Доклад на тему химия

Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа технология заманауи білім талабы

«Даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол - санамен саралау, ең оңай жол - еліктеу, ең қиын жол - тәжірибеден тәлім алу».

(Конфуций)

Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім - ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасын меңгере отырып, бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориямызды мектеп тәжірибесінде өткіздік. «Маған айтсаң - ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде қалады, өзіме істетсең - сонда мен түсінемін» деген қытай даналығын басшылыққа ала отырып, теориялық білімді өзіміздің меңгеруіміз, барлық тәжірибелік тапсырмаларды тренеріміздің басшылығымен, бағыттауымен орындауымыз арқылы әрқайсымызда түсінік қалыптасты. Шынында да, біз өзіміз оқушының ролінде отырып сол оқушыға бағыттай отырып, көздеген мақсатымызға жетуімізге нұсқау алдық. Теория мен тәжірибені ұштастыра ең бірінші біз өзімізді-өзіміз реттеп, өзімізге-өзіміз сеніп, ойлана алатынымызды білдік. Өзін-өзі реттеген, өзіне-өзі сенген адам алға ұмтылады, алға ұмтылуына мақсат қоя алады. Нақты мақсат қойып, сол мақсатты көре алған адам нәтижеге жетеді. Мен осы бағдарламаға дейін өзіме - өзім есеп беріп көрмеппін. Бағдарламаның екінші бетпе - бет кезеңінде жазған есептерімді талдай отырып, өзімнің кемшіліктерімді көре алдым. Сол кемшілікті көру мені ойлантуға мүмкіндік берді. Бастапқы есептерді жазуда мен осыншама сөзді қалай жазам деп ойланатынмын. Әр тапсырманың нақты не жайында жазу керектігі түрлі ойларды жаза ала отырып, мен өзімнің сөздік қорларымның көбейе бастағанын байқадым. Курстың құрылымының өзі американдық психолог Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне негізделген. Бірінші кезеңінде бағдарлама идеясын түсіну, еске сақтау, ал мектептегі тәжірибе кезеңінде қолдану, талдау, екінші кезеңінде жинақтау, қорыту, соңғы кезеңінде бағалау бойынша ұйымдастырылуы менің алғашқы күннен зерттеушілік қабілетімді жетілдірді.

Мектептегі тәжірибе кезінде барғанда басында бірден сабақ беруге бірден кірісе алмадым. Өйткені, менің ойымда қаншама нәрсе болды. Балаларға қалай ынтымақтастық атмосферасын туғызам, оларды қалай топқа бөлем, олар ойланып бірге жұмыс жасайтындай тапсырмаларды қалай жасаймын деген ойлар мені мазалады. Ең алдымен орта мерзімді жоспарды құрудың өзіне де мен көп уақыт жұмсадым. Бұл жоспарды жоспарлағанда оқушыларыма қарай бағыттадым және де жоспарды құрғанда мектептегі әріптестерімнен көмек сұрадым. Олар маған бағыт-бағдар беріп, орта мерзімді жоспарды жоспарлауыма септігін тигізді. Осы орта мерзімді жоспарлағаннан кейін, маған қысқа мерзімді жоспарды жазу қиын болған жоқ. Әр сабағымды жоспарлағанда мен мақсатты оқушыға түсінікті етіп жасауды үйрендім. Сабақтың мақсатын осы бағдарламаға келмегенге дейін жалпылама, ғылыми тілмен жазып келіппін. Бір сабақта сол мақсаттың төрттен бір бөлігіне ғана жетіппін. Мен мақсатыма жеттім бе, жеткем жоқ па, сол жайында ойланбаппын. Енді мен сабақты жоспарлағанда нақты мақсат қоя алам, сол мақсатқа жеткеніңді күтілетін нәтижелерден көре аламын деп өзіме сенемін. Бұл маған жұмысымды атқарғанда жүйелі түрде дайындалуыма бағыт болды. Сабақ басында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруда оқушылардың көңілін көтеріп, назарын сабаққа аудару мен жұмысқа ынталандыру мақсатында сергіту сәттерін тиімді екенін байқадым. Әр сабақта әртүрлі сергіту сәттерін өткізгенім оқушыларға ұнағанын жүздерінен, бір-біріне білдірген пікірлерінен көре алдым. Топта бірлесіп құрған топ ережесіне қызығушылық танытты, себебі, бұрынғы сабақтарда топ ережесін құрып көрмегендіктен, басқаша көзқарас пайда болғанын аңғардым. Сабақта топтарды ауыстыру сыныптастарын әбден танып білуге, кез келген ортада үйлесімділік тауып, кез келген жағдайда тығырықтан шыға алатындай қабілеттерді қалыптастыруға көңіл бөлдім. Әр сабақты жүйелі дайындай отыра, оқушыларға ойланатындай, түрткі болатындай сұрақтар қоюды үйрендім. Оқушының жауабын тосуға өзімді бейімдедім. Шыдамдылық пен төзімділікті бірдей ұстау керек, егер бұл қасиеттер менің бойымда болса, менен білім алып отырған оқушыларымда осы қасиетке ие болады. Осы қасиеттері бар жеке тұлға өмірде өз бағытын таба алатынына сенімдімін. Шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды ойластыра отырып, оны оқушыларға орындата отырып, барлық оқушылардың жұмысқа араласып, сабаққа ынталарының артуына септігін тигіздім. Оқушы сабаққа қызығушылық танытса ғана, өзіне қажетін алады.

