Тақырыбы: §33 Қышқылдар, құрамы, алу жолдары

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:§33 Қышқылдар, құрамы, алу жолдары

Сыныбы: 8 кл.Химия

Тақырыбы:§33 Қышқылдар, құрамы, алу жолдары

Мақсаты: Білімділік:Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар класымен, олардың жіктелуі және номенклатурасымен таныстыру.Зерттеу әдісі арқылы қышқылдардың қасиеттерін анықтау және индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.Қышқылдардың формуласын құрастыруға және оларды атауға үйрету.

Дамытушылық:Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, дағдыларын қалыптастыру.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін химиялық сауаттылығын дамыту.

Тәрбиелілік:Оқушылардың дүниетанымын,өзіне қажетті білімді өзі іздеп тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу.Оқушының тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы,қышқылдардың өмірде,тұрмыста,қолдануын білуге тәрбиелеу.

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Түрі: Аралас

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Көрнекілігі: интерактивті тақта,реактивтер т.б

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Әрбір адам жас ерекшелігіне қарамай саяхаттануды ұнатады.Бүгін біз жол саяхатқа шығамыз. Сендер жолаушы боласыңдар, ал мен бағыттаушы. Сендердің алдарында бағдарланған карта бар, онда алдамалардың аттары берілген. Алдарында тұрған дәптерлерің жол күнделігі болады.Әрбір аялдамада бақылағандарыңды осы жол күнделіктеріне жазып отырасыңдар.

Сонымен 1 аялдама «Ой шақыру».

Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, осы заттар арасында қандай байланыс бар? Оқушылар: Олардың дәмі қышқылтым болады. Күнделікті өмірде қолданып жүрген азық-түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қышқылдар, құрамы, алу жолдары.

Өткен тақырыпта мырыш пен хлорсутек қышқылы арасындағы реакцияны еске түсірейікші.Бұл реакцияның типі қандай?(металл атомы сутектің орнын басады) Сонымен: қышқылдар құрылысының ұқсастығы неде? Қышқылдардың құрамы неден тұрады? Металдармен әрекеттескенде сутекті қандай атомдар орын басады,сутекпен байланысқан атомды немесе атомдар тобын қалай атайды?Олардың валенттілігі байланысқан сутек атомдарының санына байланысты.

Келесі аялдама «Кім зерек?». Қышқылдарды қандай белгісіне байланысты жіктей аламыз?Тізіп жазылған кейбір қышқылдардың құрамында оттек болса, ал кейбіреуінде оттек элементі жоқ.Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты оттекті және оттексіз қышқылдар деп бөлінеді.Қышқыл құрамында кіретін сутек атомдарының санына назар аударайық.Қышқылдардың формулаларына мұқият қараңдаршы қандай ұқсастық бар?

Оттексіз


Ендігі аялдама «Ғажайып зертхана».Қауіпсіздік техника ережесін айту.

Қышқыл ерітінділерді ажырату үшін арнаулы анықтағыштар-индикаторлар пайдаланылады.Оларға лакмус,метилоранж,фенолфталеин жатады. Қышқыл ерітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды.

Қышқыл ерітінділерінің индикаторларға әсері.

Индикатор

Қышқыл

Лакмус

Метилоранж

Фенолфталеин

НСІ

қызыл

қызыл

түссіз

Келесі аялдама «Сергіту сәті» Енді кішкене ойымызды сергітейік. Қышқылдардың жіктелуіне байланысты үшінші артық қосылысты табу.

«Ойлан,тап!» аялдамасы.Қышқылдарды алу тәсілдері.

Қышқылдық оксид + су→оттекті қышқыл

Сутек + бейметалл → оттексіз қышқыл

Реакция теңдеулерін жазу.

Бекіту. Адасқан формулалар. Тақтада 1 оқушы орындайды.

Есеп №1. Тақтада 1 оқушы есеп шығарады.

8 г хг

SO3 + H2O→H2SO4 х=9,8 г.

80 г 98 г

«Оқы,оқы және оқы» аялдамасы. Үйге тапсырма беру.

Үйге тапсырма:§33 № 7, 89 бет.

Бағалау.Оқушыларды еңбегіне қарай бағалау.



Бағдарланған карта

№1 аялдама «Ой шақыру».

Қышқылдардың құрамы, анықтамасы.

№2 аялдама «Кім зерек?».

Қышқылдардың жіктелуі.

№3 аялдама «Ғажайып зертхана».

Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелері.

Қышқыл ерітінділерінің индикаторларға әсері.

№4 аялдама «Сергіту сәті»

Үшіншісі артық ойыны.

№5 аялдама «Ойлан,тап!»

Қышқылдарды алу тәсілдері.

Адасқан формулаларды табу.

№6 аялдама «Оқы, оқы және оқы»

Үйге тапсырма беру.

Қосымша тапсырмалар.

Мынадай жиі қолданылатын қышқылдардың:HCI,HBr,HI,HNO3,H2CO3, H2SiO3,H2SO3,H2SO4,H3PO4. Формулаларын бір бағанаға жазып, тұсына қышқылдың атын,олардың қалдықтарының валенттігі мен атын жазып, берілген кестені толтырыңдар:

Қышқыл

Қышқылдар қалдығы

формуласы

атауы

формуласы

валенттігі

атауы





© 2010-2022