Ақпараттық технологиялар-тұлғаны әлеуметтендірудің өзегі

"Описание материала: Ақпараттық технологиялардың басты мақсаты: - білім беру жүйесін басқару механизмдерін мәліметтердің автоматтандырылған банкілерді қолданудың негізінде жетілдіру; - қоғамның ақпараттандырылуының қазіргі жағдайында білім берудің жеке адамды жан-жақты қалыптастыру мақсаттарына сай келетін әдістемелері мен тәсілдерді және ұйымдастырушылық формаларды және т.б. жетілдіріп отыру; - оқушылардың интеллектуальдық дамуларына, өз беттерімен білім ала білу қабілетерін қалыптастыруға және олардың оқу-ақпараттық, тәжірибелік-ғылыми қызметтерін жүзеге ...
Раздел Химия
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ақпараттық технологиялар- тұлғаны әлеуметтендірудің өзегі


Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы).

Өркениетті қоғамның дамуы информатизация (ақпараттандыру) процесімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл процестің басты ерекшелігі - қоғамдық өндіріс саласындағы үстемдік етуші қызметтің саласына ақпараттық технология құралдарының негізінде жүзеге асырылатын хабарларды жинау, өңдеу, олардың қорын жасау, сақтау және оларды тарату жатады. Қазіргі қоғамды хабарлар легімен жан-жақты қамтамасыз етудің ең басты бағыттарының бірі - білім беру саласын әдістемелермен және ақпараттық технологияны жасау мен оны тиімді пайдалана білудің тәжірибесімен қамтамасыз ету процесі болып саналады. Оның басты мақсаты:

  • білім беру жүйесін басқару механизмдерін мәліметтердің автоматтандырылған банкілерді қолданудың негізінде жетілдіру;

  • қоғамның ақпараттандырылуының қазіргі жағдайында білім берудің жеке адамды жан-жақты қалыптастыру мақсаттарына сай келетін әдістемелері мен тәсілдерді және ұйымдастырушылық формаларды және т.б. жетілдіріп отыру;

  • оқушылардың интеллектуальдық дамуларына, өз беттерімен білім ала білу қабілетерін қалыптастыруға және олардың оқу-ақпараттық, тәжірибелік-ғылыми қызметтерін жүзеге асыра білулеріне бағытталған білім берудің әдістемелік жүйесін жасау;

  • оқушылардың білім дәрежесін аз уақыттың ішінде жүйелі түрде бақылап, бағалауға мүмкіндік беретін компьютерлік жүйе бойынша естілетін және болжайтын әдістемелер жасау.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі мен жаһандану талабына орай орта мектептегі білім сапасын көтеру, оқушылардың өзіндік жұмыстарын түрлендіру арқылы күшейту, сонымен қатар олардың танымдық белсенділіктерін арттыру қажеттілігі туындап отыр. Білімнің мазмұнын меңгертудің жолдары біршама дәрежеде танымның объектісімен анықталады. Объекті түсінігі субъектімен тығыз байланысты. Адам назарын аударатын танымның үш саласы бар: табиғат дүниесі, әлеуметтік дүние, адамның ішкі дүниесі. Бұларға бір-бірімен тығыз байланысқан үш таным феномендері сәйкес келеді; түсіндіру, түсіну және рефлекция. Тұлғаның қалыптасуы оның әрекеттену және басқа адамдармен ой алмасу үрдісінде өтеді. Бұл үрдісті тұлғаның әлеуметтендіруі дейді.

«Әлеуметтену» ұғымын алғаш рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдері еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар А. Бондураның, Д.Доллэрдтің, Дж. Кольманның, А. Парктің аттары атала бастады.

Әлеуметтену - (латын сөзінен шыққан «socialis» - қоғамдық) тұлғаның қалыптасу үрдісі, индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәжірибе және т.б. Э. Дюркгейле әлеуметтену процесін қарастырып, оның белсенді бастамасы қоғамға тән, сол себепті әлеуметтену субъектісі болады деген. Сондықтан қоғам адамды «өз үлгісіне салып» қалыптастыруға талпынады. Әлеуметтену: индивидтің әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы; адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі; адамдардың әлеуметтік рөлдерді атқаруы және т.б.