Жалпы, жаңа бұрын-соңды мен қолданбаған жаңа тәсілдің бірі - критерий бойынша бағалау. Критериалды бағалауды сабағымда қолданып көрдім. Сабаққа мақсат қойғаннан кейін күтілетін нәтижеге жету үшін табыс критерийлерін құра алдым. Мен өз сабақтарымда бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдандым. Яғни, бағалау парақтары арқылы өзін-өзі, жұптық, топтық бағалау,мадақтап қолпаштау, «екі жұлдыз, бір ұсыныс», әсіресе смайликтер арқылы бағалау балаларға ұнады. Балалардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде анықтай отырып, келесі сабақтарда тапсырмаларды, сұрақтарды қалай қою керектігін болжадым. Оқушылардың өзара бағалауы кезіндегі талдауынан да басқаларды бақылап, тақырыпты қаншалықты, түсінгенін аңғаруға болады. Алғашқы сабақтарда оқушыларда жалаң бағалау болса, кейінгі сабақтарда бағаға түсініктеме беру дағдылары қалыптаса бастағаны байқалды. Нақты әділ өзін-өзі бағалаған оқушы алға ұмтылуға мүмкіндік алады. Себебі әр оқушыда өзін бағалай отырып, мен осы жерін білмеймін, маған осы жерін үйрену керек деген ойлар пайда болады. Тек осындай ой тудыру үшін критерийдің өзін саналы жүйелі түрде құру керек. Қорытынды кезінде «Нені білемін, нені білдім, нені білгім келеді?»кестесін қолдану түсіну дәрежесін бағалауға көмектесті.Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату, оларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру, оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату - бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін қарапайым факторлар. Қолдау, қолпаштау арқылы оқушылардың өздеріне деген сенімділігінің арттқанын, сабақ барысында математикалық тілде сауатты сөйлеуге дағдылана бастағанын байқадым.

