Тұманбай Молдағалиев Бауырлар өлеңі

Сабақты  «Балық  аулау»  ойынымен  қорыту.  «Балық  аулау»  ойынында  берілетін  сұрақтар: 1.     Жазушы  Сәкен  Жүнісовтың  «Ақан  сері»  романынан  алынып  отырған  бұл  үзіндіде  Ақан  серінің  өмірі  баяндалған.  Осы  шығармадағы  Ақан  серінің  өмірі  сендерге  қалай  әсер  етті?  Жауап:  Ақан  серінің  өмірі  өте  қиын  болғандықтан  менде аяныш  сезімі пайда  болды. 2.     Күреңбай  сыншы  «Мынау  бір  пырақ  екен»  дегенде,  ол  Құлагердің  қандай  сипаттарына  сүйеніп  айтты? Жауап:  ...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қазақ өмірінде өзіндіктің өшпестей ізін қалдырып, қазақ әдебиетіне барынша үлес қосып келе жатқан Тұманбай Молдағалиев өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өту.

ә) тәрбиелік: «Бауырлар» өлеңін оқытып, әр оқушыға өз елін сүюге, әр қазақты жалғызым деп қабылдап, сыйлауға тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу, өз ойын жеткізе білу қасиеттерін қалыптастыру. Жылдамдыққа, шапшаңдықққа дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, Тұманбай Молдағалиев суреттері, интерактивті тақта, электронды оқулықтар

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: География, музыка, тарих

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу, сабаққа

дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сабақты «Балық аулау» ойынымен қорыту.

«Балық аулау» ойынында берілетін сұрақтар:

  1. Жазушы Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан алынып отырған бұл үзіндіде Ақан серінің өмірі баяндалған. Осы шығармадағы Ақан серінің өмірі сендерге қалай әсер етті?

Жауап: Ақан серінің өмірі өте қиын болғандықтан менде аяныш сезімі пайда болды.

  1. Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты?

Жауап: Кез келген жылқыда он екі қабырға болады, ал мынада он үш қабырға бар екен дейді.

  1. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып жүрген өнерлі бала кім? Ол асқа жиналғандарға не деп жар салды?

Жауап: Баланың аты - Қошқарбайдың Шашубайы. Ат бәйгесінің болатындығын айтып жар салды.

  1. Шығарма соңында Құлагердің тағдыры не болды?

Жауап: Шығарма соңында Құлагер өледі?

  1. Құлагерге жауыздық жасаған кім?

Құлагерге жауыздық жасаған - Батыраш.

  1. Құлагерді сипаттап бер.

Жауап: Терісі - жұқа көзіл етіктің былғарысындай мап-майда, ет пен терінің арасында жылтыраған бір май жоқ, денесінде бір жапырақ арам ет жоқ, қанша шапса да басы айналмайтыны қаны мол, тынысы тарылмайтын құлаш кеңірдек, талыс танау.

Жаңа сабақ.

Алдымен, Тұманбай Молдағалиев өмірін топтастыру стратегиясы бойынша түсіндіріп өтемін.

1935 ж. 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу аулында туған.

1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

«Құстар әні», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем» өлеңдерінің әуен бар.Тұманбай Молдағалиев Бауырлар өлеңіТұманбай Молдағалиев Бауырлар өлеңіТұманбай Молдағалиев Бауырлар өлеңіТұманбай Молдағалиев Бауырлар өлеңіТұманбай Молдағалиев Бауырлар өлеңі

Еңбек жолын «Лениншіл жас» (Жас алаш) газетінде қызметкер болудан бастаған.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 ж. «Студент дәптері» деген атпен жарық көрген.

Тұманбай Молдағалиев Бауырлар өлеңіТұманбай Молдағалиев Бауырлар өлеңі

1957 ж. «Тың жерді игергені үшін», 1970 ж. «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Жоғарғы Кеңестің грамотасымен марапатталған.

Тұманбай поэзиясының көп бөлігі туған жерге, туған елге, Отанға, ата-анаға, дос - құрбыға деген махаббатпен астасып жатыр. Бүгінгі өтетініміз де осы шет жерде жүрген бауырларымызға деген сағынышынан туған өлең болса керек. Ендеше мұқият ден салып тыңдаңыздар. Өлеңді оқымас бұрын барлығымыз тақтаға назар аударайық. Электрондық оқулықтан тәуелсіз Қазақстан елі туралы бейнеүзік көрсетіледі. Осы бейнеүзік пен бүгінгі өткелі отырған өлеңіміздің тікелей қатысы бар. Оны өлеңді оқу барысында аңғаратын боласыңдар.

