Тотығу - тотықсыздану реакциялары (8 сынып)

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: химия Уақыты: Сыныбы: 8 «а» Сабақтың тақырыбы: Тотығу - тотықсыздану туралы түсінік. Тотығу-тотықсыздану реакциясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу -тотықсыздану ұғымдарын түсіндіру, тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тотығу - тотықсыздану реакцияларын жазу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ. Жаңа сабақты топтастыру. Сабақты өту әдісі: СТО әдісі. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-хабарлар, қосымша материалдар. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. а) «ой толғау» б) «кім алғыр» ІІІ. Мақсат қою кезеңі ІV. Жаңа сабақты түсіндіру. Мағынаны ажырату а) кіріспе (презентация); б) мәтінмен жұмыс; V. Бекіту. "Кім тапқыр!" №5 жаттығу. VІ. Оқушыларды бағалау. VІІ. Үйге тапсырма беру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ой толғау» Тотығу дәрежесі деген не ? Тотығу дәрежесін қалай анықтайды. Күрделі қосылыстағы элементтердің белгісіз тотығу дәрежесін қалай есептеп шығарады ?

«Кім алғыр» Мына қосылыстарды тотығу дәрежелері бойынша сәйкестендір

Қосылыстар

Тотығу дәрежелері

0 +1 -1 +2 -2 +3

H2S

N2

HJ

H2

NaF

Cl2

CaF2

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушылар мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды: H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7.

Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 2. Мына қосылыстардағы фосфордың: PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар. 3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, тотығу дәрежелерін анықтаңдар.

Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады: Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР - на жатады.

Тотықсыздану - атом немесе ионның электрон қосып алуы. Тотықтырғыш - электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш - электрон беруші атом немесе ион. Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.

ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей: 1 мысал: 1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу. Al+H2SO4 → Al2(SO4)3+H2

Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу. 0 +1+6-2 +3 +6 -2 0 Al + H2SO4 → Al2(SO4)3 +H2

Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу. 0 +1+6-2 +3 +6 -2 0 Al + H2SO4 → Al2(SO4)3 + H2

Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік): Al° - 3ē → Al+3 3 2 2H+1 + 2ē = H20 2 3

Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу. 2Al°+3H2+1S+6O4-2 =Al2+3(S+6O4-2)3+3H2°

Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру. 2Al°+3H2+1S+6O4-2 =Al2+3(S+6O4-2)3+3H2°

2 мысал: Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2

ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 - 2е = Mg+2 тотығады S0 + 2е = S-2 тотықсызданады

Mg-тотықсыздандырғыш, S -тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады. Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6

Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді:

Мәтінмен жұмыс. ТТР-ның маңызы:

ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с. Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ - бәрі де тотығу- тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сутек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбестің тотықтырғыш қасиеттері қолданылады. Заттың бетін тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.

Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау. 1. Тотығу - тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру: AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 = 2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар. H2S + CI2 = HCI + S ; HNO3 + Cu = "Кім тапқыр!"

1.Төмендегі теңдеуде қандай элемент топтарының тотығу дәрежелері өзгереді KMnО4+Na2SO3+KOH→ K2MnO4 +Na2SO4+ H2O а) Na, S ә) K, Mn б) Mn, S в) Na, K. 2. Тек тотықтырғыш болатын зат? a) NH3 ә) Br2 б) KClO3 в) HNO3 3. Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады: a) SO2 ә) Na б) Fe в) K2Cr2O7 4. Тек тотықсыздандырғыш болатын зат: a) H2S ә) KMnO4 б) SO2 в) HNO3 5. Al+H2SO4 =Al2(SO4)3+H2↑ теңдеуіндегі тотықтырғыш алдындағы коэффициент: a) 2 ә) 3 б) 1 в) 6

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: §64 №6,7.

Жаңа сабақ:

Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау.



© 2010-2022