Оқушылардың сөздік қорларының аздығы, өз ойын жетік жеткізуе алмауы тапсырмаларды орындағанда көрінді. Мұғалім оқушыларға білім беру ортасын құра отырып, тапсырманы бергеннің өзінде де көп ойлану қажет. «Бірге ойлаймыз» дегендей әр оқушыны бірге ойланатындай бір-біріне ықпал етіп сабақты түсінетіндей жағдай жасау керек. Сонда менің ұққаным, тапсырмаң оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, бір топта отырған оқушылар бірге талдап, зертейтіндей, оқушылардың шығармашылығын ашатындай түрде болу керек. Осындай тапсырмаларды орындаған оқушы сыни ойлана алады, кез-келген жерде өз жауабын бере алады деп ойлаймын. Сонда мұғалім әр сабақтың басынан аяғына дейін жүйелі дайындалып, тапсырмалардың барлығын оқушыға бағыттауға көп іздену керек.

Жаңа сабақты дәстүрлі оқыту кезінде өзім түсіндіріп белсенділік танытсам, енді интербелсенді әдіс тәсілдер мен сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді қолдана отырып «оқушы және оқушы» байланысы арқылы тақырыпты оқып меңгерулеріне басшылық жасай отырып, мұғалім көшбасшылығы анық байқалды. Жаңа тақырыпты меңгеруде ЖИГСО әдісін қолдануда жақсы нәтижеге жеттім. Оқушылардың айтуына қарағанда жаңа тақырыпты жеке және жұппен оқи отырып, қажетті сызбаларды сызып топпен талдап оқып меңгергенін басқа оқушыларға түсіндіріп ол түсінгенін қағаз бетіне түсірген кезде естерінде жақсы қалғанын айтады. Оқушыларға топпен жұмыс жасағаны, Жигсо әдісі бойынша оқушылардың барлығы қамтылғаны, постер жасағаны және оны қорғағаны, тақырыпты өздері оқып түсінгендеріне риза болды. Ал оқушы есепті анық ұғына алғаннан кейін ғана күрделі есептерді шығаруға қолы жетеді. Осылайша оқушыларды топтарға бөлу арқылы оқытқанда оқушы үнемі ізденіс үстінде жұмыс жасай отырып, салыстыруға, анализдеуге, айырмашылық пен ұқсастықты бірден көруге, өз бетінше ой-қорытып пікір айтуға дағдыланды. Оқушылардың математиканы қабылдау деңгейлері, қабілеттері әртүрлі болады. Топтағы есепті тез ойлап, шығару жолын бірден тауып отыратын оқушы өз тобындағы басқа оқушылардың да түсінуіне ықпал етті, бір сөзбен айтқанда ештеңені түсінбей бос отыратын оқушы болмайды. Сыныптағы оқушылардың барлығы жұмысқа тартылып, назарда болады. Сыныптың мұндай тәсілмен есептерді бір-біріне түсіндіру арқылы жүретін болғандықтан, олардың есінде жақсы сақталатыны және бірнеше рет қайталай түсіндірілуі анықтаманың, формуланың жақсы есте сақталып, есептер шығаруда тиімді қолданатынын байқадым. Сонымен қатар постер жасауға оқушылар уақытты көп алды. Мұндай қиындықтарды жеңу үшін тапсырмаға белгілі уақытты белгілеп алып, уақыт аяқталған соң барлық топтың жасағандарын тақтаға ілгізіп қойдым, сонда оқушылар бірін-бірі жақсы тыңдап, сұрақтар қойып, басқа топтың постерлерін бағалауда әділ бағалау жүргізді. Дегенмен осылайша оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту өз ойларын ашық айтуға, өзгелерді тыңдап, олардың ойларымен санасуға және де тақырып бойынша дұрыс сұрақтарды қоюға дағдыландырудағы орны ерекше.

Мектептегі тәжірибеде төрт аптаның ішінде барлығы жаңа қырынан өзгерді деп айта алмаймын, бірақ оқушылардың бойынан әр түрлі қабілеттерді байқадым. Бұл байқағандарым алдағы жұмыс жоспарына негіз болады. Өйткені, мен келешек тәжірибемде кеткен кемшіліктердің орнын толтыруым керек. Өзімдегі өзгеріс қандай? Оқушылардың стикерге жазған сабақ туралы пікірлеріне қарап отырып, олқылықтардың орнын толтыруға тырыстым. Дәстүрлі оқытуда менен кеткен кемшіліктер туралы ойланбайтын едім. Ал қазір әр сабағыма талдау жасаймын.