«Бауырлар» өлеңін мәнерлеп оқу.

Бұл өлең Қазақстан егемендігін алғаннан кейін 1992 жылы Алматы қаласында бүкіл шет елде тұратын қазақтардың атынан келген елшілермен бірлесе өткізілген үлкен Құрылтай өткізілген. Міне, осы уақиға байланысты туған өлең.

Өлеңнің әр шумағына мән берер болсақ, әр бөлімде сол өз елінен шалғайда жүрген бауырларға деген сағынышын, ел оралыңдар деген үндеу бар екендігін аңғарған боларсыңдар.

Ал, осы қазақ халқы әр елге қалайша тарыдай шашырап кетті? Осы сұрақ төңірегінде ой толғап көрейікші.

Қазақ халқының ежелден-ақ тағдыры оңай болмаған. Осынай иен даланың төсін жайлаған қазақтардың жеріне көз алатушылық та көп болған. Ол сендерге тарих пәнінен белгілі. І дүниежүзілік соғыс, яғни 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, одан кейінгі қазақтың қасіретіне айналған 1930-1932 жылдардағы аштық, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, барлығы да қазақтың осындай әр жаққа шетел асып кетуіне бірден-бір себепкер болған оқиғалар. Ал, қазір біз егемендік алған тәуелсіз елміз, ендеше әлемнің әр түкпірінде жел ұшырған қаңбақтай шашырап кеткен қандастарымыздың тарихи отанына оралуы заңды құбылыс. Осы ретте елбасының сарабдал саясатының да алатын орны ерекше.

Қазіргі таңда қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген мынадай азаматтарымыздың ішінде де шет ел асып, бүгінде өз отанына оралғандары да бар. Мысалы: Есенғали Раушанов, Төлеген Айбергенов - Қарақалпақстан жерінде, Күләш Ахметова - Қырғызстанда, Исрайл Сапарбай- Өзбекстанда, ал Марфуға Айтхожина - Қытай Халық Республикасында өмірге келген. Алайда олар өз тілін ұмытпай, бүгінгі қазақ әдебиетіне өзіндік үлестерін қосуда.

Өлеңнің бір шумағын талдау.

Ме-нің же-рім мы-на жер - се-нің же-рің,

Жа-ра-сып тұр сол жер-ге ке-лу-ле-рің.

О-сы ал-қап-та се-нің де ма-лың жа-тыр,

Жай-қа-лып тұр ша-был-май е-гін-де-рің.

(11 буын, 3 бунақ, қара өлең ұйқасы)

Оқушыларға өлеңді оқытамын.

Сабақты қорыту.

Сұрақтар:

  1. Қазақ халқының белгілі ақыны Тұманбай ағаларың әлемнің әр түкпірінде жүрген қандас бауырларға қандай өтініш, тілек білдіріп отыр?

  2. Өлеңдегі патриоттық идеяны, ақынның үлкен сезімін, ордалы ойын танытатын өлең жолдарын тауып оқы.

  3. Қазақ елінен, өзінің тілдік ортасынан жырақта жүрген қазақтардың бәрі дерлік ана тілін де, дінін де, салт-дәстүрін де ұмытпауының мәнісі неде?

  4. Қазіргі таңда қазақтардың өз ішінде салт-дәстүрін сақтауы қаншалықты дәрежеде?

Бүгінгі сабақты қорыта келе, қазақ қай жерде жүрсе де - қазақ. Өйткені,ол қаншалықты жырақта жүрсе де, бойында қазақтың қаны боларда - оны өзге ұлтқа апарып теліп қоюмыз орынсыз.

Ендеше, бүгінгі сабақты Сабыр Адайдың «Әр қазақ - менің жалғызым» деген сөзімен қорытқым келіп тұр.

Үй тапсырмасы: «Бауырлар» өлеңін мәнерлеп оқып, қалаған бес шумағын жаттап келу.

Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларды бағалау. Сабақтың аяқталғандығын хабарлау.



© 2010-2022