттар қандай агрегаттық күйде болады? (газ, қатты, сұйық)

  5. Барийдің валенттілігі нешеге тең? (ІІ)

  6. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі: (молекула)

  7. Салыстырмалы атомдық массасы 137-ге тең элемент: (барий)

  8. Массаның атомдық бірлігі нешеге тең? (1,66·10-24г)

  9. Молекулалар санын көрсететін не деп атайды? (коэффициент)

  10. Латынша силициум деп - (кремний)

ІІІ. «Бағдаршам» ойыны.

Бұл ойында бағдаршамның үш түсіне қарап, деңгейлік тапсырма беріледі. Бірінші тапсырма: қызыл түсті - егер тапсырманы дұрыс орындаса, келесі сары түсті тапсырманы орындайды. Ал жасыл түсті тапсырманы орындаса, келесі ойынға жолдама алады.

Na24- натрий сульфатындағы элементтердің массалық үлесін есептеңдер.

K34- калий ортофосфатындағы элементтердің массалық үлесін есептеңдер.

Mg(NО3)2 - магний нитратындағы элементтердің массалық үлесін есептеңдер.



Берілген қосылыстардың екінші тұрған элементтің валенттілігін тауып, химиялық формуланы құрыңдар:

І ІІ ІІ ІІ ІV ІІ V ІІ VІ ІІ

К2О СаО SnO2 N2O5 SO3

ІІІ ІІ ІІ ІІ І ІІ V ІІ І ІІ

Al2О3 BаО Na2O P2O5 H2O

ІІІ ІІ ІІ ІІ ІV ІІ ІІІ ІІ ІІ ІІ

Fe2О3 СuО CO2 Mn2O3 MgO



Төмендегі химиялық теңдеулерді көп нүктелердің орнына тиісті заттарды қойып, реакцияны теңестір:

Na23 + 2HCl = 2 NaCl + H2CO3

Ca(OH)2 + 2 HCl = CaCl2 + 2 H2O

MgCl2 + H2SO4 = MgSO4 + 2 HCl

Мына оксидтердің айырылу реакциясының теңдеулерін құрыңдар:

а) Hg2O = ? + ? a) CuO = ? + ?

ә) HgCI2 + Cu = ? + ? ә) FeS + HCI = ? + ?

б) MgO + HCI = ? + ? б) CuO + H2 = ? + ?



(

ІV. «Мен зертханашымын» бұл кезеңде оқушыларға берілген тапсырма бойынша зертханалық жұмыс жасайды. Ол жұмыстың тақырыбын, мақсатын, құралдар мен реактивтерін жазып, қорытындысын төмендегідей кестеге сызады:

Жұмыстың тақырыпшалары.

Жұмыс барысы.

Қорытынды.

а) ластанған тұзды дистилденген суда еріту.

Лас тұздың ерітіндісін алдым.

ә)сүзгі дайындау.

Суреті, оған түсінік

Сүзгіш қағаздан түрлі мөлшерде гі шұқыраққа лайықтап сүзгі дайындадым

б) лас тұз ерітіндісінен таза ерітінді алу.

Суреті, оған түсінік

Сүзу арқылы таза ерітінді

алдым.

в) таза ерітіндіден құрғақ тұз алу.

Суреті, оған түсінік

Суын буландырып ерітіндіден тұз алдым.

V. «Полигот» ойыны

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - дегендей берілген жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің бос орнына керекті сөзді тауып, элементтің қазақша, орысша, латынша тілінің аудармасын айтып беру керек.

  1. Ел іші - ........ бесік. (алтын, золото, аурум)

  2. Өшпейтін өмір жоқ,

Сынбайтын .......... жоқ. (темір, железо, феррум)

  1. Ақ түйір айналады тыным таппай,

Жүргендей су бетінен орнын жақпай.

Аздан соң суға сіңіп жоқ болады,

Оқушым ал ойланғын қоймай таппай. (натрий, натрий, натрон)

  1. Табылса бұрын там-туман,

Қазір көп әр өлкеде.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде. (алюминий, алюминий, алюмениум)

  1. Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді. «А» деген элемент, бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес. Бұл қай элемент? (оттек, кислород, оксигениум)

  2. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент? (азот, азот, нитрогениум)

VІ. «Суретші»

Бұл кезеңде оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау үшін бірнеше химиялық ыдыстардың суреті көрсетіледі. Көрсетілген суреттен қайсысы есте қалғанын оқушы ақ қағазға бейнесін түсіреді. Уақыт 1 минут беріледі.

Колба, өлшеуіш, цилиндр, тамшуыр, тұрғы, склянка,тигель табақшасы, келі, сынауық, шыны түтікше, спиртшам, өлшеуіш стақан, құйғы, таразы.

Сабақты қорытындылап, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

Үйге тапсырма: химиялық алғашқы ұғымдарды



© 2010-2022