Қысқа мерзімді жоспар: Тұздар гидролизі

Пән мұғалімі: Тауекелова С.Р.     Күні: 23.10.2013    Сыныбы: 9 «А»        Пәні: химия    Тақырыбы:  Тұздар гидролизі.. Сутектік көрсеткіш (рН) туралы түсінік, ағзадағы қышқылдық-негіздік баланс     Мақсаты: : электролиттік диссоциация тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттерін тереңдету және иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру. Міндеттері: -  тұздардың   белсенді металдармен, сілтілермен, қышқылдармен және өзара  әрекеттесу реакцияларының  толық және қысқартылған иондық теңдеулерін ...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4/15 сабақ жоспары

Пән мұғалімі: Тауекелова С.Р.

Күні: 23.10.2013

Сыныбы: 9 «А» Пәні: химия

Тақырыбы: Тұздар гидролизі.. Сутектік көрсеткіш (рН) туралы түсінік, ағзадағы қышқылдық-негіздік баланс

Мақсаты: : электролиттік диссоциация тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттерін тереңдету және иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру.

Міндеттері:

- тұздардың белсенді металдармен, сілтілермен, қышқылдармен және өзара әрекеттесу реакцияларының толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазу дағдысын қалыптастыру;

- тұздар жөнінде нақты химиялық білім қалыптастыру және оны өмірде қолдана білу;

- әртүрлі класс заттарының генетикалық туыстығын жинақтап, салыстыру арқылы шығармашылық ойлауын дамыту.

Қолданылған модульдер: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», оқытуда АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, диалогтік оқыту

Стратегиялар: «Жүректен жүрекке», «Өрмекші торы», «Миға шабуыл», «Инсерт», «Жұптас-ойлан-бөліс», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Білдім. Білгім келеді. Үйрендім»

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут


І. Кіріспе.

«Өрмекші торы»

Мақсаты: өзін емін-еркін сезінетін жағдайдаі өткен тақырыпты қайталай отырып, меңгерген, өзіне қызықты болған материалдарды есіне түсіреді және күмән тудырған мәселелелер, өзін мазалаған сұрақтар бойынша қосымша мәлімет аладыру.

Топқа бөлу.

Мақсаты:

тұлғааралық қарым-қатынасты құрғызу

Оқушыларды орнынан тұрғызып,шеңбер құрып,жақсы тілектерін айтқызады.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады

Оқушылар үстелден топ аттары жазылған қима қағаздарды алып, өз топтарына орналасады

Оқушылар бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Оқушылар «Хлоридтер», «Сульфаттар», «Карбонаттар» және «Нитраттар» тобына бөлінеді.


Ауызша бағалау:

Жақсы!


Қима қағаздар, тақырыптық сұрақтар, жіп шумағы

5 минут


ІІ. Тұсаукесер

Қызығушылықты ояту.

Мақсаты: оқушының ой ұшқырлығын ашу

Оқушыларға интерактивті тақтадан бейнеролик көрсетіледі.

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен тұздардың түстері әр түрлі (қызыл , көк, күлгін )түстерге өзгерді?

Себебі?.......

Оқушыларға сабақтың мақсатын ашуға түрткі сұрақтар қойылу арқылы, сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Бейнероликтен тұздардың түстерінің өзгергендігін байқайды

Оқушылар әр түрлі ойларын айтады.


Ауызша бағалау:

«Жарайсыңдар!»


Интерактивті тақта

. 20 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

«Инсерт» әдісі Мақсаты: мәтінді түсініп оқи отырып, мағынасы түсініксіз сөздерді табу, талдау жасау

Оқушыларға оқу алдында: тапсырма беремін:

- оқу кезінде сіз қосымша жұмыс жасауыңыз қажет болады. Оқи отырып, химия 9, 158-беттегі «Тұздар гидролизіі» мәтінінің шетіндегі ашық жерге белгі қойып отырасыз. Белгілер төмендегідей (тақтаға ілемін және ол сабақ соңына дейін сақталады).

Белгілер төмендегідей :

«V» - егер сіздің оқып отырғаныңыз , сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса мәтіннің шетіне «V» (қанат ) белгісін қоясыз.

« - » - егер оқып отырған ақпарат, сіздің білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса , онда « - » (алу) белгісін қоясыз .

« + » - егер алынған ақпарат, сіз үшін жаңа , бұрын естілмеген болса, онда « + » (қосу) белгісін қоясыз.

« ?» - егер ақпарат, сіз үшін күдікті , немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе , онда « ? » (сұрақ ) белгісін қоясыз.

Сонымен оқу кезіндегі мәтіннің шетіне сіз біліміңізге және түсінігіңізге сәйкес төрт белгі қоясыз .

Тұздар гидролизі тақырыбын өздері оқып, жұптаса, топтаса отырып, белсенді әрекет жасайды. Оқушылар түсініксіз сөздерді жазып алады.

Оқып-түсінгендерін зертханалық жұмыспен салыстыра арқылы тұздардың түстерінің өзгеру себебін дәлелдейді.

Шағын топтан бір оқушы шығып, жұмысты қорғайды.

Ауызша бағалау:

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Инсерт кестесі:

v-білемін

- -мен білген ақпаратпен сәйкес емес

+-жаңа ақпарат мені таңқалдырды

?-мені таңқалдырды

6 минут

ІV.Қорытынды

«ББҮ»

Мақсаты: кері байланыс жасату арқылы оқушылар нақты нені үйреніп, нені білгендерін анықтау

Тұздар гидролизі төңірегінде көп нәрсе ортаға салынды. Енді әр топ өз бағалаларың мен ұсыныстарыңды топта талқылап, ойларыңды білдіріңдер.

Топта талқылап, ортақ пікірге келген соң, әр топтан бір оқушы топтың ойын айтады. Стикерлер арқылы сабақтан алған екі жақсы әсерін, бір ұсынысын жазады.

Топта талқылайды. «Үйрендім» бағанын толтыра бастайды.

Не білетіндерін ойға түсіреді, сабақта не үйренгендерін түйіндейді, нені білмейтіндерін анықтайды.

Ынталандырушы:

Өте жақсы!

Флипчарт, маркерлер

9 минут

«Тест жұмысы» Мақсаты: оқушыларды бағалау

Рефлексия «Бүгін сабақтың соңында қандай сезімде

болдым ?»

Тест тапсырмаларын орындату.

Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.


Қандай сезімде болғанын стикерлерге жазады, тақтаға іледі.

Жиынтық бағалау:

Тест жұмысы

Тест тапсырмалары


«Блоф» кестесі.

Мақсаты: оқушылардың

Оқушылар «Блоф кестесіне» өздерін қай деңгейде көретіндігін көрсетеді.

«Блоф кестесі» парақшалары


© 2010-2022