Реакция типі: орынбасу, алмасу

Раздел Химия
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Реакция типі : орынбасу, алмасуКүні : 16.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері: орынбасу, алмасу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға химиялық реакция типтерін түсіндіре отырып, реакция теңдеуін жаза білуге үйрету.
2.Дамытушылығы: оқушылардың қызығушылығы,ынтасы ,қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
3 .Тәрбиелілігі:.Топпен жұмыс жасай білуге, бірін-бірі сыйлауға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: интерактивті тақта,электронды оқулық, А-3 қағаздар, маркерлер, кеспелер.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, қарапайымнан күрделіге келу,АҚТ, диалогтық оқыту, топпен жұмыс, есептер шығару.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу; түгелдеу.

2.Кабинеттің сабаққа даярлығын тексеру;

3.Сыныпты 4 топқа бөліп отырғызамыз. Топ басшыларынан топтың сабаққа дайындығы туралы мәлімет сұраймыз.

ІІ.Негізгі білімді жүйелеу.

Үй тапсырмасын тексеру және қайталау мақсатында, 4 - топқа мынадай тапсырмалар береміз.Алма ағашына реакция теңдеуі жазылған стикерлерді алып реакция теңдеуін анықтау.

  • 2Cu + O2 = CuO

  • 2H2O = 2H2 + O2

  • N2 + 3H2 =2NH3

  • Li+O2=Li2O

  • CH4=C+2H2

  • 4K+O2=2K2O

  • 2ZnO=2Zn+O2

  • 2AgI=Ag+I2

  • 3Al+2S=Al2S3

  • 2Fe+3Cl2=2FeCl3

  • 2Ag+Cl2=2AgCl

  • 2Na+Cl2=2NaCl

Осы жазылған реакция теңдеулердін ұқсастықтары бойынша біріктіріңдер.

  1. Осы реакция теңдеулерінің ішінде қосылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?

  2. Осы реакция теңдеулерінің ішінде айырылу реакциясына қайсысын жатқызған болар едіңдер. Анықтама бере аласыңдар ма?

II.Мағынаны тану.

Орынбасу реакциясы

  • Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция

Zn + 2 HCl = ZnCl2 + H2

Fe+CuCl2=Cu+FeCl2
Алмасу реакциясы

  • Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар бірінің орнын бірі басуы

арқылы жүретін реакция

CuO + HCl =CuCl2 + H2O

CuO+H2SO4=CuSO4+H2O

Fe2O3+6HNO3=2Fe(NO3)3+3H2O

Тәжірибені топпен ақылдасып, реакция теңдеуін жазып, қандай реакция типін көрсетеді .

Тәжірибе-1

Темір шегені мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісіне саламыз. Темір шеге мыспен капталады.Реакция теңдеуін жаз.

Тәжірибе-2

Барий хлориді (ВаСl2) ерітіндісіне аргентум нитраты (AgNO3) ерітіндісін құйсақ , аргентум хлориді( AgCl) ақ тұнба және барий нитраты (Ba(NO3)2) түзіледі .Реакция теңдеуін жаз.

Сабақ басында берілген тапсырманы қайтадан алып, топтарға жіктейді. Бір- бірлерінің қателерін түзейді.

ІV. Поштаға хат келді.

Ақ түсті , суда жақсы еритін тәтті дәмді зат, ол- жүзімі қанты деп аталады. Жеміс- жидектерде кездеседі. Адамның қанында 0,1 % болады. Қатты ауырған кезде, операциядан кейін жасанды жолмен тамақтандырғанда қолданады.Кондитерлік мақсатта пайдаланады.Ол қандай зат. Атын тауып реакция теңдеуін теңестіру .(Глюкоза)

фотосинтез

СО22О С6Н12О62

V.Бағалау.(Өз-өздерін бағалау)

V.Үй тапсырмасы

  • 19. 8,9 жаттығулар, 53-54 бет



© 2010-2022