Химия сабағына арналған қосымша жұмыстар

Тапсырмалар: І деңгей 1. Төменде келтірілген пікірлердің қайсысы оксидтерді сипаттайды? а) біреуі оттегі болып келетін екі элементтен түзілген күрделі заттар; ә) құрамында  оттегі болатын барлық заттар; б) элемент атомы тотыққанда түзілетін күрделі заттар; в) кез келген күрделі зат.   2. Төменде келтірілген пікірлердің қайсысы тұздарға анықтама болады? а) құрамында қышқыл қалдығы бар барлық заттар; ә) оттекті қосылыстар б) кемінде екі элемент атомдарынан тұратын заттар; в) сутегі атомына алмасқа...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тапсырмалар:

І деңгей

1. Төменде келтірілген пікірлердің қайсысы оксидтерді сипаттайды?

а) біреуі оттегі болып келетін екі элементтен түзілген күрделі заттар;

ә) құрамында оттегі болатын барлық заттар;

б) элемент атомы тотыққанда түзілетін күрделі заттар;

в) кез келген күрделі зат.

2. Төменде келтірілген пікірлердің қайсысы тұздарға анықтама болады?

а) құрамында қышқыл қалдығы бар барлық заттар;

ә) оттекті қосылыстар

б) кемінде екі элемент атомдарынан тұратын заттар;

в) сутегі атомына алмасқан металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар

ІІ деңгей

1. Берілген қышқылдардың қанша негізді екенін тауып, бағдаршамен сәйкестендіріңіз.

HCl Бір негізді H2SO4

H2CO3 Екі негізді HI

H3PO4 Үш негізді HNO3

2. Берілген оксидтердің формулаларын аталуымен жұптастырыңыз.

NO Мыс (І) оксиді CuO Темір (ІІІ) оксиді

NO2 Азот (IV) оксиді CrO3 Хлор (VII) оксиді

P2O5 Хром (VI) оксиді Cl2O7 Фосфор (V) оксиді

Cu2O Азот (ІІ) оксиді Fe2O3 Мыс (ІІ) оксиді

ІІІ деңгей.

1. Берілген реакция теңдеуіндегі көп нүктенің орнына тиісті заттарды жазып, осыдан негіздердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңыз

1) 2KOH + …. → K2CO3 + H2O A. CO2

2) 2Fe(OH)3 → ….. + 3H2O B. H2SO4

3) 2KOH + ….. → K2SO4 + 2H2O C. FeCl3

4) 3NaOH + …. → Fe(OH)3↓ + 3NaCl D. Fe2O3

2. Төменде келтірілгендер реакция нәтижесінде қандай қосылыстар түзеді? Осы реакция теңдеулері арқылы қышқылдардың қасиеттері туралы қорытынды жасаңыз.

1) Zn + 2HCl → …. + H2↑ A. NaCl

2) CuO + H2SO4 → … + H2O B. ZnCl2

3) NaOH + HCl → …. + 2H2O C. CuSO4

4) ZnCl2 + H2SO4 → …. + 2HCl D. ZnSO4



«Кері лото» ойыны

І деңгей.

Қосылыстардың атауларын беріңдер.

CaO HNO3

H2O HCl

P2O5 SO3

CO2 NaOH

ІІ деңгей.

Қарама-қарсы тұратын, бейтараптайтын қосылыстардың атауларын беріңдер.

ІІІ деңгей.

Реакция теңдеулерін жазыңдар.



Тапсырма: сұрақ-жауап.

1. Жай және күрделі заттар.

2. Оксидтер (жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы)

3. Қышқылдар (жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы)

4. Негіздер (жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы)

5. Тұздар (жіктелуі, қасиеттері, қолданылуы)

6. Химиялық теңдеулер, олардың жіктелуі

7. Индекс және коэффициент



І деңгей.

12 г магнийді жаққанда 251,75 кДж жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісін есептеңіз.

ІІ деңгей.

С + О2 = CO2 + 402 кДж. Осы термохимиялық реакцияның теңдеуі бойынша 412 кДж жылу бөлінген кезде жанған көміртегінің массасын есептеңіз.

ІІІ деңгей.

СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О + 892 кДж. Берілген термохимиялық теңдеуі бойынша реакциядағы түзілген жылу мөлшерін және 1,6 кг метан жанған кездегі оттегінің көлемін есептеңіз.



І деңгей

Na → NaOH → Na2SO4

ІІ деңгей.

C → CO → CO2 → CaCO3 → CaCl2 → CaSO4

ІІІ деңгей.

P → P2O5 → H3PO4 → Ca3(PO4)2 → CaCl2

HCl, NaOH, H2O (индикаторлармен анықтайды)



1. Фосфор жақсақ будақтап, 2. Су бетінде безектеп,

Ақ түтінін түзеді. Металл натрий жүзеді.

Ол түтінді су сорып, Ең соңында жоқ болып

Қандай қосылыс түзеді? Қандай қосылыс түзеді?


Бағыттау қағазы

Кедергілер

Ұпай

1. «Тас мүсіндер қамалы»

2. «Айналы бөлме»

3. «Перілер мұнарасы»

4. «Патша сарайының бөлмесі»

5. «Айбалта қамалы»

6. «Қара сиқыршының иелігі»

Жалпы



© 2010-2022