Химиялық формулалар бойынша есептеулер. 8 сынып

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І. Сабақтың тақырыбы: «Химиялық формулалар бойынша есептеулер»

ІІ. Сабақтыңмақсаты:

а) білімділік:Химиялық реакция типтері туралы түсінік қалыптастыру.

б) ой-өрісіндамытушылық: Тақырыпқа сәйкес есептершығарту арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.

в) тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.


ІІІ. Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру.


ІV. Сабақтың түрі: теориялық.


^V.Сабақтың өткізілуәдістері: түсіндіру, жазбаша, сұрақ - жауап, есептер шығарту, тест тапсырмалары.


VІ. Сабақтың көрнекілігі: тарату материалы (тест тапсырмасы)



Пән аралық және пән ішілік байланыс


Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы: Математика.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.

2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

І. Сәйкестендірі тесті

А деңгей

Химияның негізгі ұғымдары

Анықтамалары

1.

Атом

А.Заттың құрамы мен қасиеттерін сақтайтын кіші бөлшегі.

2.

Молекула

Ә. Атомдардың бірдей түрінен құралған заттар.

3.

Заттар

Б. Екі немесе одан да көп заттардан тұрады.

4.

Қоспалар

В. Заттардың құрамын таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.

5.

Физикалық құбылыстар

Г. Атомдардың әр түрінен құралатын заттар.

6.

Химиялық құбылыстар (химиялық реакция)

Д. Химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.

7.

Жай заттар

Е. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең кіші бөлшегі.

8.

Күрделі заттар

Ж.Денелерді құраушылар.

9.

Химиялық формулалар

З. Дененің пішіні мен заттың агрегаттық күйінің өзгеруі.

10.

Химиялық теңдеулер

.Бір заттар екінші бір заттарға айналуы.


ІІ. Толықтыру тесті

В деңгей

  1. Төмендегі химиялық теңдеулердегі қажетті заттардың формуласын тауып, коэффициенттерін қойыңдар:

а) .....+ О2 → Li2O; ә) .... + О2 → Al2O3б) Fe + … → FeCl3

2. Химиялық теңдеулерді теңестіріңдер:

А) Zn + HCl → ZnCl2+ H2

Ә) Al + N2 → ALN

Б) P + O2 → P2O5
В) СН4 → С + Н2

ІІІ. Есеп шығару.

С деңгей

  1. Берілген қосылыстардың: NH3, HNO3, Fe2O3салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп табыңдар.

  2. Алюминий гидроксидіндегі AL(OH)3 алюминий, оттек және сутек атомдары массаларының қатынасын есептеңдер.


3. Оқушылардың жауаптарын қорытындылау, бағалау:

"5" - Сұраққа толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады; "4" - Сұрақты толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады; "3" - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, жауап беру барысында кейбір жайттар еске алынбаған жауапқа қойылады;

"2" - оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;



4. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

1) Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын және мольдік массасын есептеу.

2) Зат мөлшері. Химиялық формула бойынша заттың массасын және зат мөлшерін есептеу.

3) Берілген масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың санын есептеу.

6. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 30 минут

Заттар өзара белгілі бір қатынаста әрекеттеседі, ол химиялық теңдеуден байқалады. Мысалы: 4AI + 3O2 = 2Al2O3

Олардың массалық қатынасын тапсақ: m (Al): m (O) = (4*27) : (3*32) = 108: 96 = 9:8

Өзара бір-бірімен қалдықсыз әрекеттеседі.

Реакцияға кірісетін атомдар мен молекулалар санын білу қажет болса, оларды жеке-жеке есептеп шығу қиынға түсер еді. Химияда заттың өлшемі ретінде ерекше физикалық шама - зат мөлшері алынады.

Зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Моль - бұл құрамында 0,012 кг (12 г) көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер ( атомдар, молекулалар , т.б.) болатын заттың мөлшері.
0,012 кг көміртектегі атомдар санын NA ꞊ 6,02*10 23 1/ моль.

Бұл сан ХІХ ғасырда өмір сүрген италияндық ғалым А. Авогадро құрметіне Авогадро саны деп аталған. Ол кез келген заттың 1 молінде 6,02 *1023 бөлшектер болатынын көрсетеді. Мысалы: 1 моль суда да, 1 моль темірде де бөлшектер саны бірдей, тек судың 1 молінде 6,02*1023 молекула болса, темірдің 1 молінде 6,02*1023 атом бар. Заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады, ол г/ мольмен өлшенеді және оны М әрпімен белгілейді.

М꞊ m/ Ј, мұндағы «ню» - зат мөлшерінің шамасы.

Судың 1 молінің молярлық массасы: 18 г/моль;

Заттың молярлық массасы сан жағынан сол заттың салыстырмалы атомдық немесе молекулалық массасына тең. (5 кесте, 48 бет).
7. Жаңа материалды бекіту тапсырмалары-10 минут

1-5 жаттығуларды талдау.

№5 жаттығу.

Судың: а) 0,2; ә) 2; б) 5 молінде қанша молекула болатынын есептеп шығарыңдар.

Ј ꞊ N/NA N = Ј * NA

А) 0,2 моль * 6,02 *1023 ꞊ 1,2 *1023 ; Ә) 2 моль* 6,02*1023 ꞊ 12,04*1023 б) 5 моль * 6,02*1023 ꞊ 30*1023


8. Сабақты қорытындылау-5 минут:
Диалог сұрақтары

  1. Заттар дегеніміз не?

  2. Химия пәнімен тығыз байланысты пәнді айтып бере аласыңба? Мысал келтір.

  3. Химия пәні нені қарастырады?

  4. Қоспа деген не және агрегаттық күйіне байланысты қалай жіктеледі? Мысал келтіре аласыңба?

  5. Заттарды қоспадан бөлу және тазартудың қандай әдістерін білесің?

  6. Атом деген не?

  7. Молекула деген не?

  8. Мына элементтердің оқылуын айтып бер: азот, алтын, көміртек, кремний, мыс, оттек, темір, фосфор.

  9. Мына элементтердің оқылуын айтып бер: кремний, күкірт, күміс, қорғасын, мырыш, сутек, сынап, хлор.

  10. Химиялық элементтер қандай топқа бөлінеді?

Оқушылар өздеріңіз бір-біріңізге 4 сұрақ дайындаңыздар!


Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


9. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


"5" - тест тапсырмасы бойынша 9-10 сұраққа жауап берген және формуланы орынды қолдана біліп, қорыта біліп, есепті толық шығарған оқушыға қойылады.

"4" - тест тапсырмасы бойынша 7-8 сұраққа жауап берген және есепті шығару барысында шамалы кемшілігі бар оқушыға қойылады.

"3" - тест тапсырмасы бойынша 5-6 сұраққа жауап берген және есепті шығару барысында біршама қателіктер жіберген оқушыға қойылады.

10. Үй тапсырмасы-5 минут:

§ 17 (6-9 жат.)

11. Сабақтың аяқталуын хабарлау:Құрметтіоқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.


© 2010-2022