Сабақ жоспары: химия (8 сынып) Химиялық реакцияның типтері: қосылу, айрылу

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакцияның типтері: қосылу, айрылу

Мақсаты:

Білімділік:. Қосылу, айырылу реакциялары жөніндегі ұғым, оларды химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу білігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша есептер шығара отырып ойларын тереңдете дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, есептер шығару, оқулықпен жұмыс.

Құрал-жабдықтар: периодтық жүйе

Пәнаралық байланыс: физика, биология

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезең

Өткенді қайталау, үлестірме қағаздармен жұмыс

Жаңа сабақ

Зат массасының сақталу заңына сүйеніп, химиялық реакцияларды бастапқы және алынған заттардың белгілері бойынша бірнеше түрге бөлуге болады. Солардың бірі қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары.

Бұл сабақта химиялық реакцияның төрт түрі - қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары талданады .

Зертханалық тәжірибе №2

  • Мыс сымын қыздыру

  • Малахиттін ыдырауы

  • Парафиннің жануы

  • Ағаш жанқасының жануы

2Cu + O2 = 2CuO

Мыс хлоридінің ерітіндісіне мырыш түйіршіктері салынады. Реакция өнімі түзілу үшін элемент атомдары бірінің орнын бірі басатынын тәжірибе нәтижесінен көрсетеді. Реакцияға түскен және нәтижесінде түзілген заттар санының тұрғысынан жоғарыдағы екі теңдеуді салыстыра отырып, оқушыларды орын басу реакциясының анықтамасымен таныстыру, дәптерге жаздыру. Одан әрі мыс (ІІ) оксиді мен тұз қышқылы әрекеттестіріледі. Реакция нәтижесіндегі өзгерістер түсіндіріледі. Тақтаға жазылған теңдеулерді оқушылардың өздері теңестіреді:

2Cu + O2 = 2CuO А + В = АВ

2H2O = 2H2 + O2 АВ = А + В

СuCI2 + Zn = ZnCI2 + Cu АВ + С = СВ + А

CuO + 2HCI = CuCI2 + H2O АВ + СД = СВ + АД

Реакция типтеріне мысалды дәптерлеріне жазу:

Бекіту:

Na + O2 ->

Ca + O2 -->

Zn + Cl2

Al + Cl2

Al + O2

3.Мына оксидтердің айырылу реакциясының теңдеулерін құрыңдар:

а) Hg2O = ? + ? a) CuO = ? + ?

б) Na + O2 = Na2O б) N2 + H2 = NH3

а) Mg + O2 - MgO а) Fe + O2 - Fe2O3

ә) Ag2O - Ag + O2 ә) P + O2 -P2O5

б) N2O5 + H2O - HNO3 б) KCIO3 - KCI + O2

в) AI + S - AI2S3 в) ZnO - Zn + O2

Қорытындылау

Үйге тапсырма беру: §19. 6-9 жаттығулар.



© 2010-2022