Тұлғаның әлеуметтенуі оның белсенді іс-әрекетімен, қоғам талабына сай мінез-құлқымен, өзінің іс-әрекетімен салыстыра бағалауынан, өзін-өзі тани білуінен көрінеді. Оған бес түрлі фактор әсер етеді: олар - өзіндік ұстаным мақсат, өзін-өзі тану, саналы таңдау, нәтиже. Білім берудің өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде олардың әрқайсысының бойына, өз ұлтына тән қадір-қасиеттерді: ұлттық сана-сезімді, рухани құндылықты, іскерлікті т.б. сіңіруге болады. Білімді саналы меңгерту өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін технологияларды, әсіресе ақпараттық технологияның маңызы ерекше болып отыр.

Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім беру қызметінің барлық субъектілерінің (оқушы, педагог, ғалым, басқару саласының қызметкері) еңбегін ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.

Ақпараттық технологиялар негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде білім беру тәсілдерін (электронды оқулық, бейнесабақ, тестілеуші бағдарламалар, электронды зертханалық жұмыстар және т.б.), білім саласын басқаруды автоматтандыруды атауға болады. Ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады: интерактивтік (өте белсенді) сұхбат (диалог) - ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырады. Бұл арада сұхбат текстік бұйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады (мысалы, сұрақтарды «керекті» сөздерді қолдану еркін түрде бере беруге болады); нақты объектілерді басқару; экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, құбылыстардың, процестердің үлгілерін басқару; оқу процесінің нәтижелеріне автоматтық бақылау (өзіндік бақылау) жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.

Жоғарыда атап өтілген білім беру қызметінің түрлері, біріншіден, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған әдістемелерді жасауға; екіншіден, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді жоғары дәрежеге көтеруге; үшіншіден, қазіргі адамдар үшін өте қажетті әлеуметтік қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электрондық оқулықтарды пайдалану тиімді. Білім берудің кез келген саласында «электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін әлеуметтендіруге, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабақта пайдалануды - оқытудың жаңа ақпараттық технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Химия сабағында 8 сыныптарда интернет материалдарын, электронды оқулықтарды пайдалану тиімді.

Мысалы: 1) «Күрделі заттың кластары»; 2) «Заттың формулалаларын құрастыру» тақырыптарында электронды оқулықта арнайы түсіндіріліп, формула құрау ерекшелігін тақтадан көреді. Сол түсіндірме арқылы салыстыра әртүрлі формулаларды жазады. Әр тараулардан соң өз білімін деңгейлік тапсырма, тестілеу арқылы тексере алады. Ал, 9 сынып оқулығының өзіндік ерешелігі медиа объектісі бар. Онда бағдарламаға сәйкес тәжірибелер берілген. Ол тәжірибені қалай жасау, затты анықтау түсіндіріледі. Оқушылар өздері жасауға мүмкіндігі жоқ тәжірибелерді көріп, ерекшелігін түсінеді. Ал, интерактивті тақталарда тәжірибелерді жасауға арналған құрылғылар, химиялық ыдыстар берілген. Сол арқылы да тәжірибелерді көруге болады. Әр тараудың соңынан берілген қосымша материалдар мен тестілеуді оқушы орындап, өзінің білім дәрежесін нақты айқындай алады. Мұның өзі оқушысының білімге деген құлшынысын тудырады.

Компьютер автоматты түрде оқушы жұмысын бақылай және жіберілген қателіктер мен оларды болдырмау жөнінде ұсынымдар, өтілген материалдардың игерілу сапасын бақылай алады. Мұғалім компьютер көмегімен барлық оқушылардың жекелеген бағдарламалар бойынша жасалған жұмыстар нәтижесі жөнінде объективті ақпаратты ала отырып, өзіндік авторлық бағдарламаларды құру арқылы оқу процесіне жедел ықпал жасай алады. Оқыту процесінде оқушылардың ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді.

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Білім Заңы

  2. Қазақстан мектебі. Алматы, № 2; 10, 2009 жыл

  3. Қазақстан мектебі. Алматы, № 4, 2007 жыл

  4. Білім берудегі менеджмент, № 2 (57), 2010 жыл

© 2010-2022