Бүгін қандай болдым? Курсқа келген соң… Жан-жақтан келген әріптестеріммен пікірлесуім, тақырыпты талқылауымыз маған әр түрлі ой салды. Күндегі әр өткен сабақ, одан туындайтын әр алуан проблемалар, әркімнің әр түрлі көзқарастары көп ойларға жетеледі. Әрине, өмірде әр алуан жағдай, түрліше тағдыр болатынын білемін. Білгенмен терең бойлап, ой елегінен өткізіп, олардың жан жарасына қайтіп көмектесуге болады дегенді ойламаған екенмін. Бұл курсқа келгеннен кейін жеткен табысым - тәжірибесі мол, өмір көрген, үлгі алатын, білікті- білімді, өз ісінің шебері деген адамдармен пікірлескенім. Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс - әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.

Сабақта зерттеп талдап отырсам барлық жеті модуль бір сабақта ықпалдасады екен, бірін-бірі толықтырып тұратынына көзім жетті. Бағдарламадағы бұл модулдер оқыту үрдісіне барлық оқушыларды оқуға қалай тарту қажеттігін үйретті. Әр модульдің мазмұны мұғалімдердің кәсіби қызметінде құндылығы мен сенімділігін арттырды.

Бағдарлама аясында мен қалай өзгердім дейтін болсам:

- дәріс оқудан өз бетімен білім алып, өз тәжірибемде жетілдірдім;

- топтық, диалогтық тренингтер жүргізуді үйрендім;

- акт технологияны тиімді пайдалануды үйрендім;

- Оқушының тұлғалық дамуын жетілдіруде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды өз-өзіне есеп беруді, рефлексивті кері байланысқа түсуді үйрендім;

- Тапсырманы орындауда ойды саралап, сын тұрғыдан ойлауға үйрендім,

- Әр адамның айтылған ойы құнды екенін түсіне отырып, әрқайсысын

тыңдай отырып, өзіме идеяларды ой елегімнен өткізуді үйрендім. Өзіме есеп беру арқылы үйренгендерімді көре алдым. Әлі де кемшіліктерді болдырмау үшін болашақта мен мынандай жұмыстармен жұмыс жасауды жоспарлап отырмын.

Алдағы уақытта жоспар құруда:

- жоғары дәрежелі сұрақтар қою техникасын одан әрі жетілдіру;

-сыныпта талданатын мәселелер оқушылардың дамуына, алға жылжуына қадам жасайтындай болуы;

-сабақ құрылымында жеті модульдің үйлесімділігіне мән беру;

-оқыту үшін қосымша ресурстар (тәжірибеден) жинақтау;

-сын тұрғыдан ойлауын дамыту идеяларын сабақ беру үрдісінде жетілдіру;

-оқу мен оқыту сапасын бағалауға дайындау;

Оқытуда:

-оқытуда ой қозғайтындай жағдай туғызу;

-айтылған ойды, өз көзқарасымен түсінікті жеткізе білуге мән беру;

-оқыту мен оқуда түрлі стратегиялар пайдалану;

-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіруде жеке, жұппен, топпен жұмыстарды ұйымдастыру;

Бағалауда:

-мониторинг үшін бағалау әдістерін одан әрі жетілдіру;

-қалыптастырушы және жиынтық бағалау тәсілдерін қолдану;

-өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды жетілдіру.

Осы болжамдарды орындасам, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артатынына сенімім мол.

Сөз соңында, қорыта айтарым, «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімді қосуға ат салысамын.





Алматы облысы

Қаратал ауданы

МДШО бар Кәлпе орта метебі









Баяндама:

Жаңа технология заманауи білім талабы





Дайындаған: Иманбаева Ж.Б.

химия және биология пәндерінің мұғалімі





















2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022